Сезімтал организм


"патогендік биологиялық агенттермен жұмыс жасайтын маман"ұғымын түсіндіріңіз



бет20/25
Дата30.11.2023
өлшемі1.17 Mb.
#484994
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
1 рк биобез

38. "патогендік биологиялық агенттермен жұмыс жасайтын маман"ұғымын түсіндіріңіз.
патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын маман – техникалық және кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі және (немесе) жоғары және (немесе) жоғары білімнен кейінгі білімі және (немесе) ғылыми дәрежесі бар және белгіленген тәртіппен патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге жіберілген жеке тұлға.
патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу процесі құрамында патогенді биологиялық агенттер болуы мүмкін заттар мен материалдарды, оның ішінде табиғи ортаның жекелеген компоненттерінен, аса қауіпті инфекциялық және (немесе) паразиттік ауруларды жұқтырғыштар мен тасымалдаушылардан іріктеу мен зерттеу арқылы жүзеге асырылатын оларды табуды қамтиды.


39. фармацевтикалық өндірістегі (еаэо) нормативтік құжаттарды атаңыз және сипаттаңыз).
"халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" қр кодексі (2020 жылғы 7 шілдедегі) .
• gxp стандарттары (қр дсәдм n15 бұйрығы).
• қр мемлекеттік фармакопеясы 3 томдық.
• "еуразиялық экономикалық одақтың тиісті өндірістік практикасының қағидаларын бекіту туралы" еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2016 жылғы 3 қарашадағы n77 шешімі.
қазақстан республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы қр заңы 2022 жылғы 21 мамырдағы n 122-vii қрз.
осы заң қр биологиялық қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік реттеудің қҧқықтық негіздерін айқындайды және биологиялық қатерлердің алдын алуға бағытталған.
қр дсм 2021 жылғы 9 ақпандағы n16 бұйрығы дәрілік затты немесе медициналық бұйымды мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және оның тіркеу дерекнамасына өзгерістер енгізу қағидаларын бекіту туралы. дәрілік заттардың сапасы мен қауіпсіздігін бақылау жөніндегі нормативтік құжат– дәрілік заттардың сапасына, сондай-ақ қауіпсіздігі мен сапасының бірдей параметрлерін қамтамасыз ететін оны анықтау әдістемелеріне қойылатын талаптар кешенін белгілейтін құжат.


40. "патогендік биологиялық агенттермен жұмыс жасайтын субъект"ұғымын түсіндіріңіз.
патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын субъект –белгіленген тәртіппен және шарттарда патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын заңды тұлға.
патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын субъектілер:
1) патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсатты және оған қосымшаны алуға;
2) биологиялық қауіпсіздік саласындағы талаптарды сақтауға;
3) сәйкестікті бағалау саласында аккредиттеу рәсімінен өтуге;
4) қол жетімділігі шектеулі ақпаратпен жұмыс істеу кезінде қр заңнамасының талаптарын сақтауға;
5) биологиялық қауіпсіздік саласындағы есепке алуды, мониторингтеуді жүргізу қағидаларына сәйкес биологиялық қауіпсіздік саласындағы статистикалық ақпаратты беруге;
6) ықтимал қауіпті биологиялық объектілердің биологиялық қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға;
7) патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеудің барлық сатысында олармен қауіпсіз жұмыс істелуін бақылауды жүзеге асыруға;
8) биологиялық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органға, осы заңның 10-бабында көрсетілген мемлекеттік органдарға биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша жәрдемдесуге;
9) патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу процесіндегі авариялар, жұмыскерлердің инфекциялық ауруларды жұқтыру фактілері туралы дереу хабар беруге міндетті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет