6
2-сабақ.
2тарау.Құжаттама жүйелері.
2.1.тақырып.Құжаттарды және құжатты ақпаратты топтастыру.
Құжаттарды
топтастыру
деген
оларды
ұқсастықтары
мен
айырмашылықтары бойынша бөлу болып табылады.
1.Белгілеу
тәсіліне қарай құжаттар жазба, графикалық, акустикалық (фото,
кино, бейнеқұжаттар) болып бөлінеді.
2.Мазмұнына қарай – ұйымдық-өкімдік,
қаржы-есеп, жабдықтау – өткізу
құжаттары болып бөлінеді.
3.Атауына қарай – көптеген түрге бөлінеді: ережелер,
бұйрықтар, хаттамалар,
жарғылар, арыздар, хаттар т.б.
4.Түріне қарай құжаттар типтік, үлгілік, жекелік, қалыпты,
жалпыға бірдей
болып бөлінеді.
5.Толтыру орнына қарай құжаттар ішкі және сыртқы (кіріс, шығыс)
болып
бөлінеді.
6.Орындалу мерзімі бойынша құжаттар жедел және жедел емес (жай) болып
бөлінеді.
7.Шығу тегіне қарай құжаттар қызметтік және ресми-жекелік (атаулы) болып
бөлінеді.
8.Жариялық дәрежесіне қарай құжаттар қарапайым, күнделікті қызметте
қолдану үшін және құпия болып бөлінеді.
9.Заңдылық күшіне қарай шын және жалған құжаттар болып бөлінеді.
10.Жасалу сатысына қарай түпнұсқа (бірінші данасы)
және көшірме құжаттар
болып бөлінеді.
11.Сақталу мерзіміне қарай – 10 жылдан жоғары тұрақты мерзімге сақталатын
және 10 жылға дейін уақытша мерзімге сақталатын.
ГОСТ 6.10.1-88 бойынша Қазақстан Республикасында
Қызмет ерекшеліктеріне қарай «Құжат толтырудың бірыңғай жүйесі. Негізгі
ережелер белгіленген. Осы мемлекеттік стандартқа сәйкес құжаттың 16
бірыңғай жүйесі бар: жоспарлы, есептік-санақтық, алғашқы есептеу, қаржылық
және бухгалтерлік-есептік,
ақшалау есеп айырысу, ұйымдық-өкімдік, баға
белгілеу бойынша, сыртқы сауда бойынша,
құрылыс жобасы, еңбек және
әлеуметтік мәселелер бойынша, транспорт жүйесін
жедел жоспарлау және
басқару жұмысы бойынша, халыққа тұрмыстық көрсету бойынша,
өнертапқыштық
және жаңалықтар ашу бойынша, әлеуметтік қамсыздандыру
бойынша.
Достарыңызбен бөлісу: