63
өңдеуге болады. Ұнтақталған шикізаттан май вакуумды шыжғыру кезінде
ауадағы көміртегінің майға әсері жойылады, оның тағамдық құндылығын
жоғарылататын немесе сақтауға төзімділігін жоғарылататын майдағы
витаминдер, каротиноидтар, лецитиндер сақталады. Ұнтақталмаған май
шикізатын түріне, майының құрамына байланыстыекі немесе үш фазалы
қысымда шыжғырылады.
Шыжық өңдеу. Периодты және үздіксіз жұмыс істейтін аппараттарда
майды шыжғыру әдістерінің біреуі май шикізатынан майдың толық шығуын
қамтамасыз етпейді және олардың кейбір бөліктері шыжықта қалып қояды.
Сондықтан шыжықтан майды қосымша әртүрлі әдістермен шығару
қажеттілігі туындайды. Осылай алынған майдың сорты май шикізатынан
алынған майдың сортынан төмен болады. Ашық қазаннан алынған дымқыл
шыжықты атмосфералық және үлкен қысымда суда майсыздандырады.
Ашық қазанда шыжықты қайнату 100°С температурада 2.5 сағат
аралығында, ал автоклавта -0.2-0.25МПа қысымда 2сағат аралығында
жүргізіледі. Процесс аяқталғаннан кейін қазанның ішіндегісіне тұз қосып,
тұндыруға қояды. 5% ке дейін майы бар қайнаған шыжықты 75ºС
температурада, 0.08МПа қысымда 3.5-4 сағат дейін ылғалдылығы 6-8%
вакуум астында кептіргеннен кейін, құрғақ азық өндіруге жібереді.
Достарыңызбен бөлісу: