17
Кәсіпорынның (кеңсе) құрылымы және штат саны оны жарғысына (Құрылтай
құжаттары) сәйкес айқындалады.
Олар барлық бөлімшелері, лауазымдардың
атауы, әрбір лауазым бойынша штат саны арнайы құжатпен бекітіледі.
Құжат
кәсіпорынның бланкісінде жасалады, қол қойылады, мөрмен расталады.
Штаттық кестеде жалақы қоры және кәсіпорынның функциялары,
құрам саны
бекітіледі. Штаттық кестесінде тағы лауазымдық еңбекақы, айлық жалақы қоры
туралы мәліметтер болады.
Лауазымдық нұсқаулықтар – қызметкерлердің функциялары,
міндеттері мен
құқықтары
айқындалатын
құжат.
Лауазымдық
нұсқаулықтар
еңбек
қатынастарында даулар, қақтығыстар пайда болған жағдайда қажет.
Лауазымдық нұсқаулық негізінде келісім-шарты жасалады.
«Қызметкерлер туралы» ережесінде кәсіпорын жұмысын ұйымдастыру
мәселелері: еңбекақысы, демалыс беру тәртібі, құқықтар мен міндеттері, жұмыс
режимі көрсетіледі. Бұл еңбек келісім-шарттарына негіз болады.
Құрылтай құжаттарына жарғылар, ережелер кіреді. Олар ұйымдық құжаттарға
жатады.
Бақылау сұрақтары:
1.Кеңсе құжаттарының негізін қай құжаттар құрайды?
2.Кеңсе құжаттары қалай бекітіледі? Қалай ресімделеді?
3. Штаттық кестеде не көрсетіледі?
4. «Лауазымдық нұсқаулықтар» деген қандай құжат?
5. Қандай құжаттар келісім-шарттарға негіз болады?
Достарыңызбен бөлісу: