Сәулет, қала құрылысы және құрылыс



Pdf көрінісі
бет68/155
Дата03.01.2022
өлшемі1.86 Mb.
#451718
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   155
ПОЖАРНАЯ АВТОМАТИКА ЗДАНИЙ И

 
ҚР ҚН 2.02-02-2012 
                                                   
 
 
40 
д) сорғыларды жергілікті, қажеттілігіне қарай қашықтықтан іске қосу және сөндіру 
(спринклерлік жүйелерді қоспағанда); 
е) өрт  сөндіргіш  заттардың  және  сығылған  ауаның  құбырлардан  және 
гидропневматикалық  ыдыстардан  жылыстауларын  компенсациялау  құрылғыларымен 
автоматты және жергілікті басқару
ж) автоматты бақылау: 
- үзілуде электр жетегі бар жабу құрылғыларының электр тізбектерін
- басқару  түйіндерінің  іске  қосылуын  тіркейтін,  өрт  сорғыларының  автоматты  іске 
қосылуна  және  мөлшерлегіш  сорғылардың  үзілу  және  қысқа  тұйықталуына  пәрменді 
қалыптастыратын аспаптардың электр тізбектерін; 
з) жеке-жеке  сақтаған  кезде  резервуардағы,  дренажды  шұңқыршалардағы,  көбік 
түзеуіші бар ыдыстағы апатты деңгейді автоматты бақылау
и) гидропневматикалық бактегі қысымды автоматты бақылау
к) өрт сөндіру қондырғыларын іске қосудағы уақытша кідірту (қажеттілігіне қарай). 
18.2.2 Сорғы станциясының үй-жайында құрылғыларды орналастыру керек:  
- жергілікті  іске  қосу  және  сорғыларды  тоқтату  (кезекші  пост  үй-жайындағы  өрт 
сорғыларын іске қосуды және тоқтатуды жүзеге асыруға рұқсат етіледі); 
- компрессорды жергілікті іске қосу және тоқтату. 
18.2.3 Қорғалатын үй-жайға кіретін есіктердің алдында қондырғылардың автоматты 
іске қосылуын сөндіру туралы жарық дабылын қарастыру керек. 
18.2.4 Өрт  постының  үй-жайында  жалпы  талаптарға  қосымша  келесілер 
қарастырылуы керек: 
а) жарық және дыбыс дабылы: 
- сорғыларды іске қосу туралы
- өрт  сөндіргіш  зат  берілетін  бағыттар  бойынша  көрсету  арқылы  қондырғы 
жұмысының басталуы туралы (қысқа мерзімді дыбыс сигналын беру ұсынылады); 
- сорғыларды және қондырғыларды автоматты іске қосуды сөндіру туралы
- 18.1.1г),  18.2.1ж)  және  18.2.1и)  бойынша  қондырғылардың  ақаулары, 
қондырмаларды электрмен жабдықтаудың негізгі және резервтік енгізулеріндегі кернеудің 
жоғалуы  туралы,  электр  жетегі  бар  жабу  құрылғыларының  ысырмаларының  толық 
ашылуының  оларды  ашуға  пәрмен  беру  тәртiпінде  жоқ  болуы,  жабу  құрылғыларының 
электрмен басқару тізбектерінің ақаулықтары туралы, суды рұқсат етілген деңгейден және 
ауа қысымын төмен түсіру туралы (жалпы дыбыс сигналы); 
- өрт  резервуарындағы,  көбік  түзегіші  бар  ыдыстағы,  дренажды  шұңқыршалардағы 
апатты деңгей туралы (жалпы сигнал); 
б) электр жетегі бар ысырмалар күйі туралы жарық дабылы (ашық, жабық). 
18.2.5 Сорғы станциясының үй-жайында жарық дабылын қарастыру керек: 
а) электрмен жабдықтаудың негізгі және резервтік енгізулеріндегі  кернеудің болуы 
туралы; 
б) өрт  сорғыларының,  мөлшерлегіш  сорғылардың,  дренажды  сорғының  автоматты 
іске қосылуын сөндіру туралы
в) басқару тізбектерінің іске қосылуын тіркейтін және қондырғылардың және жабу 
құрылғыларының қосылуына пәрмен беретін аспаптардың электр тізбектеріндегі ақаулар 
туралы (бағыттары бойынша анықтау арқылы); 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   155




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет