9
1.Мына сөздерді және сөз тіркестерді аударыңыз, сөйлем құрыңыз: құжаттарды
бір ізге түсіру, жинақ түрінде ресімделеді, нысандары, шығу тегі, қол жеткізуге
шек қойылу деңгейі, құпия.
5-сабақ.
3.тарау.Құжат құрылымы.
3.1.тақырып.Құжат формуляры және оның құрамдас бөліктері.
Іс қағаздары өз міндетіне толық жауап беру үшін мекеме формулярына сәйкес
қурылуы керек. Формуляр – іс қағаздарында
негізгі құрылымдық бөліктерді,
реквизиттер бірлігін құрайды. Құжаттың жеке құрамды бөлігі деректеме деп
аталады. Тұрақты деректеме (реквизит) - баспаханалық жолмен
дайындалған
, бірыңғай формаға немесе фирмалық бланк деп аталатын қағазға түседі. Бланк
деп бетінде деректемесі бар, тұрақты ақпараты бар бір парақ қағазды айтады.
Әр іс қағазының авторы болады. Қызметтік іс қағаздары ереже бойынша
мекеме , ұйым атынан жолданады.
Құжаттардың міндетті деректемелеріне мыналар жатады:
-ұйымның атауы;
-ұйымның коды;
-құжаттың атауы;
-тақырыбы;
-құжат түрінің коды;
-құжатты толтыру мерзімі;
-индексі;
-мәтіні;
-бұрыштамасы;
-қойылған қолы, мөрі;
-құжаттың орындалғаны және іске тіркелгендігі туралы белгі.
Әсіресе, «Құжаттың күні», «Қол қою», «Мөр, «Құжатты бекіту грифі»
сияқты
деректемелер аса маңызды болып табылады. Олар құжатқа заңдық күш береді.
Әрбір құжатты 3 негізгі бөлікке бөлуге болады:
-тақырыптық (оған мәтінге дейін орналасқан деректемелер кіреді)
-негізгі (оған «Құжаттың мәтіні» және «Қосымшалардың
болуы туралы
белгілер кіреді)
-ресімделуші (құжат мәтінінің астында орналасқан
деректемелер және
қосымшалардың болуы туралы белгілер кіреді)
Бақылау сұрақтары:
1.Деректеме деп нені айтады?
2.Құжаттардың міндетті деректемелеріне нелер жатады?
3.Қандай деректемелер аса маңызды болып табылады?
4.Құжаттың негізгі үш бөлігін атаңыздар.
5.Ресімдеуші бөлікке нелер жатады?
Достарыңызбен бөлісу: