108
Ә) Олардың әрқайсының ортасына
адамдар бойынан баға-
лайтын қасиеттеріңіздің біреуін жазыңыз.
Б) Енді қағазды сегіз бөлікке бөліңіз және тілімдерді сіз
үшін қай қасиет маңызды, одан кейін азырақ маңызды және т.б.
етіп сәйкесінше реттеңіз.
В) Осы қасиеттерді өзіңіз белгілеген ретпен жазыңыз.
Г)
Өз таңдауыңызды оқып, дәлелдеңіз.
Адамгершілік эмоциялары мен сезімдерін белсендіру тә-
сілдері
Эмоциялық тәжірибені бел-
сендіру
Бұл тәсіл айтылып отырған
адамгершілік
құндылықтарын
түсіну және қабылдауға қажет-
ті баланың жан дүниесінде бұ-
рын бастан кешкен сезімдер
мен
алаңдаушылықтарды ояту
үшін қолданылады.
А) Сіз өміріңізде жақын ада-
мыңызды ренжіткен және сізді
кешірген кездегі оқиғаны есіңізге түсіріңіз. Сіз өзіңізді қалай се-
зіндіңіз, сіздің реакцияңыз қандай болды?
Енді басқа жағдайды еске түсіріңіз: сіз кешірім сұрадыңыз,
бірақ сізді кешірмеді. Сізде қандай сезім мен ой болды?
Ә) Сіздің өміріңізде істің ықтимал теріс салдары туралы ой-
ламай, игі іс істеген кездеріңіз болды ма? Одан кейінгі өзіңіздің
сезімдеріңізді есіңізге түсіріп, айтып беріңіз.
Эмоционалды жадыны және қайталанатын сезімдерді бел-
сендіру – міндетті түрде өздерінің эмоционалды күйлерін көр-
сетумен және оларды талдаумен бірге жүруі керек.
Визуалдау
Адам ойындағы ішкі бейнелерді құруға, яғни есту, көру се-
зімдері көмегімен қиялды жандандыруға, негізделген тәсіл. Ви-
зуалдау – адамға эмоционалды жадыны дамытуға, бұрын бастан
кешкен сезімдерін қайта сезінуге, сонымен бірге оның сезімдері
мен ойларына өзгерістер енгізуге көмектеседі. Бұл тәсілді қолда-
109
ну үшін адамның ішкі әлеміне терең
бойлайтын жағдай жасау
керек, оған релаксация (психикалық және физикалық босаңсу)
және концентрация (зейін қою) арқылы қол жеткізіледі.
Символдық сурет
Балалар неғұрлым жас болса,
солғұрлым олардың санала-
рында пайда болатын ойлар мен сезімдер бейнелі түрде қағазға
жазылуы маңызды. Балалар сурет салғанды ұнатады, ал
сурет
салу оларды ішкі әлемдерін түсінуге және суреттеуге, көптеген
құбылыстардың мәнін түсінуге көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: