41
Кинотерапия –
сценарийлерді жазады, түсірілген материал-
ды сұрыптайды, музыкалық сүйемелдеуді таңдайды, ілеспе мә-
тінді құрайды.
Библиотерапия –
бұл психикалық жағдайды қалпына кел-
тіру немесе оңтайландыру мақсатында арнайы таңдалған әде-
биетті оқу арқылы арнайы түзетудің әсері.
Ертегі терапия –
бұл нақты өмірде ертегі оқиғалары мен
мінез-құлықтың арасындағы
байланыстың қалыптасу процесі,
ертегі мағынасын шындыққа көшіру.
Изотерапия –
көркем шығармашылықпен емдеу (изотера-
пияның түрлері: сабынмен сурет салу; поролонның тіліктерімен
сурет салу; щеткамен сурет салу;
шаммен сурет салу; коллаж
(лат. жапсыру); саусақпен сурет салу; пластилинмен сурет салу;
жапырақтармен, т.б.).
Анималотерапия
(ағылш, animal – жануар) –
адамның пси-
хикалық және физикалық денсаулығын жақсарту мақсатында жа-
нуарлар дүниесінің өкілдерімен қарым-қатынасынан тұрады
(анималотерапия түрлері: иппотерапия – аттармен емдеу; канис-
терапия немесе терапия –
иттердің көмегімен емдеу; фелиноте-
рапия – мысықтардың көмегімен емдеу; дельфинотерапия; аква-
риум терапиясы; голуботерапия).
Осылайша, әлеуметтік педагогтың іс-әрекетіне әлеуметтік-
педагогикалық психологияны енгізу еңбек ресурстарын үнемдеу-
ді қамтамасыз етеді, әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекетті әдіс-
намалық жолмен құруға мүмкіндік береді, әлеуметтік педагогтың
міндеттерін шешудің тиімділігіне ықпал етеді. Әлеуметтік-педа-
гогикалық жұмысты технологияландыру оның әр түрін жеке са-
лыстырмалы іс-әрекеттер мен нәтижелерді кооперациялауы және
синхрондауы бар біртекті процедуралар
мен операцияларға
ұтымды бөлуге мүмкіндік береді.
Әлеуметтік-педагогикалық технологияны жүзеге асыру әлеу-
меттік педагогтың теориялық-әдіснамалық (жобалау қабілетін,
процеске, оның тұтас көрінісіне, рефлексияға, құрастыруға) және
технологиялық мәдениетінің жоғары деңгейін талап етеді.
Әлеуметтік педагогтың тәжірибеде
әлеуметтік-педагогика-
лық технологияларды сәтті іске асырудың шарты – бұл инно-
вация және оларды тұтас әлеуметтік-педагогикалық
процеске
енгізу мүмкіндігі болып табылатынын атап өту керек.