20 ӨРТ АВТОМАТИКАНЫ ЭЛЕКТРМЕН ЖАБДЫҚТАУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ҚАУІПСІЗДІК ТАЛАПТАРЫ 20.1 Өрт автоматиканың электр қабылдағыштарын (бұдан әрі – электр
қабылдағыштар) электрмен жабдықтау сенімділігін қамтамасыз ету деңгейі бойынша
электрмен жабдықтау сенімділігінің ІІІ дәрежесіне жататын компрессор, дренажды және
көбік түзушілердің сору сорғыларының электр қозғалтқыштарын, сондай-ақ 20.2 және
20.3 көрсетілген жағдайларды қоспағанда «Қазақстан Республикасының электр
қондырғыларын орнату ережелеріне» сәйкес сенімділіктің І дәрежесіне жатқызу керек.
20.2 Жергілікті шарттар бойынша электр қабылдағыштардың екі тәуелсіз көздерден
қоректендіруін жүзеге асыру мүмкіндіктері жоқ болған кезде олардың қоректенуін екі
трансформатты ішкі станцияның әртүрлі трансформаторларынан немесе әртүрлі
қоректендіруші желілерге қосылған, әртүрлі трассалар бойынша тартылған, резервті
автоматты енгізу құрылғысы бар жақын орналасқан бір трансформаторлық екі ішкі
станциядан жүзеге асыруға рұқсат етіледі.
20.3 Электрмен жабдықтаудың бір көзі бар болған кезде қоректендірудің резервті
көзі ретінде көрсетілген электр қабылдағыштардың үздіксіз қоректенуін кезекші тәртiпте
24 сағат ішінде және «Дабыл» тәртiпінде кемінде 3 сағатта (техникалық хабарландыру
құралдары үшән – кемінде 1 сағат) қамтамасыз ететін электрмен жабдықтау
құрылғыларының электр қабылдағыштарын қолдануға рұқсат етіледі.
20.4 Қосылатын автоматты технологиялық резерві бар (бір жұмысшы және бір
резервті сорғылар бар болған кезде) электрмен жабдықтау сенімділігінің І дәрежелі
автоматты өрт сөндіру қондырғыларының электр қабылдағыштары үшін резервті
автоматты енгізу құрылғысы талап етілмейді.
20.5 Сумен және көбікті өрт сөндіру қондырғыларында резервті қоректендіру
ретінде дизельді электр станцияларды қолдануға рұқсат етіледі.
20.6 Электрмен жабдықтау және резервті автоматты енгізу құрылғыларын электр
қабылдағыштардың жанына орталықтан шығарып орналастыру керек.
Электрмен жабдықтау құрылғыларын электр қабылдағыштар орнатылған үй-жай
шектерінен тыс немесе көрсетілген үй-жай шектеріндегі электр қабылдағыштардан 1 м
алыс арақашықтыққа орналастырған кезде қарастыру керек:
- желілердің біріндегі ақаулық кезінде үздіксіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз
ету арқылы электрмен жабдықтаудың екі желісі (негізгі және резервті) бойынша оларды
жалғау (17.3.1 бойынша электрмен жабдықтау құрылғыларын қоспағанда);
- электрмен жабдықтау құрылғыларының ақаулығы туралы өрт постына
хабарландыруды беру мүмкіндігі.
ЕСКЕРТПЕ Тұрғын және қоғамдық ғимараттарда түтінге қарсы қорғаныс жүйелерін
электрмен жабдықтау үшін резервті автоматты енгізу қондырғысын орталықтандырып
қарастыруға рұқсат етіледі. Бұл кезде ұзындығы 20 м астам шоғырсымдарды резервті автоматты
енгізуден бастап электр қабылдағыштарға дейін ашық тартуға тыйым салынады.
20.7 Электр қабылдағыштар резервті енгізуден қоректенген жағдайда қажеттілігіне
қарай нысанындағы электрмен жабдықтау сенімділігінің ІІ және ІІІ дәрежелі электр