Шаршысөз дискурсыны



бет20/57
Дата16.04.2024
өлшемі0.81 Mb.
#498879
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   57
Диссертация Елшибаева К.З. compressed

(аялық білім, қолданылатын амал-тәсілді таңдау); үшінші (кезең келесі
мүмкіндік); төртінші кезең (қайтарылған жауап).
Шешендік сөздермен қатар қолданылатын классикалық риториканың
инвенция, диспозиция, элокуция сынды бөлімдері жайлы да ерекше айтып өтуге болады. Бұл бөлімдерде ең алдымен шешендік ойдың жарыққа шыққанға дейінгі кезеңі ерекше назарда болады. Шешеннің санасында айтылатын ойдың
берілуі, оның дұрыс шешімге ие болуы сынды мәселелер жүреді. Шешеннің
санасында ойлану-толғану нәтижесінде біртұтас дүние, мәтін жарыққа шығады.
Тыңдаушы шешеннің берген сұрақтарына толық, қанағаттанарлық жауап
бергенде, мәселе шешімін тапқанда ғана қарым-қатынас сәтті аяқталады.
Ендігі ретте жоғарыда айтылған инвенция, диспозиция, элокуция бөлімдеріне жеке-жеке тоқталып, оны сызба арқылы былайша көрсете кетейік:
ҰҒЫМ диспозиция -------ЗАТ инвенция СӨЗ элокуция
Инвенция – болашақта жүзеге асатын коммуникацияның, берілетін ақпараттың ойда сұрыпталуы, сипатталуы.
Диспозиция – шешендік сөзге сөйлеуге дейінгі аралығын қамтиды.
Элокуция – шешендік сөздің санада қорытылған жиынтығы нәтижесінде
сөзге айналып, сипаттау, баяндау, пайымдау сынды тәсілдер арқылы коммуникативтік процесс екі жақты диалог түрінде жүзеге асып аяқталады [62,б. 17-21].
Риторикалық талдау – дайын сөздің қалай құрылғанын түсінуге
көмектеседі, ойдан сөзге дейінгі жолды көрсетеді. Ол үшін риторикалық ереже
деген түсінік қолданылады.
Классикалық риторикалық канон кезеңдері:

  1. Инвенция – жаңалық ашу (жасаушы) (айтылатын нәрсені табу).

  2. Диспозиция – жаңалықтың орналасуы

  3. Элокуция – ойдың ауызша көркемделуі

  4. Меморио – есте сақтау

  5. Actio hypocrisis – сөздің айтылуы (орындалуы)

Инвенция сөздің мағынасын түсінуді жобалайды, оларды бірнеше
тақырыпшаларға бөлуді көздейді. Бірінші кезеңде (инвенцияның) ойдың болуы мен байлығы есепке алынады. Ол үшін «жалпы орындар» деп аталатындар бар. (топ – сөзді дамытудағы мағыналық моделдер).
Топ – түсініктер жүйесі, кез келген сөз туралы ойлар әдісін жобалайды.
Диспозиция идеяларды қайта топтау және олардың сөздің негізгі міндетін орындайтын тәртіпте орналастыру. Сөз келесі құрылымға ие:

  1. кіріспе;

  2. сөйлем;

  3. мазмұндау (баяндау);

  4. растау;

  5. теріске шығару;

  6. қорытынды.

Элокуция – бұл сөзді ауызша көркемдеу

кезеңі. Сөздер мен сөз тіркестерін



таңдау өте маңызды; сөздерді мағыналық, семантикалық, стилистикалық,
дыбыстық таңдау. Осы жерде троптар мен сөз фигураларын таңдау қажет.
Инвенция – идеялар іздеу, болашақ сөздің мазмұны, мағынасы.
Қазіргі риторика – лингвоцентрлі. Ол риторикалық дискурстың тиімділігін
арттыру үшін қолданылатын тілдік құралдарға аса мән береді. Алайда,
риториканың классикалық түрі де, заманауи түрі де шаршытопта сөйлеудің
фонетикалық аспектісіне келгенде біршама формалды.
«Ақпаратты ашудың» маңыздылығын сипаттайтын риторика көпшілік
алдында сөйленетін сөздің «дұрыс және дұрыс емес», «орынды немесе
орынсыз», «тиімді және тиімсіз» жақтарына ерекше мән беріп, шешеннің фонетикалық мінез-құлқына қойылатын талаптарын санаумен ғана шектеледі.
Шаршытопта сөйлеудің фонетикалық құрамдас бөлігі жеке деңгей ретінде
қарастырылады. Шаршытопта сөйлеудің негізі болып табылатын шешеннің
айтар ойымен де, жанрдың қатыстылығына да, семантикалық-синтаксистік ерекшелігіне де назар аударылады.
Шешендік дискурстың басты қызметі – деректер мен дәлелдерді келтіре
отырып сенімді ақпарат беру. Дәлелдеме жұмысы әмбебап сипатқа ие.
Дегенмен, дәлелдемелік стратегия, дәлелдеме түрін таңдау шешеннің өз құзырында.
Зерттеуіміздің нысаны болып отырған шаршытопта сөйлеу немесе
риторика біздің қоғамдық өмірімізде маңызды рөл атқара бастады.
Демократияландыруға қатысты жалпы үрдістер қоғамның әрбір мүшесіне
көпшілік алдында сөйлеу қажеттілігін туындатты. Демократиялық қоғам – тең
мүмкіндіктер қоғамы, яғни қоғамдық пікір қоғамның барлық мүшелерінің
пікірлерінен тұрады. Сондықтан шешен сөз сөйлеуде барлық көзқарастарды
алдын-ала ескеруі керек. Аудиторияға әсер ету тетіктерін тиімді қолданғанда
ғана тыңдаушыны өзіңізге қарату мүмкін болады.
Шаршытопта сөйлеудің ерекшелігі – ол сөйлеуші мен тыңдаушы
арасындағы қарым-қатынасқа тән сипаттамаларды бұқаралық ақпарат
құралдарына тән қасиеттермен біріктіреді. Бұл спикердің және адресаттың
өзара әрекеттесу сипатында және сөйлеушінің сөйлеу тактикасында көрініс
табады.
Орыс зерттеушісі Н.П.Вольвак «Фактор адресата в публичном
аргументирующем дискурсе» атты кандидаттық диссертациясында
шаршытоптағы дәлелдемелік дискурстың семантикалық және синтаксистік
құрылымындағы адресат факторына назар аударады. Сондай-ақ, ол өз
зерттеуінде жалпыға ортақ коммуникацияның түрі ретінде қоғамдық

пікірталастың ерекшеліктерін анықтай отырып, дәлелдемелік сөз адресатының
ерекшеліктерін көрсетеді. Қоғамдық дискурс құрылымында адресат түрлерін
ұсыну жолдарын талдау арқылы диалогтың маңызды сипаттамаларын
қоғамдық пікірге қатысты коммуникативті сөйлеуді жүзеге асыру ретінде
қарастырады [58,с. 6].
Аргументация немесе дәлелдеме – логикалық, эмоционалды- психологиялық әдістер мен сенімділік әдістерін пайдаланумен қатар, кез келген қорытындыларды, тәжірибелік пікірлер мен бағалауды дәлелдеу операциясы.
Аргумент екі аспектіде қарастырылады:

  1. Логикалық рәсімі

аспекті –
кейбір тезистерді дәлелдеу
үшін дәлелдерді іздеу

  1. Коммуникативті әдіс – адресат тарапынан сендіру үдерісі: а) қабылдау б) дәлелдеушінің тезисін қабылдау

Орыс ғалымдары А.В. Филиппов, Н.Н. Романова еңбектеріне сүйене
отырып дәлелдеменің логикалық әдістерінің бірнеше түрін көрсетуге болады. Олар:

  1. Iстiң дәлелi немесе іс аргументі – iстiң мән-жайларына негізделген

дәлел, субъектiнiң мәнi туралы мәселе.

  1. Тәжірибеге сүйенген дәлел – негізделген дәлелдемелер.

жеке немесе басқалардың


тәжірибесіне



  1. Қарама-қайшылықпен дәлелдеу – қарама-қарсы пікірді талдауға

негізделген дәлел, ол кейде сәйкес келмеуі де мүмкін.

  1. Аподиоис (грек тілінен «қашу») дәлелді немесе ретінде қабылдамау; маңызды емес заттарды қабылдамау.

қарсылықты абсурд



  1. Абсурдтық дәлелдеу – мүмкін емес нәрсені дәлелдеу,

  2. Маневр жасау стратегиясы – спикердің позицияларын, көзқарасын,

аудиторияның немесе қарсыластың көңіл-күйін тану; бұл ұстанымды кейбір
дәлелдермен қолдау, бірақ кейіннен дәрменсіздік таныту және басқа пікірді
сендіру әрекеті.

  1. Антанагога (грекше - лақтыруға қарсы) – өз қарсыласының өзіне қарсы шағымдануы немесе айыптауы.

  1. Қарама-қарсы мысалы келтіру – оған істерді көрсете отырып, дәлелді жоққа шығару.

қайшы келетін оқшауланған

  1. Парадиастрол (грекше: «Ұқсас нәрселерді жинау») - бұл бірдей

мағынаға ие болып, олардың қаншалықты нәрселерді ажыратқанда сөйленер сөз [63,с. 67].
өзгеше екендігін көрсететін

Шешен – ойлану мәдениетінің сенімді тірегі, оның өнері – өзара түсіністік пен тұлғаны елмен табыстыратын тетік.
Шешен сөзі өзара араласым, сыйласым, жарасым, сәйкесім, ұштасым үлгісі және олардың бітімге келуінің айғағы. Ол – толассыз және шашаусыз әрекеттің нәтижесі, іркілмес қарым-қатынастың түрі.
Шешен сөздерін әңгімедегі дәйек пен дәлелге сәйкестендіре жалғастырады және ойын ұштай түседі. Ол дегеніміз:

  • Сауалды ережені бұзбай қойып немесе сұрақтарға этикетті сақтай

отырып жауап беріп, өз дәлелдерін орнымен ұсынады;

  • Мағынасы ашылмаған немесе күдікті мәселелерге дер кезінде назар аударып, орынды дат айтады;

  • Қажетсіз қайталама сөздерден аулақ болып, өз мәртебесін көтеретін

және шындыққа жеткізетін мәселенің бетін ашады, датты негіздейді;

  • Қорытынды сөзде өзін сенімді ұстайды және дәлелдерін, фактілерін

нақты ұсынады.
Бәрі де адам мәртебесін

қолдау, шындыққа жету, келісім мен бітім


үшін


керек. Сондай ұстанымды басшылыққа алған әңгімеші барлық фактілерді
ескеруі тиіс, болып жатқан істі және бұрын-соңды көтерілмеген мәселені түсіне және басқаға түсіндіре білуі керек. Оған қоса сұхбаттасу жүріп жатқан кездегі оқиғаны бақылай алуы, қажет деген айғақтар мен сондағы дәйекті есте дәлме- дәл қалпына келтіріп, оларды түсінікті баяндай алуы шарт.
    1. Шешендік монологтың құрылымы, адресатқа әсері


Жер бетінің әр бөлігінде мекен еткен адамдар басқа тіршілік иелерінен саналы ойымен, сол ойын сұхбаттасушысына тілі арқылы жеткізе алуымен ерекшеленеді.
Тілдің пайда болуы ерте заманнан бері, мыңдаған жыл бұрын басталып,
алғашқы дыбыстарға еліктеу немесе ым-ишара арқылы күннен-күнге даму
сатыларын артқа қалдыра отырып бүгінгі күнге дейін жетті. Жалпы тілдің
қалыптасу процесін «глоттогенез» деп атайды. Тілдің пайда болуы туралы
әртүрлі теория бар. Тіл адамдарға өзара қарым-қатынас жасау үшін, өзі айтпақ

ойды келесі адамға жеткізу үшін керек.
Диалог – екі немесе бірнеше адамның

кезектесіп сөйлесуі арқылы пікір



алмасатын ауызекі сөйлеу формасы. Диалогта сұрақ қою арқылы сұхбаттасушы
өзі күткен мәліметті ала алады. Мысалы, егер өзіне берілген мағлұмат толық
болмаса, қарсы сұрақ қою арқылы күткен жауабын толықтырады. Диалог
қысқа түрде екі немесе үш сөйлемнен тұрады, мазмұны жағынан көлемді
келеді. Диалогта келесі айтылымдардың қолданылатынын байқаймыз:
сөйлемде фразаларды кірістіріп қолдану, сөзге жауап күту т.б. Диалог
барысында сөйлесуші сөз орнына ым-ишара мен ауыз екі сөйлеу түрлерін пайдаланады.
Диалогпен қатар тағы бір сөйлеу түрі бар. Ол «монолог» деп аталады.
Монолог – кейіпкердің көпшілікке қарата немесе өзіне арнап айтқан сөзі,
толғанысы, өсиет-уағызы. Сөз өнерінде жиі қолданылатын монологтар
кейіпкердің ішкі жай-күйін, сырт ортаның өзіне әсер еткен жағдайына
байланысты туған толғаныс-тебіренісін бейнелеу мақсатында қолданылады.
Монолог – (гр.monos - дара, гр.logos - сөйлеу) кейіпкердің көпшілікке
қарата немесе өзіне арнап айтқан сөзі, толғанысы, өсиет-уағызы.
ХХ ғасырдың соңғы он жылдығында шешендік өнерге, оның ішінде
шешендік монологқа, оны зерттеуге ғалымдардың қызығушылығы арта түсті.

В.А. Андреев, В.И. Аннушкин, Г.З. Апресян т.б. тәсілін ұсынады:
ғалымдар зерттеудің үш

  • нормативтік-стилистикалық (тілдің барлық деңгейлерін нормативтік

қолдану тұрғысынан шешендік сөйлеуді зерттеумен байланысты);

  • функционалды-стилистикалық (шешендік сөйлеуде ойды тиімді

білдірудің әртүрлі тілдік құралдарының қызметі және оны оңтайлы
қолданылуын зерттеумен байланысты);

  • психолингвистикалық – (оның мазмұны мен спикердің ниеті, сөйлеудің

тыңдаушыларға әсері, оны тыңдаушылардың қабылдауы арасындағы байланыс тұрғысынан шешендік сөйлеуді зерттеуді білдіреді).
Қоғамдық сөйлеу – бұл ауызша сөйлеудің ерекше формасы ретінде
анықтауға болатын монолог, ол семантикалық қатынас туралы аяқталған бір
адамның егжей-тегжейлі тұжырымы, барлық тілдік және коммуникативті
элементтері негізгі ойға және оның негізгі мақсатына бағынады [59,с. 105].
Шешендік монологтың ақпараттық қызмет, түсіндіру қызметі,
апелляциялық қызмет, сөйлеу объектісін бағалау қызметі, шақыру қызметі,
әрекетке шақыру, императивті қызмет сияқты қызметтері бар.

Шешендік
қызметі.
өнерде маңыздысы – аппелляциялық
– сендіру және
әсер ету

Шешендік сөйлеудің міндеті – белгілі бір мақсатқа жету үшін адамдардың
ерік-жігеріне сендіру, әсер ету. Бұл жағдайда ерікті-жеке функция ерекше рөл
атқарады. Осыған байланысты тыңдаушылар арасында шешеннің (спикердің)
беделінің рөлі өте зор. Айта кету керек, шешендік сөйлеудің түрі мен шығу
тегінде стилистикалық сөйлеу құралдары мен қызметі басымдыққа ие.
Аудитория алдында сәтті сөйлеу үшін шешен қарым-қатынас жағдайында тез
және дұрыс бағдарлануы керек; сөйлеуді дұрыс жоспарлау, сөйлеу мазмұнын

дұрыс таңдау, осы мазмұнды жеткізудің байланысты қамтамасыз ету.
тиісті
құралдарын табу, кері

Шешен аудиторияға тікелей әсер етеді, оны тікелей көреді, оның
реакциясын сезінеді, осы реакцияны бағыттайды, аудиторияның назарын,
қызығушылығын, сөйлеуді түсіну дәрежесін анықтайды. Демек, бұл жерде
тыңдаушылардың жеке ерекшеліктерін ескеруге, сөйлеуді қабылдау сипатына,
тыңдаушылардың назарын аудару дәрежесіне тез жауап беруге және сіздің
сөйлеуіңізді үйлестіруге мүмкіндік беретін қарқынды психологиялық
инфекцияның мүмкіндігі зор. Ол тыңдаушылардың дайындығын,
қызығушылықтарын, психологиялық көзқарастарын ескере отырып, ақпаратты сараланған түрде жинау мүмкіндігіне ие болады.
Шешен кейде алдын ала сөйлейтін өз аудиториямен танысып алады,
осылайша анонимділік факторын жеңуге мүмкіндік алады. Қоғам алдында
сөйлеудің оның композициялық-стилистикалық құрылымын анықтайтын
өзіндік ерекшелігі бар. Ең алдымен, көпшілік алдында сөйлеу бір бағытта
сипатталады, яғни шешен тыңдаушыларға жүгіне және олар үшін сөйлейді.
Шешендік монолог үлкен аудиторияға арналған, бұл оның кейбір
ерекшеліктерін анықтайды. Ең алдымен, ол дамытылады, яғни мәлімдемелер
логика талаптарына және ойдың толық сипаттамасына, ойдың толық
көрсетілуіне сәйкес құрылады. Шешендік монолог ойластырылғандықтан, ол

әдеби тілдің нормалары мен сөйлеу мәдениетінің талаптарын ескере отырып,
нормативті түрде жасалады. Шешендік монологтың мазмұны белгілі бір
дербестігімен сипатталады, мағынасы еркін, ол диалог элементтері ретінде
мәтінге тәуелді емес. Сөйлеу мәтіннің еркіндігі оның белгілі бір тілдік және
композициялық ұйымдастырылуын талап етеді, ол шешендік сөйлеудің түрі
мен тегіне байланысты көрінеді. Шешендік монолог сонымен қатар риясыздық
пен қарым-қатынаспен сипатталады: шешен тыңдаушыларды көреді, бұл
олардың реакциясын ескеруге және сөйлеуін реттеуге мүмкіндік береді.
Шешендік монологтың тағы бір ерекшелігі-оның логикалық дамуы. Логика
адам ойлауының заңдылықтары мен формалары туралы ғылым бола отырып,

шешенге өзінің сөйлеуінде тәсілдерін ұсынады.
ұстануы керек уәждемелік пікірлердің әдістері мен

Сөйлеудің қисындылығы – бұл негізгі ұғымдардың
анықтығы,

тұжырымдардың дұрыстығы, ондағы қайшылықтардың болмауы, бір ойдан
екінші ойға дәйекті ауысулар, негізделген ұсыныстар. Шешендік монологтың
жан-жақтылығын ескере отырып, сөйлеудің ұтымды және эмоционалды бейнелі жақтары болып табылатын бірнеше деңгейлерді бөліп көрсетуге болады, бұл ойлау, тыңдаушылардың сөйлеуді қабылдауымен байланысты. Бұл деңгейге келесілер жатады:

  • мәселенің жеткізілуімен, негізгі ойлармен, тақырыпты ашу

әдіснамасымен, оның философиялық интерпретациясымен және сөйлеудің
ұтымды жағын көрсететін басқа да маңызды сәттермен байланысты идеялық сөйлеу орталығы (идеялық негізгі сөйлеу);

  • логикалық-теориялық деңгей, ол сөйлеудің ұтымды жағы бола отырып,

теориялық ұғымдарды, олардың логикалық қамтамасыз етілуін, шешен
қолданатын дәлелдер жүйесін қамтиды. (шешен тезисін алға тартады, содан
кейін ол өз сөзін егжей-тегжейлі ашып береді)

  • түсіндіру үшін негіз болып табылатын және тыңдаушылардың

көрнекі

сезімталдық деңгейі.
немесе практикалық
ойлауына негіз болатын нақты материалдың

  • шешендік сөйлеуді тыңдаушыларға эмоционалды бағалаумен байланысты эмоционалды-бағалау деңгейі.

  • тыңдаушылардың сөйлеу қабылдауына әсер ететін ассоциативті-бейнелі

деңгей. Бұл деңгейлер өзара ауысып отырады.
Шешендік монолог бағдарлаумен анықталады, яғни риторикалық дискурс
белгілі бір әлеуметтік және кәсіби мәртебесі бар белгілі бір тыңдаушыларға
арналған. Бұл шешендік монологтың мазмұны мен құрылымдық стилистикалық
ерекшеліктерін анықтайды. Шешен аудиторияның білім деңгейін, оның
демографиялық құрамын, тыңдаушылардың психологиялық ерекшеліктерін
және сөйлеу жағдайының ерекшеліктерін ескеру қажет [8,с. 173-175].
Монологтың өзге сөйленістерден ерекшелігі – бір адамның ойы бір ғана
көрініс табады. Мысалы, өзіміз күнделікті театрдан тамашалайтын сахналық
көріністе кейіпкер өзімен-өзі сырласқандай болып, тыңдаушы немесе
көрерменнен ешқандай жауап күтпейді. Ұлы ақын Абай Құнанбайұлы «Болыс

болдым мінеки» өлеңі лирикалық монологқа, Алтай («Сұлушаш»), Қоңқай
(«Ақан сері – Ақтоқты») репликалары эпикалық, драмалық монологтарға
мысал бола алады. Монологта кейіпкердің ой-тұжырымы айтылып, оның жай- күйі айқын аңғарылады. Монологтың ғылыми тұрғыдағы атауы –
«интраперсоналды сөйлеу».
Ал қазіргі шешендікте сөйлеу монолог және диалог түрінде болады.
Монологтық сөйлеу – қазақ шешендерінің толғау, ақыл, өсиет, бата, тілек,
үндеу түрінде ертеден қолданылып келе жатқан сөйлеу түрі. Монолог бір
кісінің сөйлеуі немесе ойы. Монологта белгілі бір тақырыпты баяндап,
сипаттап, әңгімелеп айтып беру мақсаты көзделетіндіктен, көпшілік алдында
сөйленген сөз, жасалған баяндамалар, оқыған лекциялар, айтылған пікірлер
монологқа жатады. Онда адамның ойы, ғылыми, саяси, әлеуметтік көзқарасы,

көңіл-күйі, психологиялық байқалады. Жұртшылыққа
ішкі толғанысы, дүниетанымы – бәрі анық әсер етуді көздегендіктен және алдын-ала

дайындалатындықтан монолог мағыналы болады және шешен тілде сөйленеді.
Монологта автордың түйінді ой-тұжырымдары айтылып, көпшілікке талқыға
ұсынылады. Сондықтан көп жағдайда монолог диалогқа айналады.
Тыңдаушы көпшіліктің ішінен шешенге сұрақ қоюшылар, қарсы пікір
айтып келіспеушілік танытушылар немесе керісінше қолдап сөйлеушілер

болуы мүмкін. Мұндай жағдайда тыңдаушылар шешеннің айналады да, монолог сөз пікірталасына айналады.
пікірлесушілеріне

Пікірталас іскер адамдардың арасында өрбиді. Пікірталас істі алға
бастырады, қоғамды дамытады, өркениетке қол жеткізеді. Пікірталас бар жерде ғана демократия өрістейді. Қазіргі іскер адамдарға шешендік керек, қоғамдық- әлеуметтік маңызды мәселелерді жете және жемісті талдай алу қабілеті қажет.
Сөйлеудегі ең басты талап – шешеннің өзін деген сенімділігі. Сенімділік
сөйлеуге жақсы дайындалғанда, көпшілікке пайдалы материалдарды жинақтай білгенде, маңызды нәрселерді айтатынына көзі жеткенде туындайды.
Сөйлеуге дайындық шешеннің өз білімін көтеруден басталады. Кітапхана
қорын жинақтау; маңызды әңгімелер мен сөйлесулерге қатысу; көрген-
білгендерін, естігендерін жазып жүру; шешендердің сөйлеу үдерісіндегі
тәсілдері мен тілдік шеберліктеріне көңіл аудару; аудиториямен қарым-

қатынасына, өзін-өзі ұстауына мән беру; көпшілік алдында сөйлеу меңгеру.
әдістемесін

Көпшілік алдына шығарда сөйленетін сөздің тақырыбын, мақсатын
айқындап алып, сөйленетін сөздің кіріспесін, негізгі бөлімін, қорытындысын
түзу – шешенді табысқа жеткізетін талаптар.
Монолог пен диалогтың түрлері бұрынғы шешендікте кеңінен орын алды. Қазіргі шешендікте бұлардың қолданылатын орындары молайып, түрлері көбейді. Монолог баяндама, мақала, саяси шолу сияқты түрлерімен толықса,
диалог адамдардың белгілі бір топтарының арасында болатын ойбөліс, пікір
алмасу, ойталқы, айтыс пікірталастың түрлерімен кеңейді [64,б. 76].
Монолог тек қана ауызша сөйлеу ыңғайында бола бермей, жазбаша түрде де кездеседі. Екі жағдайда да (ауызша және жазбаша) негізгі ерекшелігі - бір

адамның сөйлеуі немесе бір адамның ойы. Монологтың өзіне тән байымдау,
синтаксистік құрылым, лексикалық бірліктерді (единицаларды) таңдап жұмсау,
біршама жинақы пікір сияқты өзгешеліктері болады. Бұл аталған белгілердің
сөйлеу немесе жазу жанрларына байланысты (көркем монолог, шешендік сөз,
тұрмыстағы әңгіме т. б.), функционалдық-коммуникативтік қызметіне қарай
(сипаттау, баяндау, әңгімелеу, сендіру т. б.) әртүрлі монологтар көрініс береді.
Жанрішілік айырмашылықтар (автор сөзі, кейіпкерлер тілі, ғылымы баяндама,
үгіт-насихат мақсатындағы сез т.б.) монологтың стилистикалық ерекшіліктерін
танытады. Кейбір ғалымдардың пікірінше, монологтың белсенді болуы
(риторикалық сұрақтардың жиі ұшырасуы, аудиторияға тікелей қарата сөйлеу
дәстүрі т.б.) оны «диалогтандыра түседі», яғни адресаттарды (тыңдаушылар
мен оқырмандарды) сөйлеуші немесе жазушы өзінің ойына етене араластыра
алады. Монологтың бір көрінісі ретінде көркем шығармада, әсіресе, прозалық
дүниедегі авторлық баяндау, бір жағынан, әдеби тілді ауызекі сөйлеу тіліне
біршама жақындатса, екінші жағынан, тыңдармандар мен оқырмандарды
оқиғаға араластырып жіберетін ұлы сөз зергерлері де бар. Демек, монолог
туралы сөз болғанда, тек көркем әдебиеттегі мысалдарды келтіру бір жақты
болады. Ғылыми баяндамада да, көпшілік алдында сөйлегенде де, екеу,
үшеуара сөйлескенде де, монологтың шебер құрылуы арқылы
тыңдармандарымен диалог құрып кететін шешендер де болады [65,б. 92].
Монологтың құрылымы төмендегідей:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет