Ш қ о ә б б «Г е о л о г и я л ы қ б а р л а у к о л л е д ж і» к м қ к 0701000–«Геологиялық түсіру және пайдалы қазба кенорындарын іздеу мен барлау»


-сабақ.  3.4.тақырып.Тәжірибелік сабақ. Құжат мәтіні. Құжаттарды құрастыру



Pdf көрінісі
бет12/34
Дата16.12.2022
өлшемі0.55 Mb.
#467371
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   34
Мемл.тілде-іс.-қағаз-Экспер

8-сабақ. 
3.4.тақырып.Тәжірибелік сабақ. Құжат мәтіні. Құжаттарды құрастыру. 
Мәтін - құжаттың негізгі деректемесі. Мәтін негізінде екі бөлікке 
бөлінеді. Біріншісінде – құжатты толтыруға негіз болған жай көрсетіледі. 
Екіншісінде - қорытындылар, ұсыныстар, нұсқаулар немесе өтініш – тілектер 
жазылады.Мәтін азат жолдарға бөлініп жазылады. Бұл, әсіресе, ақпараттық 
құжаттарда кездеседі. 
Құжаттың мәтіні – құжатты жасау және рәсімдеуге ең басты деректемесі. 
Мәтінге қойылатын талаптардың ең маңыздысы – оның қысқа жазылуы. Мәтін 
бір беттен аспауы керек. 
Келісім-шарттар мен шарттардың көлемі шектелмейді, сондықтан екі – үш – 
төрт бет болуы мүмкін. Мәтін күрделі сөйлемдерді жай сөйлемдерге 
ауыстыруын, қайталаудың және артық сөздердің болмауын талап етеді. 
Сөйлемдер екі түрлі түсінік тудырмайтын, заңдылық тұрғыдан дұрыс, нақты 
болуы тиіс. Ойды нақты жазу, ол үшін сөздерді дұрыс таңдау керек және 
сөйлемдерді дұрыс құрастыра білу керек. Құжаттағы ұзыннан-ұзақ сөйлемдерді 
бірнеше сөйлемдерге бөліп, абзацтарға бөлген жөн, сонда түсінуге қиындықтар 
туғызбайды. 
Қызметтік хаттарда сөйлемдер байсалды, сыйластыққа негізделген әрі түсінікті 
болуы тиіс. Үзілді-кесілді пікірлерден аулақ болуы керек. 
Басқару құжаттардың көбі екі бөліктен тұрады: кіріспе – құжаттың негізін және 
жасау себебін құрайды; негізгі – тұжырымдар, ұсыныстар, өтініштер, шешімдер 
жазылады. 
Мәтінді жазу – құжат жасаудың ішіндегі ең күрделі процесс. Сондықтан 
неғұрлым көп пайдаланатын сөздер мен сөз тіркестерін қолдана білу қажет. 
Қызметтік хаттарда жалпы қабылданған қысқарған сөздерді кеңінен қолданады. 
Бақылау сұрақтары: 
1. Мәтін құжаттың қандай деректемесі болып табылады? 
2. Мәтінге қойылатын ең маңызды талап қандай? 
3. Мәтінге қойылатын қандай жалпы талаптар бар? 
4. Қызметтік хаттарда сөйлемдер қандай болуы керек? 
5. Басқару құжаттардың мәтіні неше бөліктен тұрады? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет