Сезімталдык бұзылуының синдромдары. Көру, есту бұзылыстардың сипаттамасы


Адамда 5 сезім мүшелері бар, оларға



бет4/4
Дата15.02.2024
өлшемі0.72 Mb.
#491907
1   2   3   4
Көру, есту бұзылыстардың сипаттамасы.

Адамда 5 сезім мүшелері бар, оларға:
көру мүшесі - көз,
есту мүшесі - құлақ,
дәм сезу мүшесі - тіл,
иіс сезу мүшесі - мұрын,
сипап сезу мүшесі - тері жатады.
Көру гигиенасы
Көру гигиенасының талаптары:
- Кітапты оқығанда, қағазды жазғанда баланың көзі мен қағаз аралығы 35-40 см болуы тиіс.
Ең тиімдісі 37 см; баланың жұмыс орнының жарығы дұрыс қосылуға тиіс. Ең тиімді жарық мөлшері
150-300 люкс шамасында. Жарық баланың сол жағынан немесе үстінен және алдына қарай сол
жақтан орналасуы қажет. Жарық сәулелерінің әсері баланың көзіне тура түспеуі керек. Жарық
көздерінің сыртында жарық сәулелерін шашатын сәуле сейілдіргіштері, айталық, плафон, абажур
болуы тиіс.
- Үстелде, партада бала дұрыс отыруы керек;
- Жүріп келе жатқан көлікте кітап оқуға болмайды.
- Теледидар көрсетулерін қарағанда ең кемінде 2,5-3 м қашықта отырған
жөн (теледидардың экраны 62 см болғанда).
- Баланың жасына лайық жазу, оқу еңбектерінің, теледидарды қарау ұзақтығын, әсіресе
көзге күш түсіретін еңбектің түрлерін, олардың ұзақтығын мұқият қадағалаған жөн.
- Баланың жасына лайық кітап оқу ұзақтығын сақтау:
6-7 жаста – 10 минөт,
7-10 жаста – 15 минөт,
10-12 жаста – 20 минөт,
12-15 жаста – 25 минөт,
15-18 жаста – 30 минөт, яғни осы көрсетілген уақыттан соң аз да болса, көзді демалдырып
отыру қажет немесе көз талмайтын жұмыс пен айналысқан жөн.
Есту гигиенасы
Есту анализаторының қызметіне қажетті тиімді жағдайларды есту гигиенасы зерттейді. Адам
ағзасына әсер етуші шудың ықпалын азайтып, есту қабілетін ұзақ мерзім жоғары дәрежеде сақтап
қалу үшін бала кезден бастап есту гигиенасының талаптарын дұрыс орындап отыру керек. Айқай-
шу есту анализаторына 2 түрлі әсер етеді: құлақ тың дыбыс өткізуші мүшелерінің қызметін бұзады
және орталық жүйке жүйесіндегі есту орталықтарының қызметін нашарлатады. Қатты айқай,
айталық 90 децибел шамасындағы, есту қабілетіне ғана әсер етіп қоймай, ас қорыту, жүрек-
қантамырлар жүйелерінің ішкі секрециялық бездердің қызметін бұзады, жалпы жүйке жүйесін
тоздырады. 4-5 жыл бойы 120 децибел шуда еңбек еткен адамның жүйке жүйесінде кемшіліктер
пайда болады: ұйқысы бұзылады, басы ауырады, ішкі секреция бездерінің қызметі нашарлап, зат
алмасуы әлсірейді, тез қозғыш, ашуланшақ болады, қанның қысымы артады, есту қабілеті төмендеп,
мамандығына байланысты кереңдік пайда болады. Мысалы, тракторшының басы ауырып, дыбыс
жүйкелерінің қабынуы пайда болады. Тіпті 6 сағат бойы 90 децибелдік шуда болғанның өзінде есту
қабілеті шүғыл төмендейді (90 децибелдік шу – көлік ағылып жатқан көшенің шуына барабар).
Есту кемшіліктерінің алдын алу үшін дыбыс гигиенасының талаптарын орындау қажет.
Әсіресе мектепте гигиеналық талаптарды сақтаудың маңызы зор. Мектептегі шуды азайту үшін
оның ауласының көше жақ бетіндегі жерді қорғаныс аймағына айналдырып, оған 5 қатар ағаштар
мен бұталар отырғызады. Жапырақты биік ағаштар мен бұталар сыныпқа көшеден келетін шудың
мөлшерін 1,5-2 есе азайтады. Қауіпсіздік аймағының ені 6 метрден, мектеп үйінің көлік жолынан
қашықтығы 25 метрден кем болмауы тиіс. Гигиеналық талапқа сай сынып кабинеттерінің есігі тығыз
жабылса, бөлмеге кіретін шудың мөлшері 5-7 децибелге азаяды.
Есту қабілеті төмен оқушыларды алдыңғы қатардағы парталарға отырғызған жөн. Мектеп
үйінің шулы бөлмелерін, айталық спорт залы, шеберханалар негізгі оқу бөлмелерінен бөлек әрі алыс
орналастырылады. Олардың қабырғасын қалың, есігін шу шығармайтындай етіп орнату керек.
Балалар жұмыс істеп жатқан шеберханаларда, шулы жерлерде әр 30-50 минөт сайын 10-15 минөтке
созылатын үзіліс жасау керек

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет