13
мақсатын таңдауда ең алдымен барлық басқару
бөлімдерінің бақылауда
болуын, жауапкершілігін және қызметтердің нақты бөлінісін,
тиімділікті
басшылыққа алған жөн.
Кәсіпорынның ағымдағы қызметі бойынша ұйымдық құжаттарды
жасауда дәл осындай мәселелер шешіледі.
Ұйымдық құжаттардың ішінде,
мысалы, 1) «Лауазымдық нұсқаулықтар» - қызметкерлердің құқықтық
жағдайын,
қызметтерін, құқықтарын, міндеттері
мен жауапкершілігін
белгілейді; 2) «Нұсқау» – бұйрықтарды,
нұсқаулықтарды, тапсырмаларды
орындауды ұйымдастыруға байланысты мәселелер бойынша басқару құжаты.
«Нұсқауға» директор немесе оның орынбасары қол қояды.
Бұл құжаттың
басқару бөлігі. «Ұсынамын», «Міндеттеймін» деген сөздермен аяқталады.
«Нұсқауларға» реттік сандар беріледі.
Бақылау сұрақтары:
1. Кез келген кәсіпорында, ұйымдарда басқарудың өзара бағыныштылық тізбегі
қай көлемде болады?
2. Ұйымдық-өкімдік құжаттар жасалу барысында қандай мәселелерді шешеді?
3. «Лауазымдық нұсқаулықтар» құжаты нені белгілейді ?
4. «Нұсқау» құжаты қандай құжат болып табылады ?
5. «Ұсынамын», «Міндеттеймін» деген сөздер қай құжатқа және кай жерге
қойылады?Оларға не беріледі?
Бақылау тапсырмалары:
1.Бір ұйымдық құжат үлгісін құрастырыңыз.
2. Бір өкімдік (басқару) құжат үлгісін құрастырыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: