Ш. А. Абжанова Алматы: ату, 2009. 65 б


Бас  пен  сирақтарды  бөлу



Pdf көрінісі
бет40/62
Дата02.01.2022
өлшемі1.06 Mb.
#452521
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   62
abzhanova sha et zhne et onimderinin tekhnologiiasy

Бас  пен  сирақтарды  бөлу.Теріні  шешкеннен  соң  басты  басты  бөліп 

алып  бас  ілетін  конвейерге    іліп  жібереді.  (немесе  ілгіштерге),  мұнда  оны 

ветеренар  дәрігер  қарайды.  Содан  кейін  ұшаны  әрі  қарай  өңдеу  үшін 

забеловка  конвейеріне  орнатады.Қансыздандыру  учаскесіндегі  аспалы  жол 

биіктігі  4,6  м,  ал  забеловка  аумағындағы  және  келесі  учаскелерде  3,35  м. 

Ұшаны  қайта  ілуді  екі  жолмен  (әдіспен)  жүзеге  асырады:  жолдың  иілген 

учаскесінін көмегімен және механикалық аспаптармен.  

Қайта  ілу  процесінде  артқы  аяқтардан  теріні  шешіп путовой  буынмен 

жіліншекті  бөліп  алып,  екі  сирақтың  ахил  сіңірлерінін  астына    ілгектерді 

кіргізеді. Ілгектердің  бас жағы роликті болып келеді, осы роликті ілгектердің  

ұшы іреу операциясының аспалы жолдарына отырғызылады, 

Іреу.  Ұшадан  теріні    шешуден  бұрын  алдын  -ала  терінің  бір  бөлігін 

қолмен  шешу  –  іреу  операциясы  жүргізіледі.Тріні  қолмен  сирақтардан 

мойын,  сондай  –  ақ  ұшаның  төс  және  қарын  аймақтарынан  шешеді.Ірі  қара 

мал  үшін  іреу  ауданы  25  -30  %  -  ды  құрайды,  апл  кей  жағдайларда  терінін 

барлық  ауданынан  алғанда  одан  да  асады.Ұша  неғұрлым  қоңды  болса, 

соғұрлым  іреу  ауданы  үлкен  болады.Іреу  сапасы  кейінгі,  соңғы  теріні 

шешуге әсерін тигізеді. 

Іреуді  ұшаның  терісін  механткалық  түрде  шешуге  дайындау 

мақсатында  жүргізеді.  Механикалық  шешуге  арналған  қондырғылар  жұлу 

принципі  бойынша  жұмыс  істейді.  Теріні  ұшадан    беріктігі  ең  төмен    тері 

асты клетчатка бойынша ( бос байланыстырушы ұлпа ) 

бөліп алады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   62




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет