Ш. А. Шортанбаев 1



Pdf көрінісі
бет6/8
Дата09.01.2024
өлшемі352.22 Kb.
#488719
1   2   3   4   5   6   7   8
Нәтижелер мен талқылау
Романдық ойлау туралы танымымыздың 
төркінін іздегенде «жаңа жанрлық көркем мазмұн 
бағытының, аспектісінің пайда болуы, көрінуі, 
романдық ойлаудың қалыптасуы» ХХ ғасыр 
басындағы романдарымызға дейінгі көлемді, 
көркем шығармаларда нақтырақ айтқанда 
«Қисса сул Әнбиядегі» «Жүсіп-Зылиха» тәрізді 
қиссаларда. Сондай-ақ эпостарымыз бен салт 
ертегілеріміздегі романға тән жанрлық мазмұн 
белгілер мен көркемдік әдіс-тәсілдерде жатыр. 
Мұны ғалымдарымыз қазақ романының басы, 
«халықтық романдар» деп қарастырып жүр.
Яғни, романдық ойлаудың қалыптасуына 
«халықтық романдар» алғы шарт болса, бұл ХХ 
ғасыр басындағы романдарымызда қалай көрінді 
деген сұрақтың туындары анық. Бұл турасында 
Зинол-Ғабден Бисенғали: «Дәстүрлі әдебиеттің 
жазу үлгілерін, бейнелеу құралдарын пайдала-
ну, әсіресе, 1917 жылға дейінгі шығармаларда 
М. Дулатұлының «Бақытсыз Жамал», рома-
ны мен С. Торайғыровтың «Кім жазықты?» 
аралығындағы шығармаларда жиі кездеседі. 
Кейбір романдарда ауызекі әңгіме, халық про-
засы көркемдік жүйесінің көп қолданылатыны 
сонша, халық арасына кең тараған ауызша 
әңгіме стильге түсірілгендей әсер қалдырады. 
«Бақытсыз Жамал» мен «Қалың мал», «Мұңлы 
Мариям» мен «Қамар сұлу», «Қыз көрелік» т.б 
шығармаларда халық прозасы үлгілерінің әсері 
мол... » дей келіп, «Бақытсыз Жамал» романын-
да жазушы: («Жамал он бес жасқа келді. Сұлу, 
ақыл, салтанат үшеуі бір біріне толық келіп, 
Жамал сол елдің қызының алды болды...») 
жоғарыда айтылған халық прозасы мен шығыс 
әдебиетіндегі дәстүрлі баяндаудың романдық 
ойлау контексінде сәтімен қолданылғанын 
көрсетеді. 
Осы «Бақытсыз Жамал» романының жазылға-
нына биыл тура 110 жыл. Қазақ романының 
тұңғышы «Бақытсыз Жамалдың» 1917 жылға 
дейін екі рет басылым көріп, авторының көзі тірі 
кеңес заманында мүлде баспа жүзін көрмеуіне 
қатысты ғалым: «Баспа, баспасөз маңында 
жүрген қаламгердің кезінде оқушысын тапқан 
шығармасын қайта бастырмауының негізгі 
себептері болуға тиіс. Қоғам мінезін, замана 
тілін ұға алған ірі қоғам қайраткерінің саяси-
идеялық күресте жеңіліс табуы әсер етті ме, 
әлде романдық ойлау деңгейіне көтеріле алған 
қаламгердің алғашқы романын жанр талабы-
на сай түбегейлі өзгерте жазуға уақытының
жағдайының, ықыласының болмауынан ба?...» 
деп сұраулы сөйлеммен бір ойлантып алып, 
жазушы өмір сүрген уақыттың шамырқанған 
шындығын былай түйіндейді: «Талайды көрген 
тәжірибелі жан, өз елінің тәуелсіздігі, елдігі, 
дербестігі үшін күрескен табанды қайраткер, 
өз айтқанынан өзгені естімейтін саяси жүйе 
беталысынан оның болашағын көріп тіксініп 
қалғанға ұқсайды». (Бисенғали, 1997: 62-63).
Мәселен, «Бақытсыз Жамал», «Қилы заман», 
«Ақбілек», «Қартқожа» сынды туындылардың 
жазушы дүниетанымы тұрғысынан қалай 
зерделенгені, ұлттық сана мен психологиялық 
өзгерістерді бейнелеудегі шеберліктері, дәуір 
шындығын көркемдік шешіммен астастырудағы 
қаламгерлік ұстанымдары, азатшыл идеясы мен 
бостандық рухын суреттеудегі сезімталдығы
көркемдік әдіс пен бейнелеу амалдарының 
сонылығы, шынайылығы жан-жақты қамты-
лып, жаңа тұрпатты туындылардың руха-
ни қазынамызға қосылған сүбелі үлесін 
ай қындайды. «Ұлттық романның дара прин-
циптерін орнықтыруға жол салды. Сол себепті 
Жүсіпбек Аймауытовтың «Қартқожа» және 
«Ақбілек» атты туындылары қазақтың реалистік 
классикалық романының төлбасы саналады» 
(Қирабаев, 1993: 29).
Дәстүрлі әдебиет арнасында дамуды ба-
стан кешкен жанрды әр қаламгердің қал-
қадерінше игеріп, тұтас әдебиетті дамытуға 
өзіндік ықпалын саралайды. Әсіресе, ғалымның 
жазушы дүниетанымының шығармашылық 
ізденістегі орны жайлы М. Әуезовтің «Қилы 
заманын» арқау ете отыра пайымдауы, таптық 


158
ХХ ғасыр басындағы қазақ прозасы Зинол Бисенғали зерттеулерінде
көзқарас, коммунистік идеология ықпалының 
Ж. Аймауытовтың «Қартқожасынан» көрініс та-
буы, «Ақбілектегі» кейіпкерлерге саяси сананың 
ықпал етуін суреттеуі, Ш.Құдайбердіұлының 
«Әділ-Мариясындағы» өзгеше көркемдік тәсіл, 
авторлық көзқарас тұрғысынан зерделеуі т.с.с. 
мәселелерге айрықша назар аударып, көңіл 
бөледі. «Жалпы, Шәкәрім шығармашылығында 
рухани түсініктер мен сезім баса көрініс таба-
тын құпияға толы, ондағы образ сопылық поэзия 
арқылы жеткізілген» (Soltanayeva, 2015: 12).
Нақтырақ тоқталсақ, әдебиеттанушы ғалым 
З.Бисенғали өз зерттеулерінде Шәкәрім Құдай-
бердіұлының «Әділ-Мария» романы XX ға-
сыр басындағы қазақ романының жанрлық
стильдік, көркемдік тұрғыдан дамуына айрықша 
ықпалы болғанын жан-жақты тоқталып 
өтеді. Шәкәрімнің романына Шыңғыстаудың 
бөктерінде өткен оқиға арқау болғаны белгілі. 
«Шәкәрім – прозадағы маңызды тұлғаның бірі. 
Ол шығармаларын роман, очерк, мақалалар, 
тарихи-философиялық 
трактаттар 
сияқты 
жанр ларда жазды» (Shortanbayev, 2016: 108). 
Шәкәрім поэзиясының, шағын прозалық туын-
дыларының негізгі тіні болып келетін фило-
софиялық пайымдаулардың бұл романда да 
айрықша көрінетінін байқаймыз. Өмір құбы-
лыстарын өзінше түйсініп, түйін-тұжырым 
жасау Шәкәрімнің шығармашылығына тән 
ерекше лік десек, артық айтқандық емес. «Абай 
мен Шәкәрімнің философиялық идеялары 
дәстүрліліктің қорғауға тиіс белгісіне айналды» 
(Sydykov, 2016: 367). Осы жайттарды профессор 
З.-Ғ. Бисенғали роман жанрын игерудегі өзгеше 
қадам, соны тәсіл екенін аңғартып, «Шығарма 
құрылымында бірін-бірі толықтырып, қатар 
өрілетін екі өрім бар. Бірі – трагедияға ұшыраған 
жастар өмірі, тағдыр тарихы да. екіншісі – сол 
тарихтың әр тұсына үңіле қарап, мәңгі өмір, 
табиғат туралы толғаныста отырған автор» 
(Бисенғалиев, 1989: 69), – деп тұжырымдайды. 
Автордың кейіпкер болмысын танытудағы, 
характер психологиясын ашудағы, аадамның 
жан әлеміне үңілудегі, өмір құбылыстарының 
сан алуан иірімдерін өзгеше танытудағы сурет-
керлік әлеуеті, шеберлік машығы мейлінше 
оқшау, дара сипатты болып келетіні де зерттеу 
өзегіне айналған.
Зерттеушінің Шәкәрім романының көркем-
дік сипаты, ғылыми маңызы, әдеби мәні, 
философиялық құндылығы тұрғысына қатысты 
пайымдаулары оның қазақ әдебиеті тарихындағы 
орнын анықтауға да септігін тигізеді.
Әлеуметтік теңсіздіктен туындайтын та-
лайлы тағдырлар трагедиясының ХХ ғасыр 
басындағы қазақ романшыларында шебер су-
реттелу сыры, сондай-ақ осы кезең әдебиетін 
зерттеуде әлі де болса толық ашылмаған әдеби 
бағыттармен олардың әдіс-тәсілдері «Қазақ про-
засында» әдебиеттанудағы нақты мәселе ретінде 
көрсетіледі. Алғашқы әлеуметтік теңсіздік сал-
дарынан орын алған тағдырлар трагедиясының 
сәтті суреттелуі қаламгерлеріміздің әлемдік 
әдебиеттегі 
натурализм 
әдіс-тәсілдерін 
меңгеріп шын мәніндегі романдық ойлау 
деңгейіне көтерілгендігімен байланыстырылса, 
натуралистік бағыттың нақты мәселе ретінде 
қарастырылуы «қазақ әдебиетінде бұл әдеби 
бағыттың ұлттық ерекшеліктерін ескеретін те-
ориясы жасалмауымен» түсіндіріледі. Және 
зерттеу нысанына қатысты: «қазақ романдарын-
да, тіпті әдебиетінде де, бұл әдіс, бағыт көркем 
жүйе тәрізді қалыптасты ма, оны ашып айту 
қиын. Арнайы зерттеулер де жоқ. Қажет екені 
көрініп-ақ тұр» деп, әдебиеттанушылардың ал-
дында анықталуы тиіс мәселелерді де нақтылап 
өтеді. Осы төркіндес ойды ғалымның романдағы 
сентиментализм өрнектеріне қатысты айтылған 
«қазақ әдебиетінде сентиментализм ағымының 
түрі, бейнелеу әдісі ретіндегі қолданылу аясы, 
көріністері зерттелген емес» пікірінен де 
аңғарамыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет