Ш. Т. Таубаева педагогика ғылымдарының докторы, профессор


Адамның девиантты іс-қылығына әсер ететін факторлар тобы



Pdf көрінісі
бет24/127
Дата17.03.2024
өлшемі2.74 Mb.
#495851
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   127
dokumen.pub 9786010446892

Адамның девиантты іс-қылығына әсер ететін факторлар тобы 
Жасөспірім кезеңінде ескерілмеген факторлар, оның іс-қи-
мылының ауытқуына алып келеді: 
а) құбылыстың тығырыққа тірелуі жасөспірім кезеңіндегі 
психофизиологиялық дамуды сипаттайды: жыныстық жетілу ке-
зеңінде ағзасы жылдам немесе баяу дамиды; жүрек-қан тамыр 
жүйесі жақсы дамымағандықтан, оның физикалық және психо-
логиялық сезіміне әсер етеді; эндокриндік жүйенің «гормональді 
буырқаныстары» жыныстық даму кезінде қозуды жоғарылатып, 
көңіл-күйінің тұрақсыздығын көрсетеді; 
ә) ересектермен, ата-аналармен, мұғалімдермен қарым-қаты-
настың күрделі болуы – ересектер мен жасы кішілердің моральдық 
тұрғыдан «шиеленісуі», өзіне қойылған талаптарды қабылдамауы; 
б) «тәуелділік моральды» «теңдік мораліне» алмастыруға 
ұмтылыстары; 
в) ересектердің іс-қимылдарын, жүріс-тұрыстарын сын тұр-
ғысынан бағалауға жақын тұруы; 
г) өз құрбы-құрдастарымен қарым-қатынастағы мінез-құл-
қының өзгеруі, қарым-қатынас орнатуда өзінің үстемдігін бекіту 
талпынысының кейде жағымсыз формаға айналуы және т.б. 
Жеке бас 
тәрбиесінің
сәйкеспеуі 
Тәрбиеде 
жіберілген 
қателер 
Тәрбиенің
жасына сәйкес
келмеуі 
Баланың жеке бастық жағымсыз ұстанымы
Психологиялық және физиологиялық дамуындағы ауытқу 
(туа біткен және кейін пайда болған)
Бала
Ортаның жағымсыз факторы


47 
В.
Тұлғаны қалыптастырудағы ортаның жағымсыз факторы. 
Тұлғаны қалыптастырудағы отбасының жағымсыз факторлары: 
а) отбасындағы жағымсыз ахуал: маскүнемдік, ұрыс-керіс
төбелес, бір-біріне дөрекілік көрсету, өтірік айту, т.с.с. 
ә) отбасы құрамының мәселесі: толық емес отбасы, бір ба-
лалы отбасы, көп балалы отбасы, арақашықтағы отбасы және т.б., 
балаға қажетті педагогикалық ықпал жасай алмайды, тұлғаның 
қалыптасуына тек бір ата-ана ықпалының жүруі немесе тәрбиеде 
балаға өбектеу, көп нәрсеге көз жұму. 
Осындай отбасындағы жағымсыз факторлардың бала тәрбиесіне 
ықпалы төмен болғандықтан, бала отбасына, ата-анасына теріс қаты-
нас орнатып, үйде болмауға, уақытының көпшілігін үйден тыс орын-
дарда өткізуге бой алдырады. Осындай себептерден «көше балала-
ры», қараусыз қалғандар, панасыздар категориялары пайда болады. 
Осының бәрінің себептері үйде балаға көрсетілетін дөрекілік пен 
ұрыс салдарынан болады; баланың қызығушылығы мен қажетіне 
көңіл бөлмеу, ата-анадан ешнәрсе талап етпеуді ұстану, олардан кө-
мек күтпеу және қарым-қатынас жасауға құлықсыздық білдіру; ата-
аналардың өз мәселелерінің көп болуы, баланы ұзақ мерзімге өз бе-
тінше жіберуі; бала тәрбиесін атасы мен әжесіне жүктеу, оларға қа-
жетті қолдау көрсетпеу (жасы келген адамдар немерелеріне қажетті 
педагогикалық ықпал жасай алмауынан, олар қараусыз қалады); 
тәрбиенің жетіспеушілігі, баланың жағымды ынта-ықыластарының, 
қызығушылықтарының болмауы және т.с.с. 
Баланың даму үдерісіне орта факторларының әсері (көше, 
қала, «топтар» т.б.). 
Үй жағдайындағы жағымсыз қызығулар,
баланың дамуына 
ойындардың педагогикаға лайық емес тұстарын қолдану. 
Жақын айналасының ықпалы,
ең бірінші ата-аналарының, ере-
сектердің, құрбы-құрдастарының педагогикаға жатпайтын қы-
лықтарының әсері. 
Көпшілік ақпарат құралдарының,
әсіресе теледидар мен бей-
нефильмдердің жағымсыз әсері. 
Бұлардан басқа да факторлар адам тәрбиесіне теріс ықпал етеді. 
Г.
Бала мен жасөспірімді тәрбиелеудегі кемшіліктер: 
а) отбасы тәрбиесінің кемшіліктері; 
ә) жасанды жағдай, баланы кез келген өмірлік мәселелерден 
алшақтату, белсенді іс-әрекеттерден шектеу салдарынан тас- 


48 
бауыр, енжар, адамдардың қайғы-қасіреттеріне жанашырлық та-
нытатын қабілетінің болмауы, сындарлы жағдайлардағы өмірлік 
жағдаяттарды жеңе білмеуіне соқтырады; 
б) білім мекемелерінде оқыту мен тәрбиелеу барысында
әсіресе бала бақшалары мен мектептерде жіберілетін қателіктер; 
в) тәрбиенің адамгершіліктен тыс жағымсыз бағыттары; 
г) баланы, жасөспірімді жағымсыз өмірлік үлгілер мен әре-
кеттерге дайын болуға тәрбиелеу (өмірде өзін жүзеге асыра бі-
луі). Мұндай жағдайларда жеке тұлға өзін түрлі батыр кейіпкер-
лерге өзін ұқсатуы, «өзіне түрлі әрекеттерді өлшеуі». Осыған, 
әсіресе ықпал ететін теледидар, кино, бейнефильмдер; 
ғ) балаға қатысты ортадан, қалыптан тыс отбасыларының және 
тәртіп бұзатын жолдастарының теріс жүріс-тұрыстары бар жасөспі-
рімдерден жағымсыз әрекеттерді «күту» және т.б. Осындай күдіктер 
тікелей немесе жанама формада баланы тәртіп бұзуға түрткі болады; 
д) баланы, жасөспірімді спирттік ішімдіктерге, нашақор-
лыққа, шылым шегуге, құмар ойынға тарту; 
ж) отбасы мүшелерінің, мектеп пен отбасының, мектеп пен 
бала және жасөспірімдер тәрбиесімен айналысатын әкімшілік ор-
гандарының арасында бала тәрбиесіне қатысты бірліктің болмауы; 
з) қайта тәрбиелеу жүйесі тәртіп бұзушыларды түзету және 
оларды онан кейінгі күнделікті өмірге (әлеуметтік ортаға) бейімдеу. 
Ғ.
Баланың және жасөспірімнің жағымсыз өзіндік ұстанымы: 
а) жасөспірімнің өзін бағалаудағы ауытқуы: өзін көтерме-
леу
– жоғары бағалау салдарынан шамданғыш және қозғалысқа 
жылдам, аморальдік қабілетпен сәйкескенде, құқық бұзушылық- 
қа барады; өзін төмендету – өзіне сенімсіз, жүріс-тұрысы әр-
алуан, жеке тұлғалық сипаты тұрақсыз болғандықтан өзіне және 
ұжымға түрлі мәселе тудырады, өзін көрсете алмайды; 
ә) жасөспірімнің тұлғалық талаптануындағы ауытқу. Ол өзін-өзі 
бағалаудағы ауытқудан туындайды. Талаптану жасөспірімнің жеке 
ұстанымын анықтайды және оған қол жеткізуге белсенділік білдіреді; 
б) адамгершілік құндылықтарға және өзін-өзі жетілдіруге 
енжарлық танытады. Көп жағдайда оның адамгершілік үлгінің 
және жақсы болу ұмтылысының жоқтығынан болады; 
в) жасөспірімдер арасында өз орнын табудағы жағымсыз қа-
жеттіліктерінің және теріс бәсекелестіктерінің орын алуы. Жас-
өспірім шақта осы қажеттіліктер мен бағыттар олардың өзіндік 
белсенділіктерін арттырады; 


49 
г) баланың, жасөспірімнің, бозбаланың қажеттіліктері қа-
лыптасуының күрделілігі және өзін-өзі түзетуге белсенділігі; 
ғ) жасөспірімнің қарым-қатынас орнатуға, жастардың бей-
ресми бірлестіктеріне, соның қатарында асоциалды бағытқа да 
қатысу ұмтылыстарының болуы. 
Балалар мен жасөспірімдердің жүріс-тұрыс, мінез-құлықтарын-
дағы ауытқулардың қалыптасуына ықпал ететін негізгі топ фактор-
ларын суреттеп қарастырдық, олардың алдын алу және жеңу жол-
дарын педагогикалық қызметте ескеру қажеттігі анықталды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   127




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет