айналасындағыларға тым
қатты
қарайтын адам ретінде елестетеді. Осы
пікірді
қалай жоққа шығаруға болады? Мәселен, сіз
үй шаруасына
көмектесетін шығарсыз немесе көпшілік біле бермейтін, сүйіп істейтін
шаруаңыз бар шығар...?!
– деген сауалына: – «Мұсылманның
амалы сөзінен
алдын жүруі керек. Пенде жақсы көрген адамынан
ғана дін
үйренгісі келеді.
Алла Елшісі пайғамбар (с.ғ.с.) сондай еді,
өз киімін
өзі жамайтын, үй
шаруасына көмектесетін. Көбінде мұсылман адамның сөзі емес, ісі насихатқа
айналуы керек. Жетпей тұрған жері ғана сөзбен айтылады. Бірінші кезекте
үйіңде жақсы көретін жарым деп
әйелің
күтіп отырса,
ұл-қызың әкем келді
деп қуанса, туысың сенің жанашырлығыңды сезініп жүрсе, іс-әрекетіңмен
айналаңды сүйсіндіре алсаң, міне, сен нағыз мұсылмансың»,
жауап берген.
– деп тапқыр
Заманауи шешендердің шебін бастап тұрған тұлғалардың бірі – Бекболат
Тілеухан. Елде болып жатқан мәселелерді мінбердегілерге шебер жеткізуді
игерген қоғам қайраткері ретінде мәлім. Қай сұхбатын алып қарасаңыз да,
әрбір сөзі тәрбиелік мәнге ие. Махаббат дегеніміз не? - деген сауалға: «Жалпы
махаббат деген не? Сүю. Махаббат деген сөзді біздің қолданбайтын жеріміз жоқ. Оның жалпы атасы – мейірім. Махаббат та, мейірім де Аллаға тән нәрсе. Махаббат дегеніміз – өте бір терең ұғым. Мысалы үшін, біз үлкен иттен болсын қорқамыз. Пәленбай атмосферамен сүйегіңді уатып тістейтін иттен кейде зәре –
құтымыз қалмауы мүмкін. Енді сол ит келіп сенің жақыныңа, сүп – сүйкімді
балаңа келіп басын қажап талап жатса не істейсіз? Бағанағы қорқыныш қайда
кеткенін білмей қаласыз, итке ұмтыласыз. Сол сізді итке жүгіртіп қойған –
балаға деген мейірім, балаға деген махаббат. Махаббат дегеніміз соншалықты үлкен дүние. Дүниенің бәрі махаббаттан тұрады. Қашан иман жүректен кетеді, махаббат жүректен кетеді.Қашан махаббат жүректен кетеді, адам адамдық
сипатынан айырылады. Ол хайуан болады. Сондықтан емі ол – иман, махаббат, мейірім», – деп түйіндейді.
қоғамның бірден – бір
Қай салада болмасын сөзін елге тыңдата білетін, оны тыңдаушысының жүрегіне жеткізе білетін шешендер қоғамда өзіндік орын алып отырған.
Шешендік өнер, әлеyметтік феномен тұрғысынaн aлғaндa, белгілі бір
әлеyметтік ортaдa, қоғaмдық кеңістікте, қaлaй дa бір aдaм мен оқиғaғa
бaйлaнысты қaлыптaсып, ерен тaпқырлықпен, көркем тілмен aйтылaтын және
әлеyмет қaбылдaп, мойындaғaн үлгі ойлaп, идеялaп тұжырымдay үрдісі, рyхaни
әлеyметтік құндылықтaр жүйесі тaрихи-мәдени тұрғыдa қaлыптaсқaн
әлеyметтік шындық. Шешендік сөз өнерінің әлеyметтік-мaғынaлық тaбиғaтын
aйқындaйтын социyмдық жaғдaйлaр мынaлaр: a) шешендік өнердің
қaлыптaсyы мен қоғaмдық үдерістердің қaлыптaсып дaмyы aрaсындaғы тығыз бaйлaныстылық; ә) би-шешендердің жеке дaрaлығы мен әлеyметтік үрдістердің
aстaстығы; б) қоғaмдaғы рyхaни-мәдени сaбaқтaстықтың шешендік өнердегі
көрініс тaбyы; в) шешендік өнердің қоғaмдa aтқaрaтын қызметі. Шешендік
сөздер мен қоғaмдық үдерістер aрaсындaғы тығыз бaйлaнысқa келсек, ең
aлдымен, тіл мен қоғaм aрaсындaғы өзaрa тәyелді бaйлaнысты көрсететін
ғылыми дәлелдеyге сүйенy қaжет.
Шешендік өнер мен қоғaмның тығыз бaйлaнысын толықтырa түсетін
мәселе – әлеyметтік жүйенің шешендік өнер үшін өмір сүрy ортaсы, оның
ұрпaқтaн-ұрпaққa берілy мехaнизмі болaды. Шешендік өнердің жaсaлyы
әлеyметтен тыс болмaйтындaй, оның өмір сүрyі де әлеyметтен тыс
болaaлмaйды. Яғни шешен сөйлеy құбылысын шыңдayдың қaтысынсыз aдaм
өзі жеке дaрa жaсaйды дa, оны өзгерте де aлмaйды. Шешендік сөз дәстүрі тек
белгілі бір aдaмдaр aрaсындaғы келісімін мойындayдың нәтижесінде ғaнa өмір
сүреді. Шешендік сөзді ұрпaқтaн-ұрпaққa ayысып жетyін тaрихи-мәдени
феномен деп қaрayғa болaды. Себебі оны ayызшa нұсқада берy тәсілінің өзі
үшін белгілі бір әлеyметтік ортaның қaжет болғaнын көрсетеді. Демек,
шешендік өнер – қоғaмдық тіршіліктің бір сaлaсы дa, aл әлеyмет – шешендіктің
өмір сүрy ортaсы. Шешендік өнер әлеyметсіз өмір сүре aлмaйды. Әлеyметтік
ортa – шешендіктің дaмyы үшін қaжетті негіз.
Елбасы дискурсы, оның өзіндік сипаты
Соңғы жылдары лингивистикалық әдебиетте мәтін терминімен қоса
дискурс (фр. discours – сөйлеу) термині пайда болды. Дискурс-
экстралингвистикалық факторлар жиынтығындағы байласымды мәтін; оқиға
аспектісінде алынған мәтін; нысанды әлеуметтік іс-қимыл ретінде
қарастырылатын сөйлеу; адамдар мен олардың сана механизмдерінің
әрекеттестігіне сөйлеу.
қатысушы компонент, яғни «нақты
өмірмен байланысты»
Қазақ тіл білімінде дискурстың кейбір негізгі белгілерін Қ. Жұбановтың
жылдардағы зерттеулерінен аталмыш терминді қолданбаса да кездестіреміз.
Ғалым: «Сөз бұйымын жасап шығару үшін де оның жасалу жолын,
материалының сыр-сипатын білу керек. Сөзді дұрыс құраудың жолын білу –
жазылатын сөзге ала-бөтен қарау. Өйткені, ауызекі сөйленетін сөздердің андай- мұндай қисығын елетпейтін басқа жағдайлар бар. Дауыстап сөйлеген сөздердің олқысы көбінесе ыммен толады. Дұрыс айтылмағанын сезсе, сөйлеушінің өзі де
сөзін қайта түзеп айтып, түсінікті қылады. Мұның бәрі де жеткіліксіз болса,
ауызба-ауыз сөйлескен адам қайта сұрап алуына болады. Жазулы сөзде бұл
кемшіліктердің бірі де жоқ. Кітаптың сөзі қисық болсын, дұрыс болсын, қалай жазылған болса, солай оқылады, солай түсініледі немесе түсініксіз күйімен
қалып қояды. Мұнда жазған кісіден қайта сұрап алуға болмайды. Жазылған
сөздің бөлшек-бөлшегін және тыныс белгілерін өте сақтықпен өз орнына
қоймасаң, мұнда оның олқысын толтыратыным да, дыбыс әні де жоқ.
Сондықтан әсіресе жазылатын сөздің қалай құру тетігін білу өте қажет. Сөзді
қалай құрудың тетігін білу ауызекі сөз үшін де аса керекті. Өйткені, топта
сөйленетін сөз де жазу тілі сияқты. Мұнда да екі кісі отырып сөйлескендегі кеңшілік жоқ»,– деп көрсетеді [102,б. 149].
Дискурс – тақырыптық тұрғыдан арақатынасы белгіленген мәтіндер
жиынтығы: бір ортақ тақырыпқа жүйеленген дискурста жинақталатын мәтін.
Дискурстың мағынасы жеке дара мәтін көмегімен ашыла қоймайды, ол
интермәтіндік деңгейде, яғни көптеген мәтіндер жиынтығының арақатынасы
негізінде ашылады. Басқа сөзбен айтқанда, дискурстың бұл анықтамасы бір
коммуникативтік сала аясында қызмет ететін мәтіннің көптеген түрлерінің
арақатынасын меңзейді. Лингвистикалық тәжірибеде адам танымы мен қарым-
қатынасының жеке бекітілген әлеуметтік-тарихи саласы ретінде дискурстың
медициналық, заң, саяси, жарнамалық және тағы да басқа түрлерін қарастыру
қажет. Бұл тұрғыдан алғанда, дискурстық анализ дискурстың тақырыптық
бірлестігі қалай қамтамасыз ететіндігі, жеке мәтіннің/дискурстың қай
элементтері дискурсқа ортақ, тән болып келетіндігі және қандай мәтін түрі
қандай дискурс түрін анықтайтындығы жөніндегі зерттеулерге бағытталған [83, б. 77].
Шешендік сөздердің ішінде саяси мәнді мәтіндерде сөйлеу стратегиялары
мен тактикалары мейлінше көп қолданылады. Саясат пен жеке тұлғаның
ұстанымын байланыстыратын да біз жоғарыда тоқталып өткен дискурс.
Дискурс жөніндегі теориямен тығыз байланысты ұғымдарға саяси ұстаным
мен әлеуметтік ұстаным жатады. Мәселен М. Фуконың тұжырымдамасында
дискурс ұстанымның
сыртқы ұйымдастырушысы болып табылса, ал Ю.
Хабермастың тұжырымдамасына сәйкес дискурс агенттің
саяси және
әлеуметтік ұстанымдарының ерекшеліктерінде көрініс береді. Негізінде,
дискурс ұғымын ғылыми айналымға лингвист Ролан Барт енгізді. Оның:
«Болашақта біз шығармаларды дискурс, пікір айту деп атаймыз және бұлар
ауызша немесе визуальды екендігіне қарамастан барлығы да бір мағынада
болады», – деген сөзінен кейін дискурс концептісі саяси сипатқа ие болды [71, с. 74].
Саяси мәтінді жазушы адам дәл осы саяси көзқарастарға қатысты өзінің
саяси пікірін білдіреді. Бұл саяси мәтін, бір жағынан, қоғамның белгілі бір
мүшелеріне ғана әсер етуі мүмкін, ал екінші жағынан, кең түрде алып мемлекет халқының барлығына әсер етуі де мүмкін.
қарасақ
A.М.Нехорошевa «Особенности языковой личности политического лидерa
гермaнии Aнгелы Меркель» aтты зерттеy жұмысындa сaясaткерлердің тілдік
типтерін жaсaйды. Ол бойыншa нaқты сaяси қaйрaткердің когнитивтік,
вербaльды, прaгмaтикaлық жүйесі сaрaлaнaды. Мұндa Н.Нaзaрбaевтың тілдік
тұлғaсының когнитивті жүйесінің зерттелгендігін aйтып өтеді. Демек,
Н.Нaзaрбaевтың негізгі тілдік-типтік бейнесін когнитивті ұғымдaр жaнындa
aшылa түсетініне көз жеткізyге болaды [104,с. 2].
Соңғы жылдары саяси коммуникацияға байланысты көптеген еңбектер жазылды. Солардың бірі – Ж.Қ. Ибраеваның «Психолингвистика негіздері» деп
аталатын еңбегі. Аталмыш жұмыстың 3-ші тарауы «Ықпал ету
психолингвистикасы» деп аталады. Бұл тарауда саяси коммуникациядағы сөйлеу ықпалы мен бейвербалды ықпал, психолингвистика және саяси технологиялар: саяси пиар коммуникативтік менеджмент мәселесі, сондай-ақ ықпал ету психолингвистикасы аясындағы қазіргі саясаткер имиджіне қатысты көптеген деректер беріледі » [72,б. 75].
Қазіргі таңда саяси сипаттағы мәтіндерді зерттеу шеңбері кеңейіп, өзінің
түрлі бағыты белгіленген ғылым саласы болып табылады. Түрліше зерттеліп
жүрген бұл саланың маңызды бөлшегін саяси тұлғалардың тілдік
қолданыстары мен іс-әрекеттері құрайды. Бұл тұста, ең алдымен, мемлекет
басшылары, саясаткерлер, мемлекет қайраткерлері, жалпы ел алдында жүрген
танымал тұлғалар, көркемсөз шеберлері, ақын-жазушылар мен беделді кісілер
ойымызға түседі. Халық ондай тұлғаларды, еткен еңбегімен қатар, көпшілік
алдында сөйлеген сөзі, берген есебі, жүргізген келіссөзі, басқаша айтқанда, бүкіл сөзжұмсамдық әрекеті тұрғысынан бағалайтыны белгілі. Сондықтан бұл
мәселені қазіргі ғылыми әдебиетте жиі қолданылып жүрген «тілдік тұлға»
ұғымымен байланыстыра зерделегеніміз жөн.
Жалпы тіл білімінде «тілдік тұлға» феномені дербес
ұғым ретінде жан-
жақты қарастырылып жүргені мәлім. Көптеген зерттеушілер Ю.Н.Карауловтың үш деңгейлі тілдік тұлға концепциясын басшылыққа алатыны жоғарыда
айтылды [31,с. 49]. Ол бойынша, бірінші, лексика-семантикалық деңгейде
тұлғаның белгілі бір тілді грамматикалық, лексикалық, семантикалық
жақтарынан жақсы меңгеруі, сөз мағыналарын ажырата білуі, тілдік бірліктерді
әдеби тіл нормасына сай қолдана білуі ескеріледі. Екінші, лингвокогнитивтік
деңгейде тұлғаның аялық және энциклопедиялық білімдер қоры, ел мәдениеті
мен ұлттың салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын, материалдық және рухани
мәдениетін жақсы білуі есепке алынады. Ал үшінші, лингвопрагматикалық
деңгейде тұлғаның өз білім қорын қатысым жағдаятына өзі сөзін арнап отырған
адресатқа әсерін тілдік бірліктерді сөйлеу мақсатына сай іріктеп, екшеп ала
білуі және жалпы түпкі прагматикалық ниетіне орай сөз саптай білуіне,
шеберлігіне мән беріледі. Осы үш критерийді тәуелсіз мемлекетіміздің тұңғыш Президентінің саяси тұлғасына қатысты пайдалануға болады деп ойлаймыз»
дейді зерттеуші Қ.Есенова «Лингвосаясаттануға кіріспе» атты еңбегінде [,б. 125-126].
Мәселен, лингвистикалық тұрғыдан алғанда Елбасының сөйлеу
Достарыңызбен бөлісу: |