1 — жоғарғы тік б/е; 2 — жоғарғы қиғаш б/е; 3 — шеткі тік б/е; 4 — қасаң қабық; 5 — конъюнктива; 6 — қарашық; 7 — медиалды тік б/е; 8 — төменгі тік б/е
Көз бұлшықеттері
Қарашықтың артында екі беті дөңес линза пішінді мөлдір дене -көз бұршағы орналасады. Ол сыртынан белдемшелі жұқа қабықпен капталады. Қабық белдеміне циннов байламы бекиді. Бұл байлам тамырлы қабықтың құрылымы – кірпекше еттермен жалғасады. Кірпікшелі дененің жиырылуы нәтижесінде көз бұршағының пішіні өзгеріп, ол не қабысып, не дөңестеліп отырады. Қасаң қабық пен көз қарашығының арасындағы қуысты көздің алдыңгы камерасы, ал қарашық пен көз бұршағы арасындағы қуысты – көздің артқы камерасы деп атайды. Бұл камералар мөлдір сұйықпен – шылауықпен толған. Көз алмасының көз бұршағының артында жатқан қуысын шыны тәрізді дене деп аталатын түссіз, мөлдір, қоймалжың сүйық зат толтырып тұрады. Аталған құрылымдар – қасаң қабық, шылауық, көз бұршағы және шыны тәрізді дене, – көздің оптикалық, немесе сындырушы жүйесі, деп аталады. Оптикалық жүйе, әсіресе көз бұршағы, көздің әртүрлі қашықтықтан айқын көруге бейімделуін – аккомодация үрдісін, – қамтамасыз етеді.
Торлы қабықта жарық сезгіш рецепторлар – таяқшалар мен сауытшалар орналасады, сондықтан оны жарық сезгіш, немесе фоторецепциялық, бөлім деп атайды. Торлы қабықтың құрылымы өте күрделі, ол 10 қабаттан түрады. Оның, тамырлы қабықпен жанасатын сыртқы қабатын пигментті жасушалар түзеді. Бұл жасушалар құрамында жарықтың шағылысуына мүмкіндік бермейтін фусцин деген пигмент болады. Көзге тым күшті жарық түссе, пигмент дәндері эпителиальдық жасушалардан олардың өсінділеріне ығысып, таяқшалар мен сауытшаларды күшті жарықтан калқалайды.
Түнгі тіршілікке бейімделген жануарларда пигментті жасушалар мен фоторецепторлар арасында ерекше кристалдан, немесе талшықтан құралған жарықты кері шағылыстыратын қабат болады. Жарықтың кері шағылысуы нәтижесінде жарық түскенде түнгі жануарлар көзі жарқырап тұрады. Осыдан фоторецепторларға тікелей түскен сәуле ғана емес, шағылысқан сәуле де әсер етіп, олардың қараңғыда жарықты сезіну мүмкіндігі артады. Кейбір жануарлардың (сиыр, жылқы, мысық) қараңғыда көзі жарқырап тұрады. Бұл көздің түбінде, тамырлы қабықтың алдында ерекше шағылдырғыш жарғақтың (тапетум) болуына байланысты. Аталған жарғақ күміс кристалдар сіңген талшықтардан құралады да, көзге түскен жарықты кері шағылыстырады. Торлы қабықтың келесі қабаты таяқшалар мен сауытшалардан құралады. Сауытшалар күндізгі көру аппараты, олар күшті жарқыраған жарықпен ғана тітіркенеді, ал таяқшалар түнгі көру аппараты, олар әлсіз, қарауытқан сәулелердің әсерімен тітіркенеді. Таяқшалардың жалпы саны 130 млн., сауытшалар саны 9 млн. Үй құстарында (тауық, үйрек) сауытшалар көп болады. Торлы қабықтың ортаңғы бөлімінде сауытшалар, ал шет жағында таяқшалар көбірек шоғырланады. Фоторецепторлар екі буыннан – ішкі жөне сыртқы, – тұрады. Сыртқы, пигментті қабатқа жақын орналасқан буында жарыққа сезімтал көру пигменті болады, ал ішкі буында жасушалардағы қуат алмасуын қамтамасыз ететін ядро мен митохондриялар орналасады. Фоторецепторлар буындары бір-бірінен мембранамен бөлінеді. Бұл мембрана арқылы 16-18 жіңішке жіпшелерден – фибриллалардан, құралған шоғыр өтеді. Ішкі буыннан өсіңділер басталады. Олар арқылы қозу фоторецепторлардан олармен түйісетін қос өрісті (биполярлы) жасушаларға беріледі.
1 — қас; 2 — үстіңгі қабақ; 3 --- кірпіктер; 4 — көз-жас безі; 5 — жас емізікшесі; 6 — жас нүктесі; 7 — көз жас көлі; 8 — көз жас қоймасы; 9 — төменгі қабақ; 10 көз жас өзегі; 11 — мұрынның жас ағатын өзегі
Достарыңызбен бөлісу: |