Сүңгуір жұмыстары кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары


Сүңгуірлер жарақтарын кезеңді байқау және тексеру мен төмен түсіру және жұмыстарды қамтамасыз ету құралдары



бет9/17
Дата13.06.2016
өлшемі2.56 Mb.
#131217
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17

Сүңгуірлер жарақтарын кезеңді байқау және тексеру мен төмен түсіру және жұмыстарды қамтамасыз ету құралдары

1-тарау. Вентиль түріндегі сүңгуірлер жарақтарын тексеру
1. Жұмысты тексеру.

1. Сүңгуірлер жарақтарын және төмен түсіру мен жұмыстарды қамтамасыз ету құралдарын жұмыстық тексеруге шлемді, сүңгуірлер көйлегін, жүктерін, галошын, белгілік ұшын, сүңгуір пышағын, байланыс құралдары мен су асты жарықтандыруларды, штангаларды, шлангалы дәнекерлерді, ауа беретін қондырғыларды, төмен түсу-көтерілу қондырғыларын және декомпрестеу камераларын тексеру кіреді:

1) 3 және 12 болтты жарақтандырудағы шлемдерді тексеруге шлемді сыртынан байқау және сақтандырғыш және басты қақпақшалардың ақаусыздығын анықтау жатады.

Байқауда иллюминаторлы әйнектер мен төсемдердің бар-жоғы, болттардың бұрандалары мен 12 болтты жарақтандырудағы шлемнің бекіткіш құлақты бұрандалары құлыптарының ақаусыздығы тексеріледі.

Басты қақпақшаның ақаусыздығын шток түймесін екі немес үш рет басу арқылы тексереді; түймені басуды тоқтатқаннан кейін шток алғашқы қалпына тез келеді. Сондай-ақ шлемнің басты клапаны (УВС-50М) резиналық қақпақшасының серпімділігін және оны бұрандамен бекітудің сенімділігін де тексереді.

Ауа рожкиінің сақтандыратын клапандарын келесі түрде тексереді. Ауа қосқыштың штуцерін ауызға салады және ауаны шығарады. Ауаның шлемге еркін өтетініне көз жеткізген соң демді ішке тартуға тырысады, осы кезде ауа шлемнен келмейді, яғни клапан ақаусыз болғанда демді ішке тарту мүмкін емес;

2) сүңгуір көйлегін тексеру сыртынан байқау арқылы жүргізіледі. Қажалған жерлері мен қалған жамаулары желімделеді. Көйлектің удан сақтандыратын клапандарынан тор тесікті қақпақтары алынады, резиналық клапанның жабысып қалуын бұрандамен реттейді, клапандардың тесіктері мен тағаларын тотықтардан және кездейсоқ түскен қоқыстардан, сүңгуір іш киімінің талшықтарынан және басқа ұсақ бөлшектерден тазартады.

Удан сақтандыратын қақпақшаларды тексеру кезінде ең алдымен сүңгуірлер көйлегімен жалғанған жерлерінің тығыздығына көңіл бөлінеді. Серіппе мен резиналық клапанның жай-күйін байқау үшін бекіткіш болттарды босатады және клапанның қақпағын алады. Қажеттілігіне қарай клапанның детальдарын тотық қабатынан тазартады және вазелин жағады;

3) сүңгуір жүктері мен галоштарын тексеруге сыртынан қарау және бекітудің беріктілігін тексеру жатады. Жүктердің сақинасы аралыққа дәнекерленеді, галоштың металл деталдарының қысқыштары мен өткір шығып тұратын ұштары болады. Сүңгуір жүктері мен галоштарды бекіту ыңғайлы, тіліктері мен соқпалары болмайды. Галоштардың жұмсақ бекітілген табандары мен тұмсығы болады. Жүктер мен галоштардың беріктігін сілку арқылы анықтайды;

4) белгілік және бақылау ұштарын, кабель-дабылды және сүңгуір белдігін сыртынан байқау арқылы жүргізіледі. Белгіленген үлгідегі белгілік ұш түйінсіз, қажалусыз, иірулері жыртусыз және өңездермен тотығусыз. Тұтасқан белгілік ұштарды пайдалануға болмайды.

Қолданылатын кабель-белгінің егелулері және сыртқы резиналық қабықшасының зақымдану болмайды.

Сүңгуірлер белгісін сыртынан байқау арқылы бауларының үзілген жерлерінің және белдік-тоғаларының сынған жерлерінің бар-жоғын анықтайды. Белдік-тоғалар оңай және тез салынады және ағытылады. Сүңгуірлер белгісіне бекітілген тізгінді карабин ақаусыз және сенімді бекітіледі;

5) сүңгуірлер пышағының амандығын, өткір қайралған, қынаптарда ұсталынады, өзінің массасының ықпалынан түсіп кетпейді және оңай суырылады;

6) байланыс құралдарын және су астындағы жарықтандыруды тексеру сыртқы байқау және қолданыста сынап көру. Шлемдегі микрофон және телефонның бекітілуі тексеріледі. Телефон байланысының ақаусыздығы сөйлесу арқылы тексеріледі.

Су асты жарықтандыру құралдары оларды ток көздерін қосу және суға батыру арқылы тексеріледі. Қызып кетуді және лампалардың уақытынан бұрын істен шығуын болдырмас үшін су асты шамдарын ауада қосуға болмайды.

Байланыс құралдарын және су астындағы жарықтандыруды борттық желіден қуаттандыра отырып тексеру кезінде электр кабельдерінің сақтандырғыштарының, жерге қосылуларының және оқшаулағыштарының ақаусыздығына назар аудару қажет;

7) қол үш цилиндрлі насостарды және электр өткізгіш насостарды тексеруге сыртқы байқау және герметикалығын тексеру жатады. Тексеру бірінші сүңгуірді түсірер алдында жүргізіледі.

Сыртқы байқау арқылы бұрандалы біріктірулер, манометрде пломбаның бар-жоғы, насос және маховиктер-тұтқа саптардың бекітілуі, электр қозғалтқышты жерге қосудың бар-жоғы және қуатты кабельді оқшаулаудың бүтіндігі тексеріледі.

Насостың қажалған детальдарын тексереді және қажет болған жағдайда вазелин жағады. Шлемнен берілген насостың герметикалығын тексеру үшін шлангының ұшын саусақпен қысады және қысымды сүңгуірді түсірген тереңдіктегі қысымнан екі есеге тең шамада көтереді, осыдан кейін насостың жұмысын тоқтатады және қысымның түсуін қадағалайды. Манометр тілдері көрсеткіштерінің түсуі 1 минут ішінде 0,02 МПа (0,2 кгс/кв.см) аспайды, болмаған жағдайда ауаның өтуі анықталады және жойылады. Шлангілерден ауаны бірқалыпты шығарғанда манометр тілі бірқалыпты нөлге кейін кетеді. Шлангілердің герметикалығын, олардың қосылған жерлері мен манометрін бір уақытта тексереді. Шлангілік жалғауларда оларды суға түсірген кезде ауа көпіршіктерінің пайда болуы жалғаулардың нашар герметикалығы туралы куәландырады. Шлангілік жалғаулардың сым бензельдерін сыртқы байқау арқылы тексереді. Егер шлангілерден ауаны айдаған кезде тіл соққыға ауысса немесе әлдебір бөлікте тоқтап қалса, бұл манометрдің бұзылғанын немесе шлангілердің бітеліп қалғанын білдіреді.

Манометрдің бұзылғанына күмәнданған жағдайда ол тікелей түсіру орнында тексеріледі. Бұл үшін шлангіні шлемнен ағытады, шланганың ұшына лотты бекітеді, лотты шлангіні еркін тереңдікте суға батырады.

Содан кейін насосты іске қосады және ауаны шлангіге одан судың бетіне көпіршіктер шығатындай етіп қысып толтырады. Осыдан кейін насостың жұмысын тоқтатады және тілі тереңдікті, тереңдікке теңдігін, лотпен өлшенгенін көсететін манометрдің көрсеткіштерін бақылайды;

8) компрессормен ауаны беруді тексеру күн сайын бірінші сүңгуір түсер алдында жүргізеді. Тексеру үшін моторшы қозғалтқышты іске қосады және оның ақаусыздығына көз жеткізеді, қозғалтқыш қызғаннан кейін компрессорды қосады және оны үрлейді, осыдан кейін тұндырғышты үрлейді. Осыдан кейін баллондардың, ауа сүзгіштердің шүмектерін ашады және 1 минут ішінде барлық жүйені үрлейді. Содан кейін шүмектің үрлегіштерін жабады және баллондардың қысымын көтереді. Баллондарды ауамен толтырудың уақыты осы жүйе үшін белгіленген нормадан асырылмайды. Баллондарды ауамен толтыру аяқталған соң 15 минуттан кейін моторшы оларда жиналып қалған су мен майды шығару үшін сүзгішті және барлық жүйені үрлеу шүмектерін (вентильдерін) қайтадан ашады.

Компрессор жұмыс істеп тұрған уақытта моторшы манометр көрсеткіштерінің дұрыстығын және алынатын ауаның тазалығын қадағалайды. Осы кезде баллондарды ауамен толтырған уақытта оларға пайдаланылған газдың түсіп кету мүмкіндігіне қарсы шаралар қабылдайды. Ауада пайдаланылған газ немесе басқа улы қоспалар болғанда сүңгуірге берілетін ауаның сапасы газ сараптағышпен, индикаторлық түтік немесе зертханалық талдау жолымен тексеріледі. Баллондарды жұмыс қысымына дейінгі ауамен толтырғанда ауа таратқыш қалқанға қарай магистраль клапанын ашады және барлық жүйенің герметикалығын тексереді.

2. Айлық тексеріс.

1. Вентильденген түрдегі сүңгуірдің жарақтарын тексеру сүңгуірлер көйлегінің гарметикалығын байқау және сынап көруді, сүңгуірлер шлеміндегі клапандардың жұмысын, сүңгуірлер шлангілерінің және шлангілі біріктірулердің төзімділігін, сүңгуірлер жүгі мен белгілік ұшының төзімділігін тексеруді қарастырады:

1) сүңгуірлер көйлегі сыртынан қарау арқылы тексеріледі. Тігістерінің, манжеттерінің (қолғаптарының) және фланцінің бүтіндігіне ерекше назар аударылады. Көйлектің қажалған, резинасының ескірген жерлері немесе қалып қойған жапсырмалары болмайды.

Сүңгуірлер көйлегінің герметикалығы 0,02 МПа (0,2 кгс/кв.см) қысымымен анықталады. Сүңгуірлер көйлегінің фланцтері мен жағаларын жылы сабынды сумен жуады және кептіреді;

2) сүңгуірлер шлемін тазартады және тотықтарын алып тастайды. Басты және сақтандырғыш клапандарды толық бөлшектейді және детальдарын тазартады және құрастырады. Иллюминатор әйнектердің бүтіндігін, алдыңғы иллюминатор бұрандасының тозу дәрежесін, шлем құтысының және 12 болтты шлемнің бекіткіш құлақты бұрандаларының техникалық жай-күйін тексереді;

3) сүңгуірлер шлангасының және шлангілі біріктірулердің төзімділігі массасы 180 кг жүкті арту немесе осындай күшпен созу арқылы сыналады;

4) сүңгуірлер жүгі және сүңгуірлер белдігі бекітілуінің бүтіндігі сыртынан байқау арқылы тексеріледі. Сүңгуірлер жүктерін лақтырудың төзімділігі оларға 5 минут массасы 100 кг жүкті арту арқылы тексеріледі. Сүңгуірлер белдігінің төзімділігі 5 минут массасы 225 кг жүкті арту арқылы тексеріледі;

5) белгілік ұштың және кабель-белгінің төзімділігі 180 кг күшпен созу немесе массасы 180 кг жүкті арту арқылы тексеріледі. Белгілік ұш (кабель-белгі) барлық ұзындығына тексеріледі.

2. Сүңгуірлер насосымен келесі жұмыстар тексеріледі:

маховиктерді алады және иінді біліктердің алға шығып тұратын ұштарындағы шпонкаларды қарайды;

шатунды ішпектердің жоғарғы жартысын және бағыттайтын аспақтарын босатады. Піспектерді цилиндрлерден суырып алады;

бағыттайтын клапандардан піспектерді ажыратады, қолмен серіппенің серпімділігін байқап көреді;

басып тығыздайтын клапандар серіппесінің серпімділігін қолмен байқап көреді;

цилиндрдің барлық бөлшектелетін бөліктері мен ішкі бетін таза бидай шүберекпен сүртеді және вазелинді жұқа етіп жағады;

манометрді тексереді, осы үшін шлангіні шлемнен ажыратады, ұстап алып науаға бекітеді және лотпен бірге суға батырады;

насосты іске қосып, манометрдің көрсеткішін байқайды, шлангінің суға батырылған ұшынан ауа шыққан кезде манометрмен немесе лотпен көрсетілген тереңдікті салыстырады. Айырмашылық сол немесе басқа жаққа 0,5 м аспауы қажет;

бітеу бұрандамен жабылған, шлангінің (40 м) екі буыны кезінде насостың өнімділігін тексереді. Маховиктердің 32-33 айналымында қысым 1,0 МПа (10 кгс/кв.см) жетеді.

Манометр бойынша насостың герметикалығын бір уақытта тексереді, қысымның түсуі минутына 0,04 Па (0,4 кгс/кв.см) аспайды.

3. Жылдық тексеру.

1. Вентильді түрдегі сүңгуірлер жарақтарын тексеру сүңгуірлер шлемін, оның енгізулерінің бекітілу беріктігін, клапандарының ақаусыздығын және реттелуін, сүңгуірлер көйлегінің герметикалығын, сүңгуірлер шлангілері мен шлангілі біріктірулердің төзімділігін тексеруді, белгілік ұштарды (кабель-белгінің) тексеруді қарастырады:

1) сүңгуірлер шлемін сыртынан байқау және ішкі қысымды құру арқылы тексеріледі. Байқау арқылы деталдардың бекітілуі және төсемдердің бар-жоғы тексеріледі.

Шлем оңай киіледі: 3-болтты дулыға-болттарға, ал 12 болтты-машинканың секторлық бұрандасына. Сым және әуе-телефондық енгізу (әуе және телефондық енгізулер) бекітілген және жақсы дәнекерленген;

2) әуе-телефондық енгізуді бекітудің төзімділігін (әуе және телефондық енгізулер) массасы 180 кг жүкті 5 минутқа асу немесе 5 минутқа 180 кг күшпен созу арқылы сынап көреді. Бөлек әуе және телефондық енгізулер болған кезде әрбір енгізу бөлек сыналады. Осы сынаулардың нәтижесінде шлемде қаңсуға және жапырылуға жол берілмейді, ал енгізудің (енгізулердің) өзі және оның түрін өзгертпейді;

3) сүңгуірлер шлемінің герметикалығы оны суға батыру жолымен тексеріледі. Осы үшін шлем құтысының фланеліне бітеу қақпақша орнатылады, ал басты клапан мен телефондық енгізуге бітеу бұрандалар бұралады. Әуе енгізуге шланг жалғанады және 0,05 МПа (0,5 кгс/кв.см) ауа қысымы құрылады. Шлем суға батырылады, судың бетінде ауа көпіршіктері болмайды;

4) шлемді герметикалыққа тексергеннен кейін басты клапан реттеледі және жұмысының ақаусыздығы тексеріледі. Басты клапан шлем ішінде ауаның қысымы 0,010-0,015 МПа (0,10-0,15 кгс/кв.см) құраған кезде ашылады;

5) жалпы көлемінен 20 % жоғары көлемді құрайтын шлемнің ішкі қабатында тотықтың түсуі болған кезде шлемді ас қалайымен қаптайды;

6) көйлектің герметикалығы және төзімділігі 0,02 МПа (0,2 кгс/кв.см) қысымдағы сығылған ауамен тексеріледі, осы қысымда көйлекті оны сабынды сумен сулап 5 минут ұстайды. Ауада көпіршіктердің болмауы көйлектің матасы мен тігістерінің герметикалы екенін көрсетеді;

7) сүңгуірлер шлангілері созу, сығу, майыстыру арқылы және ішкі қысымға тексеріледі.

Шлангілерді созғанда массасы 180 кг жүкті арту немесе 5 минут ішінде 180 кг күшпен динамометрмен созу арқылы тексеріледі. Осы кезде тізенің қысымы спиралысыз ұзындықтан 15 % және 10 % спиральді немесе ұзын шлангілерден асырылмайды.

Шлангілерді сыққанда (шлангілердің учаскесі 100 мм ұзындықта): спиралды немесе ұзынды-180 кг салмақта, спиральі жоқтары-массасы 100 кг салмақта тексереді. Салмақта шлангілерді 0,02 МПа (0,2 кгс/кв.см) қысымда ауаға еркін шығарады.

Спиральді және спиральсіз шлангілерді созылғыштыққа оларды стержень айналасында 180 градусқа бүгу арқылы тексереді. Стерженьннің диаметрі шлангінің түріне және оның жұмыс қысымына байланысты:





Шланганың түрі

Жұмыстық қысымы, МПа (кгс/кв,см)

Стерженьннің диаметрі, мм

I

II

II



II

0,25 (25)

0,25 (25)

0,15 (1,5)

0,10 (1,0)



60

15

25



10

I түрдегі шлангілерге спиралды шлангілер, ал II түріне-спиральсіз жатады.

Ұзын шлангілерді өткізу қабілеттілігіне сыналатын шлангінің номиналдық диаметріне екі есе тең диаметрмен стерженьінің айналасында 180 градусқа бүгу арқылы тексереді. Осы кезде шлангілер 0,02 МПа (0,2 кгс/кв.см) қысымда ауаны еркін шығарады.

Осындай сынаулар кезінде шлангілерден сыну және сызаттар болмайды; оларға ауа еркін өтеді. Спиралды және ұзын шлангілер 1,5 МПа (15 кгс/кв.см) қысымда диаметрі 1 м аспайтын айлаққа оралады, ал спиральсіз 1 МПа (10 кгс/кв.см) қысымда-диаметрі 0,6 м айлаққа.

Сүңгуірлер шлангілерін және олардың қосылған жерлерін 5-10 минут ішінде 2,5 МПа (25 кгс/кв.см) ішкі қысымға ауа арқылы тексереді. Осы кезде шланг диаметрінің, жеке учаскелерін созудың және ауаны шығарудың елеулі артуы болмайды;

8) белгілік ұшты (кабель-белгі) төзімділікке сынау кезінде 180 кг кем емес салмақты ұстап тұрады.

2. Сүңгуірлердің телефондық станциясын қоса беріліп отырған нұсқаулыққа сәйкес тексереді.

3. Сүңгуірлер насосын оларды пайдалану бойынша технологиялық регламентке сәйкес тексереді. Насостарды бөлшектейді, детальдарын қарайды, одан әрі пайдалануға жарамсыз детальдарын ауыстырады. Насосты жинағаннан кейін жалғасқан жерлерінің герметикалығын, клапандардың, манометрлердің дұрыс жұмыс істеуін тексереді, цилиндрлердегі зиян көлемін өлшейді және насостың өнімділігін анықтайды. Насостың 32-33 айналысында шлангінің (40 м) екі буынындағы қысым кемінде 1,0 МПа (10 кгс/кв.см) жетеді. Насостың герметикалығы манометр бойынша анықталады.

Шлангінің екі буыны насосқа жалғанған кезде 1 минут ішінде қысымның түсуі:

0,02 МПа (0,2 кгс/кв.см) кем емес 0,5 МПа (5 кгс/кв.см) дейінгі қысым кезінде;

0,04 МПа (0,4 кгс/кв.см) кем емес 1,0 МПа (10 кгс/кв.см) аспайтын қысым кезінде болады.

Жеңілдетілген сүңгуірлер насосының (ЖСН) герметикалығы 0,6 МПа (6 кгс/кв.см) қысым кезінде тексеріледі. Осындай қысым кезінде манометр тілінің түсуі минутына 0,02 МПа (0,2 кгс/кв.см) аспайды.

4. Компрессорларды тексеру технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.

2-тарау. Жеңіл сүңгуірлер жарақтарын тексеру
4. Жұмыстық тексеру.

1. Жеңіл сүңгуірлер жарақтарының тыныс алу аппараттарын (АВМ-1М, АВМ-5, АВМ-7, «Подводник», «Юнга» және оларға ұқсас түрдегі аппараттар) тексеруге сырттай бақылау, баллондардағы ауа қысымын өлшеу, тыныс алу аппараттарының герметиалығын тексеру, сүңгуірлер тыныс алу аппараты автоматының жұмысын тексеру, минималдық қысым белгісі және ауаны резервтік беру қосқышы жатады:

1) тыныс алу аппараттарын сырттай байқау арқылы баллондардың, кронштейндегі иық бауларының, мундштук қораптағы дем алу және дем шығару құбырларының үстеме бұрандаларының бекітілу төзімділігі, жалғанған жерлерде тығыздалған төсемдердің бар-жоғы тексеріледі;

2) АВМ-1М, «Подводник», «Юнга» түрдегі тыныс алу аппараттарының баллондарындағы ауаның қысымы аппараттың манометрінде, АВМ-5, АВМ-7 түрдегі тыныс алу аппараттарында-алдын ала белгіленген манометр бойынша өлшенеді.

Жұмыстық түсулер кезінде тыныс алу аппараттары баллондарындағы қысым жұмыстықтан 10 % кем.

Оқу және жаттығу түсулері кезінде аппараттағы баллонның қысымы 10 МПа (100 кгс/кв.см) кем емес. Сүңгуіршінің су астынан келу уақыты баллондардағы нақты қысымды есепке ала отырып шектеледі;

3) тыныс алу аппараттарының герметикалығын екі рет тексереді: баллондардың ашық және жабық бұрандаларында. Мундштукты қорапты өшіріп немесе тройниктің шетін бекітіп тыныс алу аппаратын суға батырады. Егер ауа көпіршіктерінің бөлінуі байқалмаса, тексерудің нәтижесі оң саналады;

4) дем алу және дем шығаруда сүңгуірдің тыныс алу аппараттарының тыныс алу автоматының қарсылығын тексеру тыныс алу аппаратын су бетінде байқайтын қосу арқылы тексереді. Дем алу және дем шығару қиындықсыз болады. Дем шығару тоқтатылған кезде тыныс алу автоматы бірден ауа беруді тоқтатып тастайды;

5) АВМ-1М тыныс алу аппараттарының минималды қысымының (штокті) көрсеткіші келесі түрде жүргізіледі. Баллондардың жабық бұрандаларында көрсеткіш жоғары көтеріледі және осы қалпында саусақпен ұсталады. Баллондардың вентильдерін ашып және автоматтың қуысын және минималдық қысым белгісін ауаға толтырып, вентильдер жабылады. Осы кезде көрсеткіш дайын қалыпта қалады.

Аппаратқа қосылып, тексеруші ақырын сүңгуірдің тыныс алу аппаратының тыныс алу автоматындағы қысымды шығарады. Манометрден қысымның түсуін бақылай отырып, көрсеткіштің штогы алғашқы қалыпқа түсетін қысымның көлемін анықтайды. Егер ол 2-3 МПа (20-30 кгс/кв.см) қысымда іске қосылса, осы аппараттардың минималды қысым көрсеткіші ақаусыз деп есептеледі.

АВМ-5, АВМ-7, «Подводник» түріндегі тыныс алу аппараттарында резервтік беру қосқышы (минималдық қысымның физиологиялық көрсеткіші) келесі түрде тексеріледі. АВМ-5, АВМ-7 тыныс алу аппараттарында вентильдің шығар штуцерінен алдын ала редуктор алынады және оның орнына манометр орнатылады. Манометр көрсетіп тұрған баллонның бекіткіш вентилін ашып, қысымды байқайды, осыдан кейін штокты бұру немесе тарту күшінің көмегімен резервтің қосқышын ашады. Резервтің қосқышы дұрыс жұмыс істеген кезде манометр бойынша қысым П2-4 МПа (20-40 кгс/кв.см) артады.

Тексергеннен кейін бекіткіш вентильді және резервтік қосқыштың вентилін жабады.

Манометр алынады, тыныс алу аппаратының ажыратылған редукторы орнына орнатылады.

«Юнга» тыныс алу аппараттарында резервтік беру қосқышы ауаның резервтік запасының қосқышы жабық тұрғанда тексеріледі. Манометр бойынша баллондардың бекіткіш вентильдерін тоқтап қалғанша ашып, баллондардағы ауаның жұмыстық қысымын тексереді, осыдан кейін вентильді жабады. Қосқыш ақаусыз болғанда манометр 3,0 до 4,0 МПа (30-40 кгс/кв.см) ауаның резервтік запасын көрсетеді;

6) су астына түсіру үшін шлангілі түрдегі жеңіл сүңгуірлер жарақтарының тыныс алу аппаратын әрбір қосардың алдында баллондарда ауаның бар-жоғы, тыныс алу аппараттарының герметикалығы және тыныс алу автоматының ақаусыздығы тексеріледі. Тыныс алу аппараттарын сыртынан байқау тыныс алудың ашық сызбасындағы жеңіл сүңгуірлер жарақтарын тексеруге ұқсас түрде жүргізіледі;

7) тыныс алу аппараттарының герметикалығы екі рет тексеріледі: баллондардың ашық және жабық вентильдерімен. Тыныс алу аппараттарының герметикалығын тексеру үшін клапандық қораптың тұтқа сабын «Ауаға» қалпына қойып, баллондағы вентильді ашып, тыныс алу аппаратын суға түсіру қажет. Егер ауа көпіршіктерінің бөлінуі байқалмаса, тексерудің нәтижесі оң саналады;

8) сүңгуірлердің тыныс алу аппаратының тыныс алу автоматы жұмысының ақаусыздығын тексеру үшін клапандық қораптың тұтқа сабын «Аппаратқа» қалпына қойып, баллондағы вентильді ашады және клапандық қорап арқылы екі-үш қалыпты демді ішке алу және демді сыртқа шығару жүргізіледі. Тыныс алу автоматы ақаусыз болғанда демді ішке алу және демді сыртқа шығару еш қиындықсыз жүргізіледі;

9) жеңіл сүңгір жабдықтың тыныс алу қақпақша жұмысының ақаусыз болуын тыныс алудың ашық схемасымен және шлангтік типі келесі қалып амалмен тексеріледі. Қораптың қақпақшасының шүмегін ашып, қолымен дем тарту түтігін қысады және ерінге қыстырғыш арқылы дем тартып және дем шығарады. Дем шығару қақпақша ақаусыз болса, дем шығару оңай болады, ал дем тарту мүмкін емес. Дем тарту қақпақшасы ақаусыз болса дем тарту оңай болады, ал дем шығару мүмкін емес.

Шет елде өндірілген сүңгуір тыныс алу аппараттарының жұмыс тексерісі оларды пайдалану нұсқасына сәйкес қолданылады немесе ұқсас типпен, жоғарыда берілген аппараттар сияқты (олардың құрылымына тәуелді).

2. (ИДА-57, ИДА-71У,ИДА-77 және ұқсас аппараттар) регенеративті жарақтың жұмыс тексеруі келесі ретте өткізіледі және келесі тексерістер енгізілген:

оттек манометр бойынша баллондағы қысым, азотты-оттекті және гелий қоспалар;

аппарат қорабында химиялық сорғыштың бар болуы және талдау деректер бойынша оның сапасы;

қораптың қақпақшасының шүмегінің ақаусыз болуы (жеңіл айналады, кедергісіз);

8 тармақ, 9 қосалқы тармақшада көрсетілген талаптарға сәйкес тыныс алу қақпақшалары;

минималды қысымның көрсеткіштерінің әрекеттері. Минималды қысымның көрсеткіші іске қосылады және баллонның вентилі ашылады. Баллонның вентилі жабылған соң және (байпаспен) қол іске қосқышты күшейтіп көрсеткіш 3,0 МПа (30 кгс/кв.см) қысымымен іске қосылады;

оттекті немесе газды (азотты-оттекті, гелийлі) қоспаларды тыныс алатын қабының толуы уақытымен үнемі беретін механизмі;

удан сақтандырғыш қақпақшаның герметикалығы. Тыныс алу қабынан түгелімен ауаны шығарады, қақпақшаның қақпағын ашып, ақырын ғана қақпақшаны корпустан тартады. Егер жапырақ тәрізді қақпақша ақаусыз болса, ауа қапқа кірмейді;

тыныс алу аппаратының герметикалығы. Тыныс алу қапты ауамен толтырады, «Атмосфераға» деген жайға қораптың қақпақша шүмегін келтіреді, баллон вентилін ашады және тыныс алатын аппаратты суға батырады. Аппараттың герметикалығы туралы ауаның шығыс көпіршіктерінің жоқтығынан тексереді.

Тыныс алу аппаратқа байқау қосылу алдыңда тыныс алу қиын емес, қарсылығы төмен.

Оттек аппараттарының баллондарында қысымы, азотты-оттекті және гелийлі қоспаларында 18-20 МПа (180-200 кгс/кв.см.) шамасында болады.

3. Гидрокомбинезондарды және гидрокостюмдерді ажыраған жерді табу мақсатымен ішкі тексерістен өтеді. Гидрокомбинезонның сақтандыратын қақпақшасы ішкі байқаумен тексеріледі.

Гидрокомбинезонның жапрақшалы қақпақшасы ішкі байқаумен тексерістен өтеді. Сақтандырылатын қақпақша бөлшектеу және тексеру арқылы тексеріледі.

1) «Садко-1» шлемін тексерген кезде қосымша жартылай шлемін жағдайын тексеру керек, ал «Садко-2» шлемнің толықтығы және мойын көлемі;

2) ГК-6, УГК-2 гидро комбинезондарында басқы шлемнің қосымша құлпын тексереді, масканың механикалық тазалағышын. Камераның қалқып шығатын түгелдігі және толықтығы ішкі байқауымен тексеріледі;

3) «Сулы» үлгідегі гидро костюмдерді ішкі байқаумен гидрокостюмның материалының тұтастығына және қосылған жерлерінің мықтылығын тексереді.

4 Жүгі бар белдіктің бауын және сүңгірдің белдігің ішкі байқаумен тексереді. Белдікте жыртық жері бар жоғын және құлып-пряжка, карабиннің саулығын тексеріп, белгілейді. Құлып-пряжкалар тез бекітіліп және ашылады. Сүңгуірдің белдігінде карабиннің барлығын және ақаусыздығын тексереді. Сүңгуір белдігінің карабині құлыпқа жабылады да және бөгеуі болады, құлыптың өздігінен ашылуына жол бермейтін.

5. Белгілік ұшын және сүңгуір пышағын тексерілуі 5 тармақтың 4) тармақшасында және 4 тармақтың 5) тармақшасында берілген қосымшаның талаптарына сәйкес орындалады.

6. Жарғақ аяқтар, маскалар, жартылай маскалар және галоштар резиналы бөлшектерінің тұтастығына және тіреу тораптарының сенімділігіне тексеріледі. Жартылай масканың ақаусыз және оның сүңгуірдің бетіне жабысу тығыздығы тексеріледі. Сүңгуірдің бетіне маска дұрыс жабысқан жағдайда мұрынымен дем тартқанда масканың астына сырттан ауа кірмейді.

7. Байланыс құралдарының, су астында жарық түсіретін құрылымның тексерілуі 5 тармақтың 6) тармақшасында берілген қосымшадағы талаптарға сәйкес орындалады.

5. Айлық тексеріс.

1. Тыныс алудың ашық схемасы бар жеңіл сүңгуір жабдықтарын тексерістен өткізген кезде, тыныс алатын аппараттарымен қатар, жайына, тыныс алатын автоматтың тұтқалы жүйесінің ақаусыздығы және редуктордың тұрақты қысымына тексерілуіне ерекше назар аудару керек:

1) тыныс алатын автоматтардың тұтқаларының жайы қақпағы және мембранасы шешу кезінде тексеріледі.

АВМ-1М, «Юнга» тыныс алатын аппараттарында тыныс алатын автоматтың корпусының шетіне сызғыш қойылады және тұтқаның жоғарғы жиегі мен оның арасындағы ара қашықтықты өлшейді.

Егер тұтқаның жоғарғы жиегі және аппараттардың сызғышы арасында тесігі:

АВМ-1М-2-3 мм;

«Юнга»-1-2 мм;

болса, ондай жағдай қалыпты болып саналады.

АВМ-5, АВМ-7 «Подводник» тыныс алу аппараттарында, тұтқаның жоғарғы жиегінің жағдайы корпустың шетіне қарағанда ұлғайтылады және 8 мм болады 8-10 кгс/кв.см қысымы өкпе автоматына келтірілген кезде;

2) автоматтың тұтқалы жүйесінің жұмысының ақаусызы қақпағы шешіліп тұрған жағдайда тексеріледі. Ол үшін баллондардың вентильдері ашылған соң тұтқаны саусағымен басып іске қосады. Сол кезде автоматтың клапанының астынан ауа өзіне тән ысылдауымен шығады, ал тұтқаны басып болған соң ауа берілуі бірден тоқтайды.

Тұтқаны басқан кезде ауа берілуі нашар болған жағдайда немесе оның берілуі бірден тоқтамаса реттеу жүргізіледі. АВМ-1М аппараттарында клапанның пружинасының серпімділігі реттеуіш гайканың көмегімен реттеледі. АВМ-5, АВМ-7, «Подводник» аппараттарында өкпелі автоматының жағдайы РКУ-2 жиынтығында болатын шаблон бойынша майыстыру әдісімен реттеледі.

Ескерту. «Юнга» тыныс алу аппаратының өкпе автоматы реттеуге келмейді;

3) редуктордың тұрақты қысымы бақылау манометр немесе РКУ-2 жөндеу-бақылау қондырғыда тексеріледі.

Тыныс алу аппараттары үшін редуктор ақаусыз болып саналады манометрдің көрсеткіштері:

АВМ-1М-0,5-0,7 МПа (5-7 кгс/кв.см);

АВМ-5, АВМ-7, «Подводник»-0,8-1,0 МПа (8-10 кгс/кв.см);

«Юнга»-0,5-0,6 МПа (5-6 кгс/кв.см).

АВМ-1М тыныс алу аппаратының баллон вентилі жабылған соң, редуктор қуысынан ауаны шығарып және сақтаушы клапанын қатаң бұраған соң редукторына реттеу жүргізіледі. Реттеу бұрамасымен итергіштің пружинасының қысуы өзгертіледі. Сақтандыру клапаның орнына орнатып болған соң редуктордың тұрақты қысымын өлшейді.

АВМ-5, АВМ-7, «Подводник» типті тыныс алу аппараттарының редукторының сақтандыру клапаның шешпей, шайбасын алу немесе орнату жолымен реттелуі жүргізіледі. Ол үшін редуктордың қақпағын бұрап шығарып, пружинасымен поршеньді суырып алып және редуктордың түбіне шайбаны орнатып (алып), редукторды жинау керек.

Шайбаны орнатқан кезде пружина қысылады және оның әрекеті өседі, шайбаны алған кезде пружинаның әрекеті кішірейеді.

«Юнга» аппаратының редукторын реттеуі қалпақшасын айландыру арқылы жүргізіледі, алдын ала контр гайкасын бұрап шығарып.

РКУ-2 жөндеу-бақылау қондырғысында тұрақты қысымын тексеру үшін тыныс алатын аппаратты біріктіретін түтік көмегімен штуцермен оған қосылады (тетік құраманың жиынтығында) ары қарай бақылайтын манометр көмегімен тексергендей әрекет жасалынады.

2. Шлангілі түрде жеңіл сүңгуір құралдарын тексергенде кері клапанның герметикасы қосымша тексеріледі, ауалы сүңгуір шлангісі және шлангілер қосылған жері.

Баллондағы вентильді ашу жолымен кері клапанның, штуцерден гайка-бекіткішті шешіп және штуцердің тесігіне сабын көпірігін жағу арқылы герметикасы тексеріледі. Герметикалық клапанда сабынның көпіршігінің созылуы байқалмайды. Штуцерге шлангі жалғанған жағдайда, шлангтың ұшын суға батырады және егер ауаның көпіршіктері болмаса, онда клапан герметикалы.

Сүңгуір ауалы шлангтік және шлангілі құрамаларды 180 кг. кем емес күш салынып созылуын сынап көреді.

3. Регенеративті құралдарды тексерген кезде баллондардың вентилін тексереді. Ол үшін бекіткіш вентильдің бұрылған жерін бітеуішпен жабады, вентильді тоқтап қалғанша ашады және суға батырады. Бекіткіш вентиль ақаусыз болғанда суда ауаның көпіршіктері болмайды.

Баллондардың кезекті сынағының уақыты туралы таңба тексеріледі. Берілген мерзімінен өткен соң баллондар қолданыстан шығарылады және сынаққа жіберіледі.

Клапандардың ақаусыздығы тексеріледі. Дем алу және дем шығару слюдалы клапандар бағыттаушы айқастырмалар арасында еркін жүреді. Ақауы (жергілікті маңызсыз қатпарлар, бөліну және тағы басқа) бар клапандарды ауыстырады. Сақиналық пазда бағыттаушы айқастырмалар люксіз болады.

Тыныс алу аппаратын жинаған кезде төсемдердің ақаусызына және бұрма тұтқалардың клапанды қорабына жалғасуының сенімділігіне назар аудару керек.

4. «Құрғақ» немесе «сулы» түрлі гидро костюмдерді (гидро комбинезондарды) тексеріс өткізуінің алдында сабынмен жылы сумен жуылады және кептіріледі. Тексерген кезде үзімдердің болуына, қажалғанына, тесілгеніне немесе тігістерінің ажыраған орындарына назар аудару керек.

ГК-6 және УГК түрлі гидро комбинезондарда жиынтығы және қалқып шығу камерасының ақаусыздығы тексеріледі.

5. Жүктері бар белдіктің бауын және сүңгуір белдігінің ішкі байқау жолымен тексереді. Біріккен жерлерде бұзылған жерін анықтайды. Сүңгуір белдігі оған 5 минутқа 225 кг жүкті арту арқылы сынақтан өткізеді.

6. Жарғақ аяқтар, маскалар және жартылай маскалар бұйымның және біріккен орындарының тұтастығына сырттай тексеруден өткізіледі.

7. Сүңгуір пышақтың тексерілуі 5 тармақтың 6) тармақшасында берілген қосымшасындағы талатарына сәйкес болады.

8. Дабыл ұшының мықтылығы 180 кг жүк арту арқылы тексеріледі. Сол әдіспен ұшы барлық көлемінде тексеріледі. Бақылаушы ұшы 50 кг жүк арту арқылы жолымен тексеріледі.

9. Байланыс құралдары, су астында жарық беретін құрамалар 5 тармақтың 6) тармақшасында берілген қосымшасындағы талаптарына сәйкес тексеріс өткізіледі.

6. Жылдық тексеріс.

1. Тыныс алу схемасы ашық жеңіл сүңгуір жабдықтардың тексерісі тыныс алу аппараттарының герметикасын ескереді, тыныс алуға қарсылық білдіру, сақтандыру клапандарын реттеу, тыныс алу аппараттың тыныс алу автоматын реттеу, гидро комбинезондардың және гидро костюмдердің тұтастылығын қарастырады.

Тыныс алу аппараттарын тексеру үшін оларды толық бөлшектейді және барлық бөлшектерін тазалайды.

Толық бөлшектеу және құрастыру аппаратты қолдану нормативтік-техникалық құжаттамаларына сәйкес жасалынады;

1) аппараттың герметикасын тексеру үшін негізгі және резервті ауа береті вентильді ашу керек, өкпе аппаратын сумен толтырып, аппаратты суға батырып 1 минут көлемінде аппаратын жағдайын бақылау керек. Газ көпіршіктерінің жоқтығы аппараттың герметикалығына сәйкес болады;

2) РКУ-2 жөндеу-бақылау қондырғысында тыныс алу аппараттарының төмен қысымын герметикалығы тексеріледі ашылғанда және тығыздалғанда.

Қысым астында болған тыныс алу аппараттарының төмен қысымын герметикалығы қалыпты болып саналады, егер одан ауа шығуы 0,25 л/мин аспаса, ал босатылғанда герметикалығы оған ауаны сору 0,25 л/мин аспаса қалыпты болып есептеледі;

3) тыныс алуға (дем алу және дем шығару) қарсылық көрсетуін тексеру:

Аппаратқа байқап қосылу арқылы осы үшін негізгі берудің вентилі ашылады, аппаратқа қосылады және толық демді ішке алады және шығарады. Дем алу және дем шығару еш қиындықсыз болады;

реометрмен бақыланатын 90 л/мин тұрақты ағын кезінде мановакуумметр бойынша РКУ-2 бақылау қондырғысына жарақтандырудың осы түрін техникалық пайдалану бойынша нормативтік-техникалық құжаттамаға сәйкес жүргізіледі.

Тыныс алу аппараттарының барлық түрлерін пайдаланған кезде дем алу және дем шығару қарсылығы физиологиялық мөлшерлі шамадан аспау керек;

4) тыныс алу аппаратының сақтандыру клапанын іске қосылуын тексеруі РКУ-2 жөндеу-бақылау қондырғысында немесе бақылау манометр көмегімен жүргізіледі.

Сақтандыру клапаны ақаусыз болғанда клапанның іске қосылу қысымы:

АВМ-1М-1,0-1,7 МПа (10-17 кгс/кв.см);

АВМ-5, АВМ-7, «Подводник»-1,2-1,5 МПа (12-15 кгс/кв.см);

«Юнга»-0,9-1,1 МПа (9-11 кгс/кв.см) шамасында.

Қажет болған жағдайда клапанның пружинасын қысылуын реттейді;

5) шлангтік түрдегі жеңіл сүңгуір жабдықтарын тексергенде сақтандыру клапаны тексеріледі және бақылау манометр бойынша реттеледі. Үштігі бар сақтандыру клапаны редуктордан бөлек тексеріледі және реттеледі. Жиналып қойған және реттелген редукторда сақтандыру клапанын тексеруге болмайды;

6) тыныс алу автоматын бөлшектеу, жинау, және реттеу жарақтандырудың осы түрін техникалық пайдалану бойынша нормативтік-техникалық құжаттамаға сәйкес жүргізіледі;

7) резервтік беру вентилі жұмысының ақаусыздығы тексеріледі. Бұл үшін одан кейін деталдардың тазартылған және тозған бөлшектерін ауыстыра отырып, вентильді толық бөлшектейді.

2. Регенеративті жарақтандыруды тексеру кезінде тыныс алу аппаратын толық бөлшектеу жүргізіледі, тыныс алу аппаратының деталдары қаралады, сүртіледі және кептіріледі. Детальдарын жөндегеннен немесе ауыстырғаннан кейін тыныс алу аппараты жиналады.

Тыныс алу аппаратын толық бөлшектеу және жинау регенеративті жарақтарды пайдалану бойынша нормативтік-техникалық құжаттамаға сәйкес жүргізіледі;

1) өкпе автоматы мен регенеративті жарақтардың тыныс алу қабының удан сақтандыратын клапанының ақаусыздығы тексеріледі. Осы үшін өкпе автоматы және удан сақтандыратын клапан одан кейін детальдарын тазарта және тозған бөлшектерін ауыстыра отырып, толық бөлшектенеді. Тыныс алу қабының өкпе автоматын және сақтандыру клапанын бөлшектеу оларды тыныс алу қабынан қайта монтаждаусыз жүргізіледі;

2) баллондардың бекіткіш вентильдерін толық бөлшектеу жүргізіледі. Вентильдің детальдарын жөндегеннен және ауыстырғаннан кейін жинайды;

3) клапандық қораптың ақаусыздығы тексеріледі. Толық бөлшектеу кезінде оның барлық деталдары түскен тотықтардан тазартылады, спиртпен сүртіледі, бұзылған деталдары ауыстырылады. Жинау кезінде жұмыстық конустық бетіне майсана майы жағылады;

4) әуе сүңгуірлер шлангісі майыстыру, сығу және ішкі қысымға тексеріледі. Шлангіні 100 мм ұзындыққа 100 кг тең қысатын (диаметрі бойынша) салмақтың ықпалымен диаметрі 25 мм стерженьге ораған кезде онда қалған деформациялар болмайды. Көрсетілген салмақтың ықпалымен шланг 0,02 МПа (0,2 кгс/кв.см) қысымында ауа шығару қабілетін сақтайды. 1,0 МПа (10 кгс/кв.см) ішкі қысымында шлангінің материалы ауа шығармайды, ал оның диаметрінің елеулі артуы болмайды.

3. Тесіктердің, жыртықтардың, қажалулар мен басқа зақымдануларды анықтау мақсатында гидро костюмдер мен гидро комбинезондарды герметикалыққа тексеру:

1) гидро костюмдерді тексеру кезінде куртка және шалбарларды белбеулік біріктіруде герметикалайды, шлемнің басты құлпын жабады, жең манжеттері мен гүл жапырақты клапанды тығыз байлайды және шлемнің штуцері арқылы 0,012 МПа (0,12 кгс/кв.см) қысымда ауаны айдайды. Алдын ала сабынды сумен суланған костюмді бақылайды. Қолғаптардың герметикалығын келесі түрде тексереді. Қолғапты қолғаптың ішіне қойылған түтік арқылы ауаға толтырады, қолмен қысады және суға түсіреді. Ауа көпіршіктері болмаған кезде қолғап герметикалы саналады;

2) ГК-6 гидрокомбинезонның герметикалығын тексеру кезінде басты құлып пен сақтандыру клапанын жабады, аппендиксті резиналық бұраумен бұрайды, гүл жапырақты клапанды қысқышпен қысады, маска ниппеліне түтікті (манометр және сығылған ауаны беру) қақпақшаны бұрап кіргізеді. Гидрокомбинезонға 0,012 МПа (0,12 кгс/кв.см) қысымға дейін ауаны айдайды және алдына ала сабынды ерітіндімен суланған комбинезонды қарап шығады. Қалқып шығатын камераны тексеру кезінде улайтын клапандарды жабады, қысқыштардың көмегімен спиралды клапандарды қысады, камераны толтыру түтігіне өткізгіш арқылы манометр және ауа өткізгішті жалғайды. Камерада 0,012 МПа (0,12 кгс/кв.см) ауа қысымын құрады. 5 минут өткеннен кейін камерада қалған артық қысым кемінде 0,008 МПа (0,08 кгс/кв.см);

3) УГК гидро комбинезондарын герметикалыққа тексерген кезде оған алдын ала тройникті қоя отырып, аппендикстер резиналық бұраулармен бұралады; улайтын клапандарды манжеттің көмегімен герметикалайды және жең манжеттерін байлайды. УГК-1, УГК-2 және УГК-3 гидро комбинезондарында басты құлыпты және сақтандыру клапанын жабады, ал УГК-4 гидро комбинезонының қосалқы шлемінің беткі ойығын басып тастайды. Гидро комбинезондардың бетіне сабынды ерітіндіні жағады және оларда 0,004 МПа (0,04 кгс/кв.см) тең ауа қысымын құрады. Гидро комбинезонның тігістері мен бетінде ауа көпіршіктері болмаса, герметикалы саналады;

4) «Садко» түріндегі гидрокостюмдерді тексеру гидрокостюмдерді тексеруге ұқсас түрде жүргізеді. Осы кезде «Садко-1» гидрокостюмін тексеруді бастар алдында костюмнің мойын жағын бұраумен байлап тастау, ал «Садко-2» гидрокостюмін тексеруді бастар алдында-оған шлемді жалғау қажет.

4. Жалпы мақсаттағы жарақтар құралдарын тексеру осы қосымшаның 9 тармағының. 5) тармақшасында-9 тармақтың 8) тармақшасында айтылған талаптарға сәйкес.

5. Сүңгуірлердің телефондық станциялары әзірлеушінің пайдалану бойынша нормативтік-техникалық құжаттамасына сәйкес тексеріледі.

Байланыс құралдарын сырттай бақылау арқылы телефондық гарнитураның жиынтықтығы және амандығы, біріктіретін муфтілерінің тозуы, телефондық енгізулердің және сүңгуірлер жарақтарының герметикалығы, телефондық кабель желілерінің амандығы және оқшаулағыш жай-күйі тексеріледі.

Байланыс құралдарын қуаттандырудың әртүрлі көздеріне қосуда (электрлік желілерге, аккумуляторлық батареяларға немесе қуаттандырудың автономды көздеріне) байланыстың тұрақтылығы және анықтығы тексеріледі.

6. Су астын жарықтандыру құралдарын тексеру оларды ток көздеріне және суға батыру жолдарымен тексеріледі.

Сүңгуірлерге су астын жарықтандыру құралдарына, электр кабельдеріне және қосу құралдарына жөндеу жүргізуге болмайды, осы жұмыстарды тек электр техникалық персонал орындайды.

_____________________

Сүңгуір жұмыстары кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікке

қойылатын талаптарға

5-қосымша




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет