78
1. Мінез-құлқы қиын баладан
оң мінез-құлықты көре білу
және жасөспірімнің оң қасиеттеріне сүйену.
2. Болашақ мамандыққа байланысты
жасөспірімнің бола-
шақ өмірлік ұмтылыстарын қалыптастыру.
3. Өзін-өзі бекіту қажеттілігін іске асыруға мүмкіндік бере-
тін қоғамдық-пайдалы ұжымдық қызметке қосу: пайдалы мүдде-
лерді және жоғары рухани құндылықтарды дамыту.
4. Жасөспіріммен қарым-қатынаста терең сенім мен құрмет.
«Тәуекел тобындағы»
балалармен профилактикалық жұмыс
«Тәуекел тобындағы» балалармен алдын алу мынадай кезең-
дерді қамтиды (8-сызбаны қараңыз).
8-сызба
Педагогикалық қолдау технологиясы
(О.С. Газман) бойынша
Рефлексивті кезең
Іс-әрекет кезеңі
Шартты кезең
Іздеу кезеңі
Диагностикалау кезеңі
80
1
2
1. Баланың қызығушылықтарын іздестіру және
мінез-құлқы мен қызығушылықтарының ерекшелігін
түсіну.
2. Баланың жеке басының теріс қасиеттерін және
бөгде ықпалдыққа реакциясын анықтау.
3. Мінез-құлықтың және өзара іс-қимылдың жалпы
нормаларын әзірлеу.
2. Іздеу кезеңі
Іздеу кезеңі баламен бірге мәселенің пайда болу
себептерін, оны сақтаудың немесе еңсерудің
ықтимал салдарын, жағдайға сырттай көзқарасты
іздестіруді ұйымдастыруды көздейді.
Іздеу кезеңінің мақсаты –
диагностикалық кезеңді
пайдалана отырып, мәселенің пайда болуы мен
шешілуі үшін жасөспірімнің өзіне жауапкершілік
алуы және қолдау көрсетуі.
Мәселеге байланысты факторлар мен жағдайларды,
анықтауға көмек көрсету. Егер бірінші кезеңде оның
жағдайын түсіну үшін мәселені жасөспірім
тарапынан көру маңызды болса, екінші кезеңде
маман қандай да бір проблеманы тудырған ықтимал
себептер бойынша жұмыс гипотезасын жасайды,
жағдайды сырттан қадағалайды.
Мүмкін болатын салдарды талқылау педагогтың
ешқандай іс-әрекет қабылдамаған жағдайда жақын
және кейінге қалдырылған кезеңде не болатынын
болжай білуін түсіндіреді. Іздеу кезеңі алдағы
таңдаудың мақсатын айқындаудағы қолдауды да
көздейді: факторлар мен себептерді анықтау
барысында алдын ала «жұмыс» тұжырымдары мен
проблемадан шығуға арналған мақсаттарға қол
жеткізу тәсілдері көрініс табады.
Әлеуметтік педагогтың міндеті – жасөспірімге кез
келген таңдауда қолдау көрсету.
3. Шартты кезең
Шартты кезең педагог пен жасөспірімнің іс-әрекетін
жобалауды (мәселелерді шешу бойынша міндеттер
мен жауапкершілікті бөлу), шарттық қатынастарды
жолға қоюды және еркін түрде шарт жасауды
қамтиды.
Мәселенің сипатына және оны тудырған себептерге
байланысты маман қандай да бір әлеуметтік-
педагогикалық технологияны қолданады,
қамқорлыққа алынушымен бірге қандай да бір
қайшылықты шешудің неғұрлым оңтайлы
нұсқаларын әзірлейді.
81
1
2
Осы кезеңде әрқайсысы оң өзгерістер процесіне
жауап беретін тұлғалар тобы (жасөспірімді қоса
алғанда) анықталады. Мұнда «ерекше назар
тобының» жасөспіріміне тәрбиеленушінің жеке
тұлғасындағы және мінез-құлқындағы өзгерістер
процесін дербес түрде қолдайтын тәлімгер
бекітіледі.
4. Рефлексивті
кезең
Рефлексивті кезең әлеуметтік педагогтың
жұмысында жасөспіріммен бірге алдыңғы қызметтің
табыстары мен сәтсіздігін талқылауды, мәселені
қайта қалыптастыру үшін шешу немесе шешілмейтін
фактіні айқындауды болжайды, өмірдің жаңа
тәжірибесін бірлесіп ұғыну мәселені шешуде
қорытынды және бастапқы болуы мүмкін.
Рефлексия барысында бұрын көрінбейтін себептер,
жағдайлар ашылуы мүмкін. Мәселені қайта құрып,
оны шешудің жаңа жолдарын іздеу қажет болады.
Жасөспіріммен мәселені шешуге ілгерілеуді
талқылай отырып, жобаланған әрекеттердің
дұрыстығын немесе қателігін растайтын негізгі
сәттер бөлінеді. Жасөспірімге онда және оның
айналасында болып жатқан өзгерістерді байқауға
көмектесу маңызды.
Рефлексивті кезең дербес ретінде анықталады, кейде,
барлық қолдау қызметін енгізе алады.
Достарыңызбен бөлісу: