107
Бірінші нұсқа
1. Қағаз бетін екіге бөліңіз.
2. Сол жақта идеалға қарсы дәлелдерді жазыңыз, содан кей-
ін оң жақта кері дәлелдейтін контраргументтерді (қарсы дәлел-
дерді) жазыңыз.
3. Өз дәлелдеріңізді және қарсы дәлелдеріңізді оқыңыз.
4. Идеалдың маңызы мен мағынасы туралы пікірталас өткізіңіз.
Екінші нұсқа
1. Парақтың сол жағында өзіңіздің
әлсіз жақтарыңыздың
тізімін жасаңыз.
2.
Әр тармаққа қарсы оң жақта, оған қарсы қоятын жағымды
жақтарыңызды көрсетіңіз.
3. Жұппен жұмыс. Қарсы дәлелдерді ашып көрсетіңіз және
негіздеме беріңіз.
Лайықты мысалдарды табыңыз.
Хат жазыңыз
Балаға өзіне, шығарманың кейіпкеріне, қандай да бір кейіп-
керге, ол үшін маңызды адамға хат жазу ұсынылады. Бұл хатта
ол өзінің барлық ойын, өзі үшін маңызды мәселелерге алаңдай-
тынын жазады. Осылайша, адамның адамгершілік санасының өз-
геруіне әкелетін өздігінен тәубе ету, өзін-өзі ашу және ішкі өзін-
өзі тазарту жағдайы қалыптасады.
Саралау
Балалардың құндылықтар таңдауларын анықтауға мүмкіндік
беретін әдіс және өз таңдауын түсінуге және зерделеуге мүм-
кіндік беретін тәсіл. Саралау дегеніміз – нысандарды, құбылыс-
тарды маңыздылық деңгейіне қарай бөлу.
Бірінші тәсіл – бұл кезде құндылықтар тізімі дайын түрде
ұсынылады, ал тізімде оларды ең маңыздыдан бастап орналасты-
ра отырып, дәреже қатарын құру керек.
Екінші тәсілде балаларға сараланған ұғымдардың мазмұнын
өздері анықтау, оларды өздері үшін маңыздылық дәрежесі бойынша
реттеу ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: