Сезімтал организм


Биологиялық қауіпсіздік саласындағы есепке алуды, мониторингтеуді жүргізу және болжау (модельдеу) қағидалары



бет21/25
Дата30.11.2023
өлшемі1.17 Mb.
#484994
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
1 рк биобез

41 Биологиялық қауіпсіздік саласындағы есепке алуды, мониторингтеуді жүргізу және болжау (модельдеу) қағидалары
Биологиялық қауіпсіздік саласындағы есепке алу тәртібі
2. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы есепке алу:
1) патогенді биологиялық агенттермен (бұдан әрі – ПБА) жұмыс істеуді жүзеге асыратын субъектілерге;
2) ықтимал қауіпті биологиялық объектілерге (бұдан әрі – ЫҚБО);
3) ПБА-мен жұмыс істеуге;
4) ПБА-мен жұмысты жүзеге асыратын мамандарға және көмекші персоналға, оның ішінде олардың біліктілігіне және ПБА-мен жұмыс істеуге рұқсат беруге;
5) зерттелетін ықтимал қауіпті заттар мен материалдарға, оның ішінде адамдардан және табиғи орта компоненттерінен (жануарлар, өсімдіктер, су, топырақ, ауа) бөлінген ықтимал қауіпті заттар мен материалдарға;
6) Қазақстан Республикасының аумағында адамдардың, жануарлар мен өсімдіктердің инфекциялық және (немесе) паразиттік ауруларының, оның ішінде әкелінген жағдайлардың туындауына және таралуына;
 7) шетел мемлекеттерінің іргелес аумағындағы эпидемиялық және эпизоотиялық ахуалға;
8) инфекциялық және (немесе) паразиттік аурулардың табиғи ошақтарына, оның ішінде стационарлық қолайсыз пункттерге, эпизоотиялық ошақтарға, сондай-ақ инфекциялық және (немесе) паразиттік аурулардың ошақтарына;
9) инфекциялық және (немесе) паразиттік аурулар ошақтарындағы эпидемияға қарсы, эпизоотияға қарсы және профилактикалық іс-шараларға;
10) иммундық-биологиялық, дәрілік, диагностикалық және ветеринариялық препараттарды, оның ішінде олардың азаймайтын республикалық қорын өндіруге және олардың қозғалысына;
11) ПБА-мен жұмыс істеуді жүзеге асыратын субъектілердің (бұдан әрі – субъект) қызметін мемлекеттік бақылау мен қадағалау нәтижелеріне;
12) коллекциялық қызметке; 13) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтетін адамдарға, көлік құралдарына және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағындағы бақылаудағы өнімдерге (тауарларға) қатысты жүргізіледі.
Биологиялық қауіпсіздік саласындағы мониторингтеу тәртібі
27. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы мониторинг (бұдан әрі – мониторинг) деп олардың жай-күйін бағалау және қауіпті биологиялық факторлар әсерінің теріс салдарларының туындау ықтималдығын азайту жөнінде тиісті шаралар қабылдау үшін санитариялық-эпидемиялық, эпизоотиялық, эпифитотиялық ахуалды бақылау (қадағалау) жүйесі және (немесе) процесі түсіндіріледі.
28. Осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдар, олардың аумақтық бөлімшелері және (немесе) ведомстволық бағынысты ұйымдары осы Қағидалардың 2-тармағында көзделген есепке алу шеңберінде жинақталған және қорытындыланған мәліметтерге тұрақты негізде (серпінде) мониторингті жүзеге асырады.
29. Мониторинг:
1) уақыт және кеңістік мәнмәтіндеріндегі эпидемиялық, эпизоотиялық, эпифитотиялық ахуал серпінінде биологиялық қауіпсіздік саласындағы ақпаратты (құжаттаманы) салыстыру және бағалау;
2) инфекциялық және (немесе) паразиттік аурулардың табиғи ошақтарын, оның ішінде стационарлық қолайсыз пункттерді, эпизоотиялық ошақтарды, сондай-ақ инфекциялық және (немесе) паразиттік аурулардың ошақтарын, оның ішінде халықаралық ынтымақтастық шеңберінде зерттеп-қарау;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет