Көру жүйесі
Вспомогательные органы
глаза
Көз алмасы
Көз алмасының
қабықшылары
Ішкі ядро
Көз алмасының б/е
Көз жас аппараты
Қабақ
Жас ағатын өзек
Көз жасының көлі
Көз жас безі
Фиброзды
қабықша
Қасаң
қабық
Склера
Торлы
қабықша
Тамырлы
қабықша
Нұрлы
қабықшы
Кірпікті
дене
Меншікті
Тамырлы
қабықша
Шыны тәріздес
дене
Көз бұршағы
Көз алмасының
сұйықтығы
Таяқшалар
Колбашалар
Көру талдағышының негізгі мүшесі – көз алмасы. Ол бас сүйектің алдыңғы жағындағы екі ойықта – көз шарасында, орналасқан. Көру мүшесі оптикалық, фоторецепциялық жүйелерден және қосымша қорғағыш аппараттан құралады. Көз алмасы шар пішінді құрылым. Онын алдына қарай шығыңқы келген бөлігін көздің алдынғы полюсі, ал артқы жағын – артқы полюсі деп атайды. Сырт жағынан көз алмасы үш қабықпен қапталған. Ең сыртқы фибриозды қабық – ақ қабық, ортаңғы -тамырлы қабық, және ішкі – торлы қабық.
1 — қасаң қабық; 2 — көз алмасының алдыңғы камерасы; 3 — нұрлы қабықша; 4 — көз алмасының артқы камерасы; 5 — көз бұршағы; 6 — кірпікті дене; 7 — конъюнктива; 8 — кірпікті дене; 9 — көздің шеткі тік б/е; 10 — көздің ішкі тік б/е; 11 — меншікті тамырлы қабықша; 12 — шыны тәрізді дене; 13 — склера; 14 —торлы қабықша; 15 — көру жүйкесігнің дискісі; 16 — кру жүйкесі
Көз
Сыртқы қабықтың алдыңғы бөлігін қасаң қабық(роговица);cornea, деп атайды. Ол түссіз, мөлдір, дөңгелек, дөңес, сағат әйнегіне ұқсас келеді. Қасаң қабық арқылы көздің ішіне жарық сәулесі созылып өткізіледі. Осы фиброзды қабықтың артқы бөлігін ақ қабық , sclera деп атайды. Ақ қабық көз алмасының артқы жағынан шыққан көру жүйкесінің сыртын қаптап, нерв қабын түзеді. Ақ қабықты астарлай тамырлы қабық tunica vasculosa орналасады. Бұл қабатта көзді қоректендіретін кан тамырлары орын тебеді. Тамырлы қабықтың қасаң қабықты астарлай орналасқан алдыңғы бөлігін нұрлы қабық ,iris деп атайды. Көздің түсі осы нұрлы қабықтағы бояғыштарға (пигменттерге) байланысты болады. Нұрлы қабықтың ортасында қарашық деп аталатын тесік болады. Ол арқылы жарық сәулесі көздің ішіне өтіп, торлы қабыққа жетеді. Нұрлы кабықта сақиналы және сәулелі бағытта орналасқан ет талшыктары болады. Сақиналы еттер жиырылғанда көз қарашығы тарылады, сәулелі еттер жиырылғанда – ол кеңейеді. Осының нәтижесінде көз алмасының ішіне өтетін жарық сәулесінің шоғыры көбейіп, не азайып отырады да, көз жарық күшіне бейімделеді – көз адаптациясы жүреді.
Достарыңызбен бөлісу: |