Ш. А. Шортанбаев 1


Казахская проза начала ХХ века



Pdf көрінісі
бет3/8
Дата09.01.2024
өлшемі352.22 Kb.
#488719
1   2   3   4   5   6   7   8
Казахская проза начала ХХ века
в исследованиях Зинола Бисенгали
Данная статья посвящена научной деятельности доктора филологических наук, профессора, 
академика Международной академии общественных наук имени Шынгыса Айтматова 
Зинол-Габден Кабиұлы Бисенгали, внесшего неоценимый вклад в исследование казахской 
литературы, в изучение казахской прозы начала ХХ века. Актуальность научных исследований 
заключается в анализе и выявлении особенностей первых образцов прозаического жанра, 
опубликованных в прессе, в изучении становления отечественного прозаического жанра начала 
нового века, определения закономерностей его развития, достижений и недостатков. Также 
в статье рассматриваются предпосылки становления и развития профессиональной прозы 
и ее неповторимая оригинальность, связь прозы с реальной жизнью народа; анализируются 
уникальные методы и стили отдельных писателей, которые исследовал в своих научных трудах 
З. Бисенгали. Особое внимание уделено углубленному изучению формирования романного 
мышления в нашей литературе. В статье исследуются художественные особенности казахского 
романа начала ХХ в., проанализированные в исследованиях Зинол-Габден Бисенгали, подробно 
рассматриваются тематико-мировоззренческие, художественно-стилистические исследования 
казахских писа телей, таких как Ш. Кудайбердыулы, М. Дулатов, С. Торайгыров, Ж. Аймауытов, 
М. Ауэзов, С. Сейфуллин, С. Муканов и др. В статье также представлены работы ученого, 
раскрывающие особенности мышления казахских романистов начала ХХ века и различные 
факторы, повлиявшие на их творчество.
Ключевые слова: национальная проза, роман, романтическое мышление, литературное 
развитие, художественный поиск, стиль, жанр.
Кіріспе
Ұлттық прозаның бастау-көздері, түп-
төркіні ауыз әдебиетінде, ертегілер мен аңыз-
дарда жатқанын, кәсіби көркем прозаның негізін 
Шоқан, Ыбырай, Абай қалағанын білсек те, 
ұлттық прозаның шынайы қалыптасып, жан-
жақты жетіліп, жаңа деңгейден көрінген кезі 
ХХ ғасырдың алғашқы ширегінен басталатыны 
анық. Шынында да, жиырмасыншы ғасырдың 
басындағы қоғамдағы тарихи-әлеуметтік жағ дай 
мен қоғамдық, тарихи санадағы әрқилы өзгерістер 
рухани санаға да ықпалын тигізбей қалған жоқ. 
«Алаш қозғалысының қайраткерлері жоспар-
ларын, бағыттарын шығармашылық қыз метке 
бағыттау арқылы поэзия, проза, публицистика 
сынды жанрларды дамытты» (Ismakova, 2019: 
71). Әдебиеттің қоғамдық, танымдық қыз меті 
күшейіп, түрлі көркемдік-эстетикалық ізденіс-
тердің, әдеби даму заңдылықтардың әсерінен 
қаламгерлердің жаңа жанрларды орнық тыруға 
жасаған әрекеттері де жеміссіз болған жоқ. Ака-
демик С. Қирабаевтың сөзімен айтқан да «...тари-
хи оқиғалар легінің қабаттасуы, адам өмірі мен 
тағдырының күрделілігі, өлеңнің ауқы мына сый-
мастай өзгерістердің молдығы прозаның дамуын 
жеделдетті» (Қирабаев, 1998: 22).
Осы тұста қолға алынған алғашқы газет, 
журналдар өткен ғасырдың басындағы ұлттық 
көркем прозаның жариялануына, таралуына 
айрықша қызмет етті. Сөйтіп, болашақта кәсіби 
ұлттық көркем прозаға жалғасатын алғашқы 
адымдар, игі қадамдар баспасөз бетінде жа-
салып, төл прозамыздың қалыптасуы мен 
жетілуіне, өркендеуіне өзіндік үлес қосты. 
«Қазақ әдебиетінің сол дәуірдегі творчестволық 
пробле маларын мүмкін қадерінше сарапқа са-
лып, жұрттың эстетикалық талап-талғамын 
қалыптас тыруға алғашқы қадам жасаған да 
«Айқап» журналы мен «Қазақ» газеті» (Кәкішев, 
1994: 72). Қазан төңкерісіне дейін шығып 
тұрған мерзімді басылым біршама болғанымен, 
біразының түрлі себептермен әдеби айналымға 
түспегені белгілі, енді кейбірінің әдебиет 
мәселелеріне көңіл бөлуі тым мардымсыз еді. 
Сондықтан да ағартушы-демократтардың ор-
ганы болған «Айқап» журналындағы ұлттық 
прозаның мәселелерін қарастыруға ғана қол 
жеткізе алды. Алдын-ала айта кетейік, тәуел-
сіздік алған соң ақтаңдақтарды айтуға мүмкіндік 
болған сәттен бұл мәселеге зерттеуші жете көңіл 
бөліп отырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет