10
1.Сөздерді, сөз тіркестерді аударыңыз: мәтін,
бұрыштама,
негізгі бөлігі,
тақырыбы, құжатты толтыру мерзімі.
6-сабақ
3.2.тақырып.Баспа құралдарының көмегімен дайындалатын құжаттарға
қойылатын талаптар.
Құжат мәтіні А4 және А5 пішінді бланкідегі компьютер техникасының
құрылғылары көмегімен мөлшері 14 Arial немесе Times New Romanәріпте-
рімен жоларалық бір интервалда басылады .
Жазу машинкасында құжат мәтіні А4 пішінді бланкіде жоларалық бір жарым
интервалмен, А5 пішінді бланкіде жоларалық бір интервалмен басылады.
Құжат мәтінін басқан кезде тыныс белгілерінен кейін аралық орын
қалдырылады. Құжаттың бірнеше жолдан тұратын деректемелері жоларалық
бір интервалмен басылады. «Хат алушы», «Бекіту белгісі» және «Келісу
белгісі» деректемелеріндегі мекен- жай, «Бекітемін» және «Келісілді» сөздері
басқа құрамдас элементтерден компьютерлік техникасының құрылғысында
жоларалық екі интервалда және жазу машинасында жоларалық бір жарым ин-
тервалда бөлектенеді.
Құжатты ресімдеген кезде мәтіндік жиектің сол жақ шегінен мынандай
деректемелер басылады: 1.жоғары тұрған органның ресми атауы;
2.ұйымның ресми атауы; 3.құжаттың жасалған немесе басып шығарылған жері;
4.қосымшаның бар-жоғы туралы белгі; 5.қойылған қолы; 6.келісу белгісі;
7.келісу бұрыштамасы; 8. орындаушы туралы белгі; 9.құжаттың орындалғаны
және оның іске жіберілгені туралы белгі; 10.құжаттың электронды
көшірмесі-
нің сәйкестендіргіші.
Құжат түрінің атауы, құжаттың тіркеу нөмірі және мәтінге қойылатын тақырып
ортаға қарай теңестіріледі. Құжат мәтінінің бірінші жолы азат жолдан
басылады. Азат жол мәтіндік жиектің сол жағынан бес баспа белгісінен кейін
басталады.
Бақылау сұрақтары:
1.Баспа құралдарының көмегіменқұжат мәтіні А4 және А5
пішінді бланкісінде
қандай жоларалық интервалмен басылады?
2.Қандай жағдайда жоларалығы екі интервалды болып басылады?
3.Құжатты ресімдеген кезде қандай деректемелер басылады?
4.Қандай деректемелер ортаға қарай теңестіріледі?
5.Азат жолы туралы айтып беріңіз?
Достарыңызбен бөлісу: