16-сабақ.
4.8.тақырып.Жеке құжаттар түрлері.
Күнделікті өмірге қажеттілік туған жағдайда әкімшілікке, сотқа,
нотариусқа, пошта бөліміне, банкке, тағы да басқа қызмет көрсету орындарына
қайсымыздың болмасын ісіміз түсуі мүмкін. Ресми құрылымдар мен ондағы
лауазымды адамдарға біздің көзқарасымыз да әр түрлі болады: оларға
құрметпен немесе күдікпен қарауымыз мүмкін. Соған орай ауызекі тілдесуде әр
қалай қатынас орнап жатуы мүмкін. Сондықтан мәселені дұрыс шешу үшін,
қызмет әдебін сақтау үшін, жазбаша түрде қалыптасқан қатынасқа жүгінгеніміз
жөн. Құқықтық және этикалық жағынан жағдайға сәйкес келетін белгілі бір
құжат түрін таңдаймыз.
Жеке адамның ұйымдармен қарым-қатынасындағы құжаттар жеке
құжаттар деп аталады. «Жеке» деп аталатын себебі – олар жеке адамның
атынан жазылады, немесе жеке адамға арналады. Мысалы: қолхат. Кез келген
құжаттан шынайлықты, мәліметтердің толық болуын талап етеді. Мәтіннің
тілдік нормасы дұрыстықты, анықтықты, қысқалықты, нақтылықты, сөздің
эмоцияға берілмеуін талап етеді. Әр жағдайда адам өз мәселесін дұрыс шешу
үшін түрлі жеке құжаттарға жүгінеді. Мысалы: ресми органдардан бір нәрсе
жөнінде сұрайтын болсақ, «Өтініш» жазамыз, ал енді басқа адамның бірдеме
істеуіне тапсырыс беретін болсақ, «Сенімхат» жазамыз.
Бақылау сұрақтары:
1) Қандай себептермен адам ісі түскен кезде әкімшілікке, сотқа, нотариусқа,
пошта бөліміне өз мәселесі бойынша жазбаша түрде қатынасқа кіреді.
2) «Жеке құжаттар» деп қандай құжаттарды атайды.
3) Кез келген құжаттан нені талап етеді.
4) Құжаттан қандай тілдік норманы талап етеді.
5) «Жеке» - деп неге жеке құжаттар аталады.
Бақылау тапсырмалары:
1) Келесі сөздерді аударыңыз: әкімшілік, сот, лауазымды, жазбаша түрде, жеке.
2) Мына сөз тіркесімен сөйлем құрыңыз: жеке құжаттар.
|