Беткей және терең сезімталдықтың жолдары СЕЗІМТАЛДЫҚ БҰЗЫЛЫСЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ Сандық түрі:
Анестезия – сезімталдықтың жоғалуы
Гипестезия – сезімталдықтың төмендеуі
Гиперестезия – сезімталдықтың жоғарылауы
Сапалық түрі:
Дизестезия
– тiтiркенiстi терiс сезiну (жай тигiзудi
ауырсынып сезiну, ыстықты-суық тәрiздi т.б.).
Аллохейрия
– тiтiркендiргiш түйiскен тұстан емес,
соған
қарсы
дененің
симметриялы
бөлігінде
жанасқандай сезiнiлуi.
Полистезия
–
жеке тiтiркенiстердiң әрқайсысы
бiрнеше тiтiркенiс ретiнде сезiлуi.
Ауырсыну Ауырсынудан және оған алып келген
алуан
түрлілігімен
ерекшеленетін
себептерден
басқа
клиникалық
медицинада жиі кездесетін симптомдар
аз. Ауырсыну ол бастан өмірде маңызы
зор биологиялық феномен болып
табылады.
Ауырсынудың түрлері Жергілікті – ауырсыну тітіркендіргішінің түйіскен тұсында
сезілуі
Проекциялық ауырсынулар – дененiң белгiлi бiр аймағын
иннервациялайтын жүйке бағанасының тiтiркенуiне байланысты,
сол аймақтағы ауырсынулар. Бұл түрге фантомды ауырсынулар да
жатады - аяқ-қолдарына ампутация жасалған адамдарда кесiлiп
алынып тасталған бөлiгiнде ауырсыну иллюзиясы
Иррадиацияланатын ауырсыну –– тiтiркендiрудiң жүйкенiң бiр
бұтағынан келесi бұтағына жайылуы (бiр тiстiң пульпитi болғанда
екi жақ сүйектерiнде ауырсыну).
Бейнеленген ауырсыну – ішкі ағзалардың ауруларында
тітіркенудің иррадиациясы (стенокардия кезінде қол мен жауырын
астында ауырсыну, Захарьин-Гед аймақтары).
Ауырсыну симптомдарының iшiнде жүйке бағандары мен жұлын
түбiршiктерi зақымдалғанда керу (натяжение) симптомдары
маңызды орын алады. Олар – Лассег, Нери, Секар, Мацкевич,
Вассерман симптомдары.
Сезімталдық бұзылысының типтері I - шеткерілік тип (сырт нерв жүйесі)