Ш. А. Абжанова Алматы: ату, 2009. 65 б



Pdf көрінісі
бет34/62
Дата02.01.2022
өлшемі1.06 Mb.
#452521
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   62
abzhanova sha et zhne et onimderinin tekhnologiiasy

аттас қатпарлар -  pila longitudinalis dextra et sinistra, pila cranialis et caudalis  - 

көрінеді.  Бұл  қатпарлар  аралығында  мес  қарынның  ішкі  тесігі  -  ostium 

intraruminale - болады. Мес қарынның бүйір беттерінде ұзынша сайлармен қатар, 

оң  және  сол  қосымша  сайлар  -  sulcus  accessorius  dexter  et  sinister  -  болады. 

Бұларда ішкі кілегейлі қабық беттеріндегі оң және сол қосымша қатпарлар -  pila 

accessoria  dexter  et  sinister  -  сәйкес  орналасады.  Аталған  сайлар  мен  қатпарлар 

олардың аралығында жатқан мес қарын аралшасын - insula ruminis - түзеді. Мес 

қарынның  артқы  екі  бүйіріндегі  ұзынша  сайларға  тік  бағытта  дорсальды  және 

вентральды  тәждік  сайлар  -  sulcus  coronarius  dorsalis  et  ventralis  -  өтеді.  Бұл 

сайларға да қарама-қарсы ішкі кілегейлі қабық бетінде аттас қатпарлар - pila 

coronaria  dorsalis  et  ventralis  -  жатады.  Осы  аталған  сайлар  мен  қатпарлар  мес 

қарынның  каудодорсальды  және  каудовентральды  тұйық  қапшаларын  -  saccus 

cecus caudodorsalis et caudoventrflis - бөліп түрады. 

Мес  қарынның  алдыңғы  жағындағы  сыртқы  краниальды  сай  мен  ішкі 

аттас  қатпар  мес  қарын  кіреберісін  -  recessus  ruminis  және  краниальды-

вентральды  қалташаны  -  recessus  ventralis  -  бөліп  тұрады.  Мес  қарын 



33 

 

кіреберісіне өңеш жалғасады. Мес карын кіреберісі жұмыршақтан мес қарын-



жұмыршақ  сайы  мен  ішкі  кілегейлі  қабық  бетіндегі  аттас  қатпар  -  sulcus 

ruminoreticularis,  pila  ruminoreticularis  -  арқылы  бөлінеді.  Бұлардың 

аралығында мес қарын-жұмыршақ тесігі— ostium ruminoreticulare - жатады. 

Мес  қарынның  кілегейлі  қабығы  көпқабатты  жалпақ  эпителиймен 

астарланған.  Кілегейлі  қабықтың  қарын  қуысқа  қараған  бетінде  емізікше 

бүрлер  -  papilla  ruminis  -  орналасады.  Эпителий  астында  өзіндік  пластинка, 

оның  астында  кілегейліасты  қабат  орналасады.  Олар  борпылдақ  дәнекер 

тканьнен түзілген. Кілегейлі қабықтың ет қабаты жетілмеген. Оның орнында 

тек  бірыңғай  салалы  ет  тканінің  жеке  клеткаларын  кездестіруге  болады.  Ет 

қабығы сыртқы ұзынша, ішкі сақинаша қабаттардан түзілген. Бұл қабаттарды 

бірыңғай  салалы  ет  ткані  құрайды.  Сыртқы  сірілі  қабық  мес  қарынның  екі 

бүйіріндегі ұзынша сайларда тоғысып, үлкен шарбыға айналады. Қарынның 

вентральды қабы шарбы қапшығында жатады. 

Қой  мен  ешкінің  мес  қарындарының  вентральды  қабы  дорсальды 

қабына карағанда ұзындау келеді. 

Жұмыршақ  (сетка)  -  reticulum  -  көлемі  жағынан  ірі  қара  малда 

қатпаршақтан  кіші,  ұсақ  малдарда,  керісінше,  үлкен  болып  келеді. 

Жұмыршақ  мес  қарынмен  мес  қарын-жұмыршақ  тесігі,  ал  қатпаршақпен 

саңылау  тәрізді  жұмыршақ-қатпаршақ,  тесігі  -  ostium  reticuloomasicum  - 

арқылы  қатысады.  Жұмыршақта  аддыңғы  диафрагмальды  беті  -  facies 

diaphragmaticum,  артқы  іштік  висцеральды  беті  -  facits  visceralis  және 

дорсальды  жағында  жұмыршақ  иіні  -  curvatura  reticeli  -  болады.  Өңештен 

жұмыршақ қабырғасына қарай жұмыршақ сайы - sulcus reticuli - өтеді. Оның 

екі жиегінде оң және сол ернеулер - labium dextrum et sinistum - мен олардың 

аралығында  сай  түбі  -  fundus  sulci  reticuli  -  болады.  Ернеулердің  негізін 

ұзынынан, ал сай түбін көлденеңінен орналасқан етті клетка будалары түзеді. 

Жұмыршақ  сайы  өңештен  қатпаршаққа  дейінгі  аралықта  спиралъ  тәрізді 

бұралып  жатады.  Осының  нәтижесінде  жұмыршақ  сайының  оң  ернеуі 

қатпаршақка  өту  алдында  оның  сол  жағына  ауысады.  Жұмыршақтың 

кілегейлі  қабығы  көпқабатты  жалпақ  эпителиймен  астарланған.  Кілегейлі 

қабық  қабаттарының  құрылысы  мес  қарынның  кілегейлі  қабығына  ұқсас. 

Жұмыршақтың  кілегейлі  кабығындағы  қозғалмалы  қатпарлар  пішіні 

көпбұрышты  жұмыршақ  торламасын  -  cellulae  reticuli  -  түзеді.  Торлама 

жиектерін жұмыршақ қыршалары - cristae reticuli - құрайды. Бұл қыршалар 

мес  қарынға  жақындаған  сайын  мес  қарын  бүрлеріне  ұқсас  бүрлерге,  ал 

жұмыршақ  сайының  қатпаршаққа  ашылар  алдында  торламадан  түзілген 

кейбір  бүрлер  ұзарып,  мүйізденіп,  тырнақша  бурлерге  -  papillae  reticuli  - 

ауысады. 

Жұмыршақтың  ет  қабығы  сыртқы  (көлденең),  ішкі  (ұзынша) 

қабаттардан тұрады. Жұмыршақ сыртынан сірілі қабықпен қапталған. 

Қатпаршақ  (книжка)  -  omasum  -  пішіні  дөңгелекше  келген  ал-дынғы 

қарынның  бөлімі.  Ол  жұмыршақты  ұлтабармен  жалғастырып  тұрады. 

Қатпаршақ жұмыршақ пен ұлтабардың бір-бірінен жіңішкелеу келген мойны- 



34 

 

collum  omasi  -  арқылы  бөлінетін  жерінің  үстіңгі  бетінде  орналасады. 



Қатпаршақтың  да  қарынның  алдыңғы  бөлімдеріне  тән  қабырғалық,  іштік 

(висцеральды)  беттері  және  дор-сальды  иіні  -  curvetura  dorsalis  -  болады. 

Қатпаршақтың қуысы жұмыршақпен жұмыршақ - қатпаршақ тесігі - ostium 

reticuloomasicum, 

ұлтабармен  қатпаршақ-ұлтабар  тесігі  -  ostium 

omasoabomasicum  -  арқылы  қатысады. Бұл  тесіктер  өзара  қатпаршақ  сайы  

sulcus  omasi  -  арқылы  жалғасады.  Қатпаршақтың  аталған  сай  өтетін  бөлігін, 

оның түбі немесе қатпаршақ негізі - basis omasi - дейді. 

Қатпаршақтың  кілегеилі  қабығы  көпқабатты  жалпақ  эпителиймен 

астарланған.  Кілегейлі  қабықтың  ішкі  бетінде  жапырақша  тәрізді  жалпақ 

қатпарлар  болады.  Олар  қатпаршақ  негізімен  біріге  отырып,  қатпаршақ 

өзегін - canalis omasi - түзеді. Бұл өзек одан әрі қатпаршақ-ұлтабар сайына - 

sulcus  omasoabdomasicum  -  жалғасып,  қатпаршақ-ұлтабар  тесігінің  төменгі 

жиегін құрайды. 

Қатпаршақ  жапырақшалары  бетінде  азықты  сығып  ұсақтау  қызметін 

атқаратын бүртіктер - papillae omasi - орналасады.  Пішіні мен көлеміне  қарай 

қатпаршақ  жапырақшалары  төрт  түрге  бөлінеді:  үлкен,  орташа,  кіші  және  тым 

кіші.  Тым  кіші  жапырақшалар  үлкен  жапырақшааралық  қалташа  -  recessus 

interlaminares - түбінде ор-наласады. 

Қатпаршақтың  ет  кабығын  да  бірыңғай  салалы  ет  ткані  түзеді.  Ол 

сыртқы ұзынша, ішкі көлденең қабаттардан тұрады. Ішкі көлденең ет қабаты 

қатпаршақ-ұлтабар тесігі қабырғасында қысқыш етке айналады. 

Қатпаршақ сыртынан сірілі қабықпен қапталған. 

Қатпаршақтың үлкен жапырақшаларының саны ірі кара малда – 12-14; 

қойда – 9-10; ешкіде – 10-11 болады. 

Ұлтабар (сычуг) - abomasum - көпбөлімді, қарынның химиялық жолмен 

азықты қорыту процесІ басталатын бөлімі. Сондықтан оны нағыз қарын деп 

те атайды. 

Ұлтабардың  пішіні  алмұрт  тәріздес  болып  келеді.  Көлемі  жағынан  ол 

ересек жануарларда екінші, ал жас төлдерде бірінші орында. 

Ұлтабардың  қабырғалық  (париетальды),  іштік  (висцеральды)  беттері, 

улкен.  және  кіші  иіні,  денесі  және  түбі  -  corpus  et  fundus  abomasi  -  болады.  Ол 

қатпаршақтан  кең  қуысты  болып  басталып,  пилорикалық  бөлікке  дейін 

жіңішкеріп  келеді  де,  дорсальды  бағытта  сәл  иіліп,  он  екі  елі  ішекке  ауысады. 

Ұлтабардың  пилорикалық  бөлігінің  он  екі  елі  ішекке  ауысар  жерінде  пилорус 

(қақпаша)  қысқыш  еті  -  sphincter  pylori  -  орналасқан.  Ол  кіші  иін  жағында 

жастық - torus pyloricus - тәрізді төмпекше түзеді. 

Ұлтабардың  кілегейлі  қабығы  бірқабатты  призма  тәрізді  эпителий 

тканімен  астарланған.  Кілегейлі  қабығындағы  кардиальды,  фундальды  және 

пилорикалық  бездер  қарын  сөлдерін  бөледі.  Бұлар  орналасқан  аймақтар 

ішіндегі ең көлемдісі фундальды бездер аймағы. 

Кілегейлі қабықтың ішкі бетінде иірімді ұзынынан орналасқан қатпарлар 

plicae spirales abomasi - болады. Осы қатпарлар қатпаршақ ұлтабар тесігі маңында 

бір-бірімен бірігіп, тесік ішінде екі үлкен қатпар түзеді. Бұл қатпарлар ұлтабар 




35 

 

желкені  -  vela  abomasica  -  деп  аталады.  Ұлтабар  желкені  ұлтабар  қуысында 

қорытылып  жатқан  азықтың  кері  қатпаршаққа  өтуіне  жол  бермейді.  Иірімді 

қатпарлардың саны ірі қара мал ұлтабарында – 12- 16, қойда - 13 - 15, ешкіде - 16 

- 17 болады. 

Ұлтабардың  ет  қабығы  сыртқы  ұзынша,  ішкі  сақинаша  қабаттарынан 

түзіледі.  Ұлтабардың  пилорикалық  бөлігіне  қарай  сақинаша  қабаты 

қалыңдап, қақпаша (пилорус) қысқыш етін жасайды. 

Ұлтабарды  сыртынан  сірілі  қабық  қаптап,  оның  үлкен  және  кіші 

иіндерінде тоғысып, аттас шарбыларға айналады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   62




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет