Ш. А. Шортанбаев 1



Pdf көрінісі
бет5/8
Дата09.01.2024
өлшемі352.22 Kb.
#488719
1   2   3   4   5   6   7   8
Сонымен бірге, журнал бетінде аударма 
саласына да көңіл бөлініп, орыс, батыс және 
шығыс әдебиетінің тамаша туындыларын 
қазақ оқыр мандарына таныстыру қолға алын-
ды. Сөйтіп, өз халқын дүние жүзі әдебиетінің 
үлгілері мен таныстырды. Зерттеуші журнал 
бетінде жа рияланған аудармаларға, соның 
ішінде, прозалық туындыларға жеке-жеке 
тоқта лып, ол туындылардың қазақ қоғамына 
қажет тілігін, әдеби үдерістің дамуына әсерін 
айқын дап, бірқатар еңбек атқарды. Зерттеуші 
сапасы түрлі деңгейдегі, көлемі әр қилы 
аударма ларды сараптай келе, олардың ұлт 
мүддесімен үндес келетінін, ал классикалық 
туынды лардан жасалған аудармалардың ұлт 


155
Ш.А.
Шортанбаев, А. Мамыров
әдебиетінің ілгерілеуіне де ықпалы болған деп 
тұжырымдайды.
Өткен ғасырдың бастауында тарих табал-
дырығын аттап, жаңа өмірдің жаршысындай 
болып руханият әлеміне өзгеше құбылыс болып 
енген жаңа жанрдың бірі роман болғандығы да-
усыз. Романды Ахмет Байтұрсынов ұлы әңгіме 
деп сипаттайды: «Ұлы әңгіме шығарушылар 
(романшылар) роман жазғанда тақырыпты не 
өз заманындағы тұрмыс сарынынан алады, не 
өткен замандағы тұрмыс сарынынан алады, не-
месе алдағы заманның сарынын болжай жаза-
ды. Роман алған замандағы тұрмыс сарынын 
көрсеткенде, сондағы адамдардың – үлкені-
кішісі бар, жақсы-жаманы бар, байы-кедейі, 
төресі-қарасы бар, жасы-кәрісі бар – не істейді, 
не тілейді; неге сүйініп, неге күйінеді; неден 
именеді, неден күйзеледі; нені жақтырады, неден 
жиренеді, неге құмар, неге сұлық» (Байтұрсынов, 
1989: 280).
Қазақ қаламгерлерінің тың жанрды игеру-
дегі сәтті-сәтсіз ізденістері Ә. Бөкейханов,
А. Бай тұрсынов, М. Әуезов бастаған талай зия-
лылардың, әдебиет жанашырларының, зерт-
теушілерінің назарына ілігіп, көңілін аударғаны 
да белгілі. «Алғаш рет қазақ прозасын қазақ 
әдебиеттанушысы Ахмет Байтұрсынов зерттеді» 
(Satylkhanova, 2018: 128). 
Одан бергі уақытта романның қазақ 
әдебиетіне қосқан үлесі, алатын орны, маңызы 
мен мәні турасында том-том зерттеулер, кітаптар 
жарияланды. Қадау-қадау мәселелері іргелі 
монографиялардың зерттеу нысанына айналып, 
ұлттық әдебиеттану ғылымының дамуына үлес 
болып қосылды. Жанр әдебиетіміздің жетекші 
саласына айналды.
Дегенмен, жаңа ғасыр көкжиегінде дәуір 
тудырған бұл жанрдың тәуелсіздік кезеңінде 
ұлттық мүдде, жаңаша бажайлау тұрғысынан 
зерделеу, ақтаңдақ болып келген туындылардың 
бүгінгі әдебиеттану ғылымы тарапынан жүйелі, 
кешенді зерттеу өзекті болғандығы даусыз.
Бұл зерттеу еңбектің алдына қойған 
мақсат-міндеті жайында әдебиет зерттеушісі 
З. Бисенғали төмендегідей тұжырым жасайды: 
«ХХ ғасыр басында жазылған, 1928 жыл соңына 
дейін жазылған, жарық көрген көптеген романдар 
жүйелі түрде осы дәуір әдеби үдерісі мен тарихы 
аясында толық қарастырылған емес. Сондықтан 
да бұл зерттеу осы бағыттағы алғашқы еңбек 
болып табылады. Оның зерттеу нәтижесі 
мен қорытындылары әдеби тарихи деректер, 
жүйелі, салыстырмалы, тарихи-генетикалық, 
объективті-аналитикалық талдаулар негізінде 
алынды. Теориялық байламдар солардың әдеби 
процестегі алгоритмдік байланыстар өрнегіне 
талдаулар арқылы жасалынды» (Бисенғали, 
2010: 273). Зерттеуде ХХ ғасыр басындағы 
қазақ қоғамындағы тарихи-әлеуметтік жағдай, 
тарихи-қоғамдық санадағы өзгерістер нәтижесі, 
оның роман жанрының дамуына әсер-ықпалы, 
ол 
туындылардағы 
тақырыптық-идеялық, 
көркемдік ерекшеліктер, әрбір қаламгердің өмір 
құбылыстарын игерудегі мәнер-машықтары, 
әдіс-тәсілдері, ұстаным-қағидаттары жан-жақты 
талданып, жүйелі, кешенді зерделеніп, ғылыми 
маңызы айқын түйін-тұжырымдар жасалған. 
Ғалымның романдық ойлаудың қалыптасуы
қоғамдық сана мен диалог жеке адам мен 
әлеуметтік өмір арасындағы қатынастар аясын-
да қабаттастыра бейнеленуге тиіс деп санай-
тын ой-түйіндерінің Г. Поспелов, А. Белецкий,
А. Вол ков, Б. Грифцов, В. Шкловский т.б. сын-
ды орыс әдебиеттанушыларының пікірлерімен 
үндесетінін көреміз.
Ғылымның өзі атап көрсеткендей, бұл 
жанр төңірегіндегі сан алуан, әр-қилы зерттеу-
зерделеулерді, пікір-пайымдауларды ғылыми 
негізде жүйелеп, бір арнаға тоғыстырып, өзара 
салыстыра-салғастыра отырып, роман дамуының 
ортақ заңдылықтарын, жанрлық-типологиялық 
ерекшеліктерін, реалистік, психологиялық си-
патын, бейнелеу амалдары мен характер сомдау 
болмысын саралау арқылы роман табиғатын 
айқындау. «Роман неліктен адамды баурап ала-
ды? Өйткені мұнда «екіжүзді буржуазия» не-
месе «жалынды махаббат шарпуы» көркем 
тілмен суреттеліп, адамды бейжай қалдырмай, 
өз тылсымына еліктіре тартады. Сондықтан да 
ол тереңдей зерттеуге әбден лайықты. Өйткені 
әдебиет жаңашыл әрі нанымды мазмұнмен не-
месе мәнді өрнекпен шарықтай дамып келеді. 
Оқиғаларды бір-бірімен жымдастырып, бір 
желіге ұйыстырып тұрған да шығарманың 
бірегей формасы» (Ryan, 2017: 35)
Қазақ романының тарихын жүйелеп, бастау-
бұлағын, ағыс-арналарын түгендеп, көркемдік 
нәрі мен рухани маңызын, әдебиеттану ғылы-
мындағы орны мен мәнін саралау – зерттеудің 
ғылыми сипатын танытып, өмір болмысын 
айқындап тұр. Яғни, роман туралы ілгерілі-
кейінді жазылған еңбектердің қатарында өзіндік 
орны бар, ғылыми маңызы сүбелі зерттеу. 
Жиыны 14-15 романды (1928 жылға дейін 
жазылған) зерттеу нысаны етіп ала отырып, 
әрбір туындыны жеке-жеке талдап, көтерген 
проблемасына тоқталып, әр қаламгердің әдіс-
тәсілін, көркемдік ізденісін, күрделі жанр-


156
ХХ ғасыр басындағы қазақ прозасы Зинол Бисенғали зерттеулерінде
ды игерудегі өзіндік қолтаңбасын көрсетуді 
мақсат тұтқан. Жаңа әдебиет жасаудағы әрбір 
сәтті-сәтсіз қадамы, тақырып игерудегі талпы-
ныстары мен идеялық шешімдері, қоғамдық 
сананы оятудағы қозғаушы күші мен кейіпкер 
санасындағы 
өзгерістердің 
эволюциялық 
әрекеті мен дүниетанымындағы қабылдаулар 
әсері де нақты талдаулар негізінде жүзеге асы-
рылып, ортақ мәселелері жүйеленіп, біртұтас 
сабақтастықта қарастырылған. Тұңғыш роман 
«Бақытсыз Жамалдан» бастап «Адасқандарға» 
дейінгі аралықтағы туындылар ғылымның 
зерттеу нысанына алынып, жоғарыда аталған 
жайттардың 
көрініс 
табуын 
айқындап, 
түйінді тұжырым, байыпты байлам жасайды.
«М. Жұмабаев, М. Дулатов және т.б. мақала-
ларында еркіндік пен тең құқықтық жайында, 
жас ұрпақтың алдағы атқаратын міндеттері ту-
ралы жырлады» (Sadykov, 2021: 29).
Әсіресе, ғалымның әдеби-ғылыми айналымға 
кеш қосылған алаш ұранды әдебиет өкілдерінің 
туындыларын талдау жасап, қағажу көрген 
шығармалардың шынайы болмысына, көркемдік 
мәніне терең бойлайды. Атап айтқанда, М. Ду-
ла товтың, Ш. Құдайбердіұлының, Ж. Ай мауы-
товтың, М. Әуезовтің, т.б. «ұлы әңгіме лері» 
өз кезеңінде қоғамдық санаға қозғау салға-
нымен, кеңестік идеология әдеби айналым-
нан алып тастағанын білеміз. Әдебиетіміздің 
ақтаңдақ беттерін ашып айтуға еркіндік туған 
сәттен алаштекті қаламгерлердің әдеби-
шығармашылық мұрасын, соның ішінде, ро-
мандарын дендей, тереңдей зерттеуге мүмкіндік 
туды. Осы тұста жазылған З. Бисенғалидың «XX 
ғасыр басындағы казақ романы», «Қазақ проза-
сы. ХХ ғасыр басы: Жаңа роман жолында» атты 
зерттеулері өткен ғасырдың алғашқы ширегінде 
жазылып, жазба әдебиеттің дамуының алғашқы 
кезеңін қалыптастырып, аяғынан тұруына 
зор үлес қосқан жаңа романдарды талдап, 
көркем әдебиеттің дамуындағы орнын, жүз 
жылдық аса тарихы бар роман жанрының 
мәселелерін көркемдік-теориялық тұрғыдан, 
дүниетанымдық-эстетикалық талап деңгейінен 
зерделеп, жан-жақты қарастырғанын білеміз.
Профессор З. Бисенғалидың «Қазақ про-
засы ХХ ғасыр басы: Жаңа роман жолында» 
атты зерттеу еңбегі «ХХ ғасыр басындағы 
қоғамдық өмір: мәдениет пен әдебиет және 
қазақ романдарының басты сипаттамасын», 
«қазақ романының бейнелеу ұстанымдары 
мен көркемдік әдіс тәсілдерін», «қазақ қалам
-
герлерінің тақырыптық-идеялық ізденістерін», 
«қазақ романындағы көркемдік идеялық 
ізденістерін» т.б. мәселелерді жан-жақты 
түсінуге мүмкіндік береді. 
Атап отырған еңбекте ғалым ХХ ғасыр 
басындағы қазақ романшыларының дүниета-
нымынан туындаған романдық ойлау ерекше-
ліктерінің сырын және оған әсер еткен төрт 
түрлі факторді ашып көрсетеді: 1. «ХХ ғасыр 
басында роман жанрына қалам тартқан қазақ 
жазушыларының... бірі – ұстаз, ағартушы 
болған дықтан қоғамдық, шығармашылық барша 
қызметі де осы мақсатқа бағындырылды. Тәлім-
тәрбие, үлгі-өнеге мәселесі сондықтан да бірінші 
орында тұрады. Т. Жомартбаев пен С. Көбеев 
романдарында тәлім-тәрбиеге бағытталған 
идеялардың молдау ұшырасатыны осыдан. 2. Ро-
маншылар арасында журналист қаламгерлер де 
аз болған жоқ. Олардың шығармаларында қазақ 
қоғамы алдындағы келелі мәселелер көбірек 
қозғалды. М. Кәшімов пен С. Торайғыров шығар-
маларында осы мақсаттың іздері, өрнектері 
айқын. 3. Саяси күрестерге араласқан ірі 
қоғам қайраткерлері арасынан да романшылар 
кездеседі. Олардың шығармаларында Қазақстан 
мен қазақ халқының елдігі, тәуелсіздігі, 
болашағы туралы күрес жолына шыққан қаһар-
мандар тағдырлары қозғалады. М. Дулатов пен 
С. Сейфуллин шығармаларына үңіле қараған 
адамның осы мақсатты жазбай таныры анық.
4. Қазақ романшылары арасында – адам, қоғам, 
ұлт, бостандық, тәуелсіздік, елдік мәселелеріне 
терең бойлай алған ойшыл-философ, тума талант, 
ірі суреткерлер де кездеседі. Ш. Құдайбердииев, 
Ж. Аймауытов, М. Әуезовтердің қай-қайсы да 
қазақ елінің ертеңі мен халықтың болашағы 
не болады деген түйінді шешуге талпынған» 
(Бисенғали, 1997: 62-63). 
Шартты түрде алғанда романдық ой-
лау уақыт пен кеңістікке, өркениет пен әдеби 
үдеріске тығыз байланысты тарихи категория: 
уақыт өтсе, кеңістік өзгерсе, бұл да белгілі 
өзгеріске ұшырайды. Мұны ғалымның ХХ ғасыр 
басындағы қазақ романдарына сынның әсері 
қандай болғандығын негізге ала отырып айтып 
отырмыз. Еңбекте ғалым қазақ романдарына сын 
«1910-1928 жылдар арасында, эссеистикалық 
сыннан (шығарманы жеке қабылдауына, өз 
эмоциясына ғана сүйене талдау, дәлел, дерек-
тердің аздығы) социологиялық сынға жуық-
тағандығын» көрсете келіп, романдық ойлауға 
«субъективті факторлар ресми үкімет, цензу-
ра, қаламгердің жеке басының проблемалары 
т.б.» ықпалы мол екендігін ашады. Және олар 
«шығарманың қоғамдық санадағы тарихи-
қызметтік (историко-функциональный) мәнін 


157
Ш.А.
Шортанбаев, А. Мамыров
аша түсуге жәрдемдесетінін С. Сейфуллиннің 
«Тар жол, тайғақ кешу» романының тарихына 
тоқталу» арқылы көрсетеді.
Өзімізге белгілісі «Тар жол, тайғақ кешу» 
романы алғаш оқырманға жол тартқан 1927 
жылдан сынға ұшырады. Шығармадан гөрі ав-
торын сыбаған ұрда жық сын сымақтармен 
қатар орынды айтылған шынайы пікірлерде бол-
ды. «Романның екінші басылымына (1936 ж.)
уақыттың саяси ахуалына орай, ресми идеоло-
гияны, сын пікірлерді ескере келе автор тиісті 
түзетулер жасады. Алашорда қозғалысына 
қатысты аз-кем деректі материалдар авторлық 
баяндауға, түсініктемелерге көшірілді» (Бисен-
ғали, 1997: 85). Бұл өз кезегінде жоғарыда 
айтылған романдық ойлау уақыт пен кеңістікке, 
өркениет пен әдеби үдеріске тығыз байланысты 
тарихи категория: уақыт өтсе, кеңістік өзгерсе, 
бұл да белгілі өзгеріске ұшырайды деген 
пікірімізді нақтылай түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет