21
күйінде қарама-қарсы қояды.Тілдерді шұжық және консерві өндірістеріне
қолдану үшін олардан қосымша мүйізденген шырышты қабықты
температурасы 70-80 С су түсетін центрифугада (айналу жилігі 120-130 мин )
сыпырып алады. Сиыр тілін 3-4мин шошқа тілін 1.5-2 мин, қой тілін 1-1.5мин
өңдейді.Тілдерді суық ағынды суға батырып, содан соң тіл асты етті кесіп
алады.
Ливерді суық сумен себезгі астында немесе үздіксіз қозғалыстағы жуу
барабанында жуады. Стол үстінде орналасқан ілгектерге кеңірдектен іліп,
столдың шетінде майсыздандырады жане құрамдас бөліктерге бөледі. Жуу
барабанынан жұмыс орнына ливер пластиналы тасымалдағышпен беріледі.
Бауыр мұқият тексеріледі, себебі онда гистер мен микрофлолардың
ұрықтары (ағзада қанның сүзілу кезінде) болуы мүмкін. Ұлпаның
тығыздануы немесе басқа да потологиялық өзгерістер байқалса, зақымданған
жерді алып тастайды. Бауырды пленка, лимватикалық түйіндерден тазартып,
майсыздандырады және жуады.
Өкпеден май және бұлшықет ұлпасын кесіп алады, екі бөлікке бөледі
және жуады.
Жүректен майды кесіп алады, қабынан босатады, бөледі және жуады.
Кеңірдектен майын алады, диафрагмасын бөледі және жуады.
Диафрагманы ет кесіндісімен бірге майсыздандырады, бөтен ұлпалар мен
ластардан тазалайды, жууады. Механикаландырылған ағынды желлерде
ливерді үздіксіз қозғалыстағы жуу барабанында жуады.
Көк бауырды бөтен ұлпалардан тазартады, 2-3 бөлікке кесіп, мұқият
жуады.
Бүйрек.Ірі қара малмен шошқа бүйректерін май капсулаларынан және
қабығынан ажыратады, қан тамырлар мен мочеточниктерден ажыратады.
Желінді бірнеше бөліктерге жуу кезінде шығатын ағыстан сүттің жақсы
тазалануы үшін бөледі.
Достарыңызбен бөлісу: