Сезімтал организм


Қалдықтардың классификациясы келесі белгілер бойынша айқындалады



бет22/25
Дата30.11.2023
өлшемі1.17 Mb.
#484994
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
1 рк биобез

42 Қалдықтардың классификациясы келесі белгілер бойынша айқындалады: 

  • қалдық түзілу орны (өндіріс саласына байланысты);

  • өндіріс циклінің кезеңі;

  • қалдық түрі;

  • қоршаған ортаға және адамға зиянды әсері;

  • қолдану бағыты;

  • қолданыс эффектісі;

  • утильдеу технологиясының қаншалықты қарастырылып, зерттелгені.

 Отандық стандарт бойынша «Зиянды заттар классификациясы және ортақ қауіпсіздік талаптары», барлық өндіріс қалдықтары қауіптілігі бойынша 4 классқа жіктеледі: бірінші классқа – аса қауіпті, екінші классқа – жоғары қауіпті, үшінші классқа – орташа қауіпті, ал төртінші классқа –қауіптілігі аз қалдықтар жатады.
Егер де қалдықтарда сынап, калий хлорқышқылы, үшхлорлы сурьма, мышьяк оксиді және басқа да улы заттар болса, олар бірінші классқа жатқызылады.
Хлорлы никель, хлорлы медь болатын болса екінші классқа жатады.
 Классификациялардың негізінде орталық жинақтау схемалары жасалады, оларды екінші ретті пайдалануға асыру және ол қалдықтардың қоршаған ортаға зиянды әсерін болдырмауы қарастырылады. Барлық қатты өндірістік қалдықтарды 2 түрге бөлеміз :
1 улы қалдықтар
2 улы емес қалдықтар 
Улы қалдықтар өзі бірнеше топқа жіктеледі, олардың кейбіреулері төменде көрсетілген:

  • құрамында мышьягы бар органикалық емес қатты қалдықтар және шламдар, сынабы бар қалдықтар, құрамында: қорғасын, цинк, сурьма, висмут,кобальт және т.б. қалдықтар;

  • құрамында фосфор және фторы бар қалдықтар мен шламдар, қолданысқа жарамайтын және тыйым салынған пестицидтер;

  • гальваникалық өндіріс қалдықтары;

  • мұнайхимия және мұнайөңдеудегі қалдықтар;

  • хромқұрамды қалдықтар,шламдар,темір карбонильдері бар қалдықтар.

  • Улы қалдықтарды жиюдың, жинақтаудың, зиянсыздандырудың және көмудің тәсілдері мен тәртібі химиялық заттардың қауіптілік класын ескере отырып жүзеге асырылуы тиіс, сонымен бірге жұмысшылардың қауіпсіздігін, қоршаған территорияның ластануын болдырмауды және қамтамасыз етуі керек. 

  • Құрамында улы заттары бар қатты қалдықтарды қоймада ұстауға, сонымен қатар өндіріс алаңдарында шламды жинағыштарды және шлам жиналуын орналастыруға рұқсат етілмейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет