73
Әлеуметтік педагог қызметіндегі «тәуекел тобындағы» ба-
лалармен әлеуметтік-педагогикалық
технология келесі қадам-
дарды қамтиды:
1. «Тәуекел тобындағы» балалар мен жасөспірімдердің де-
ректер банкін қалыптастыру.
Бұл функция әлеуметтік педагог қызметінде негізгі болып та-
нылады, өйткені кәмелетке толмағандардың мәселелерін шеше-
тін түрлі құрылымдардың өзара іс-қимылын ұйымдастыруға
мүмкіндік береді.
Тұтас деректер банкін құру бастамасы әлеуметтік педагогқа
тиесілі және ол кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтары-
ның алдын алу бөлімдерінің инспекторларымен, ішкі істер орган-
дарының учаскелік инспекторларымен, білім беру, әлеуметтік қор-
ғау, денсаулық сақтау басқармасының қорғаншылық және қамқор-
шылық органдарының және кәмелетке толмағандардың ісі жөнін-
дегі комиссияның өкілдерімен бірлесіп жүзеге асырылуы тиіс.
3. Әлеуметтік педагог қызметі саласына жататын ба-
лалар мен жасөспірімдердің тұлғалық және әлеуметтік даму
мәселелерін диагностикалау.
Бұл функция деректер банкіне түскен әрбір баланың әлеу-
меттік және психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін анық-
тау үшін қажет.
4. Баламен, топпен, қауымдастықпен әлеуметтік-педа-
гогикалық қызмет бағдарламаларын әзірлеу және бекіту.
Диагностика нәтижелері бойынша әлеуметтік педагог мәсе-
ленің немесе мәселелер жиынтығының мәнін анықтайды, оларды
жеке және топтарда тиімді шешу үшін барабар психологиялық-
педагогикалық, әлеуметтік құралдарды таңдайды.
Жеке әлеуметтік-педагогикалық
бағдарламалар әлеуметтік
қауіпті жағдайдағы балаға уақтылы әлеуметтік-педагогикалық
көмек және қолдау көрсету мақсатында жасалады.
Топтық бағдарламалар диагностика барысында анықталған жас-
өспірімдердің белгілі бір тобының мәселелерін шешу үшін әзірленеді.
Қоғамдық бағдарламалар бірнеше топқа немесе мектеп ұжы-
мының бөлігіне тән мәселелерді шешу үшін әзірленеді және жал-
пы мектептік бағдарламаға енгізіледі.
74
Жеке, топтық және қоғамдық бағдарламалар мәселелерді шешу
үшін қажетті барлық қызметтердің, ведомстволардың,
әкімшілік
органдар өкілдерінің қатысуымен әзірленеді. Бағдарлама келесі-
лерді қамтиды:
а) Бағдарламаны іске асыру жағдайларын қамтамасыз ету.
Әлеуметтік педагог кәмелетке толмағандардың істері жөнін-
дегі комиссиямен, білім басқармасымен және мектеп басшылы-
ғымен бірлесіп бағдарламаның мақсаттары мен міндеттеріне,
бағдарламаны іске асыруға тартылған барлық тараптардың қаты-
суы мен жауапкершілігін бөледі:
– жеке әлеуметтік-педагогикалық бағдарламаларды іске
асыруды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
– топтық және қоғамдық бағдарламаларды
іске асыруды
ұйымдастырады, үйлестіреді, бақылайды және қатысады;
–
нәтижелерді бақылайды;
–
толмағандардың істері жөніндегі комиссияға комиссия-
ның тапсырысы бойынша орындалған жеке бағдарламаларды іс-
ке асыру жөніндегі ведомствоаралық құрылымдардың өзара іс-
қимыл нәтижелері туралы хабарлайды;
– мектеп директорына бағдарламаның орындалу барысы
туралы хабарлайды;
– педагогикалық ұжымға мектепішілік құрылымдардың бағ-
дарламаны орындау бойынша өзара
іс-қимыл нәтижелері туралы
хабарлайды;
– білім басқармасының бастығына мектеп ішіндегі құры-
лымдардың бағдарламаны орындау бойынша өзара іс-қимыл нә-
тижелері туралы хабарлайды.
ә) Кеңес беру.
Бұл функция «тәуекел тобындағы» балалардың әлеуметтік-
педагогикалық проблемаларын шешуге мүдделі тұлғаларға кеңес
беруді көздейді.
б) Әлеуметтік педагогтың ведомствоаралық байланыстары.
Білім беру мекемесінің әлеуметтік-психологиялық қызметі-
нің құрамында жұмыс істей отырып, әлеуметтік педагог өз жұ-
мысын психологпен және қызметтің басқа да мамандарымен,
сондай-ақ кәмелетке толмағандардың
істері бойынша жауапты
адамдармен, осы жұмысқа тартылған басқа да адамдармен тығыз
байланыста жұмыстарды жоспарлайды және жүзеге асырады.
75
Әлеуметтік педагог «тәуекел тобындағы» балаларға байла-
нысты мәселелерді ұйымдастыруға көмек қажет болса немесе
алдын алу жүйесінің өкілдері өздеріне жүктелген функцияларды
тиісінше орындамаған жағдайда кәмелетке толмағандардың істе-
рі жөніндегі комиссияға жүгінуге құқылы және жүгінуге тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: