186
1. Қарындашты алыңыздар (бояу, пастел борларды), көзде-
ріңді жұмыңдар және қағаз бетіне кез келген сызықтарды, гео-
метриялық фигураларды, белгілерді салып көріңдер. Қолдың қи-
мылына шектеу жасамаңдар. Тек қолды қозғай беру керек.
2. Өз суреттеріңе қараңдар. Егер аяқтағың келсе немесе
сөзбен айтқың келсе, оны да орындауға болады.
3. Дәл қазір көздеріңді ашып, сендердің көңіл-күйлеріңе сәй-
кес келетін басқа қағаз, қарындаш алып, қайтадан «шимақ» су-
рет салыңдар.
Осындай жаттығу спонтанды,
өзіндік айқындауды стимул-
дап, ішкі әлеміне көңіл аударуына көмектеседі.
Елтаңбаны құруды олардың өзіндік ерекшеліктерін бейне-
лейтін, жеке автопортрет ретінде қарастыруына болады.
2. Жеке жұмыс.
Елтаңбаны құрудың шарты
:
өз тұлғасының жағымды қа-
сиеттерін, жетістіктерін, сенімдері
мен құндылықтарын бейне-
лейтіндей елтаңба құру керек.
Елтаңбаны құрастыру, әлеуметтік маманмен, топпен талдау
– өзіндік құрметті, сенімді күшейтудің, дамытудың факторлары-
ның бірі. Елтаңбаны құрастыруда қатысушылардың ортақ қызы-
ғушылықтарына, құндылықтарына және өмір мақсаттарына на-
зар аударуға болады.
Ең алдымен, топтың әр қатысушысына үш жеке елтаңба жа-
сау ұсынылады:
1. Қазіргі
уақыттағы өзі туралы ойы, өзінің жағымды қа-
сиеттерінің астын мүмкіндігінше сызу.
2. Өткен шақтағы елесі – жетістіктеріне және жағымды тә-
жірибесіне назар аудару, ерекше мән беру.
3. Келешектегі және болашақ
өмірлік мақсаттары туралы
ойы.
Үш елтаңба жасауға болады, бір елтаңбаны үш бөлікке бөліп
қарастырамыз (орта бөлігінде қазіргі уақыттағы өзін бейнелеу ке-
рек, сол жағына өткен шағындағы Менін, оң жағына
болашақ-
тағы Менін). Сондай-ақ елтаңбада өмір ұстанымын бейнелейтін
ұран жазу беріледі.
Сонан соң қатысушыларға жұптасып немесе үшке бөлініп
жұмыс істеу ұсынылады. Жалпы елтаңбаны жеке жұмыста беріл-
ген принциппен құру керек.