Майды қоспадан және ылғалдан тазарту. Сүйектен және май
шикізатынан шығару нәтижесінде алынған майды, шыжықтан пресстеу және
қайнату арқылы алған майда судың, сүйектің және шыжықтың, минералды
тұздардың май сапасын төмендететін қоспалары бар. Ашық екі қабырғалы
қазанда шыжғырылған майдың құрамында 0.6-1.6% ылғал, 0.15-0.5%
қоспалар бар. Горизонтальды вакуумды қазанда шыжғырылған 0.1-0.3 және
0.3-0.5% май сәйкес. Әсіресешыжықты пресстеу арқылы алынған май
қоспалармен ластанған. Шыжғырылған майды ылғылдан және қоспадан
тұндыру, фильтрлеу және сепарирлеу арқылы тазалайды.
Тұндыру –майдың және ондағы майдан ауыр қоспалардың
тығыздықтарының әртүрлігіне негізделген. Тұндыру кезінде майдың сапасы
нашарламайды, себебі май ұзақ уақыт ауамен байланыста болады. Майды
тұндыру тепмературада сағат аралығында жүреді. Тұндыру үшін көлемі және
конструкциясы
әртүрлі
қабылдағыштарды
және
тұндырғыштарды
қолданады.
Фильтрлеуді – вакуумды горзонтальды қазанда шыжғырылған майдың
шыжығының құрғақ бөліктерін алып тастау үшін қолданады. Өйткені
шыжғырғаннан кейін оларда ылғалдың құрамы болмайды.
Майды сепарирлеу центрден тепкіш күштің әсеріненбөлінген
заттардың тығыздықтарының әртүрлігіне негізделген және майды
тазалаудағы тиімділігі болып табылады. Сепарирлеу кезіндегі қоспалардың
күшті және өте жылдам бөліктері үшін майға температурасы 80-90°С
болатын 10-15% су қосады. Сепарирлеуге түскен майдың температурасы 96-
100ºС болу керек.
|