Ш. А. Абжанова Алматы: ату, 2009. 65 б



Pdf көрінісі
бет60/62
Дата02.01.2022
өлшемі1.06 Mb.
#452521
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62
abzhanova sha et zhne et onimderinin tekhnologiiasy

Майды  салқындату.      Майға  біртекті  структура  және  тығыз 

консистенция  беру  үшін  және  қышқылдану  процессін  тоқтату  үшін 

шыжғырылған  майды  орар  алдында  салқындатады.  Салқындату  тереңдігі 

майдың қасиетіне және салқындату жағдайына байланысты. Қой  және сиыр 

майларын үлкен ыдысқа (бөшке, жәшік, континер) орау кезінде 30-40ºС дейін 

салқындатады,  ал  шошқа  және  сүйек  майын  30-35ºС  дейін.  35ºС  дейін 

салқындатылған  ұсақ  ыдысқа  (250-500г)  салынатын  майды  қайтадан 

қосымша  18-21ºС дейін салқындатады.  

 Майды  салқындату  үшін  периодты  және  үздіксіз  жұмыс  жұмыс 

істейтін  аппараттарды  қолданады.  Периодты  жұмыс  істейтін  аппаратқа  түбі 

конусты екі қабырғалы қазандар жатады.  

Үздіксіз  жұмыс  істейтін  аппаратта  май  тез  салқындатылады, 

салқындату  процессі  кезінде  май  ауамен  жанаспайды.  Үздіксіз  жұмыс 

істейтін  салқындатқыштарға  жұқа  қабырғалы  түтікті  (ОЖ;  Д5-ФОЖ; 

«АСТРА»)  және  пластинкалы  («Де-лаваль»;  «Центрифлоу»;  «Майонер»; 

«Центрибон»;  «Вестфалия-  Супратон»)  аппараттары,  салқындатқыш 

барабандар  және  т.б  жатады.  Үсақ  ыдысқа  орау  кезінде  майларды  12-14ºС 

дейін  салқындату  үшін  аммиакты  жүйемен  салқындатылатын  «Астра», 

«Вотатар», «Джонсон» салқындатқыштарды қолданады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет