188
ӨЗІН БАҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН
СҰРАҚТАР МЕН ТАПСЫРМАЛАР
1. Әлеуметтік педагогика ұғымының қалыптасуы.
2. Әлеуметтік педагогика нені зерттейді?
3. Әлеуметтік педагог шешетін мәселелерді атаңыз.
4. Әлеуметтік педагогтың құқықтарын сипаттаңыз.
5. Әлеуметтік педагогиканы зерттеген отандық және шетелдік ғалымдар-
дың еңбектерін атаңыз
6. Девиантты жүріс-тұрыс туралы не білесіз?
7. Кәмелетке толмаған балалардың қылмыс
жасаған кездегі олармен
жүргізілетін әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекеттерді түсіндіріңіз.
8. Әлеуметтік педагогтың «тәуекел тобындағы» балалармен жүргізетін
жұмыс түрлерін сипаттаңыз
9. Әлеуметтік педагогтың әртүрлі санаттағы балалармен жұмысын түсін-
діріңіз
10. Әлеуметтік педагог отбасымен қандай жұмыс түрлерін жүргізеді?
11. Әлеуметтік педагогтың балалар үйіндегі тәрбиеленушілермен жұмы-
сын дәйектеңіз
12. Әлеуметтік педагогтың ұйымдастырушылық қызметіне сызба даярла-
ңыз
13. Әлеуметтік педагогтың жұмысындағы құжаттарға кесте түзіңіз.
14. Әлеуметтік педагогтың моделін құрастырыңыз.
15. Әлеуметтік фобия жастарға тән індет пе қалай түсінесіз?
16. Үрей мен фобияның айырмашылығын сипаттап беріңіз.
17. «Неліктен мен әлеуметтік педагог мамандығын таңдадым»
тақыры-
бында шығармашылық жұмыс орындаңыз.
18. Әлеуметтік педагогтың мақсаты қандай?
19. Әлеуметтік педагогтың түзету және
оңалту жұмыстарына қысқаша
жанрлық суреттеме жасаңыз.
20. Әлеуметтік педагогиканың мәселелеріне жағдаят құрастырыңыз.
21. «Біреуге жамандық тілегенше, өзіңе амандық тіле» сөзінің мағынасын
түсіндіріңіз.
22. Мақалды аяқтаңыз: «Құтты қонақ келсе ....».
23. «Әке – жанұяның тірегі, ...»
24. Мақалды аяқтаңыз: «Істеген жақсылығың біреуден болмаса, біреудан
қайтар» деген халық даналығының мағынасын түсіндіріңіз.
25. Мінезі тұрақсыз адамдармен қарым-қатынасты қалай құрасыз?
26. Әлеуметтік көмекті тең дәрежеде қалай бөлер едіңіз?
27. Әлеуметтік мәселелердің қазіргі таңда шешілуіне көңіліңіз тола ма?
189
28. Қиын жағдайларда қалған балаларға көмектің қай түрін бере аласыз?
29. Балалар үйінде тәрбиеленушілерге мемлекет тарапынан жәрдем қан-
дай болуы керек деп ойлайсыз?
30. «Мен әлеуметтік қамқорлық және көмек беру жұмысының басшысы
болсам» тақырыбында шағын эссе жазыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: