Стратегия дегеніміз – міндетті істі орындауды және мақсатына жетуді
қамтамасыз ететін жан-жақты жоспарлар жиынтығы болып саналады.
Стратегиялық жоспарлау дегеніміз – басшы қабылдаған шешімдер мен
әрекеттер жиынтығы, сол арқылы мемлекетті (ұйымды) басқару кезінде өз
мақсатына жету үшін басшы арнайы стратегияны іздейді. Стратегиялық
жоспарлау мемлекеттің дамуы үшін шешім қабылдауға қажетті құрал болып
саналады. Оның басты міндеті – мемлекетте жаңадан енгізілген жоспарларды
жеткілікті дәрежеде қамтамасыз ету.
Стратегиялық жоспарлаудың өзіндік белгілері төмендегідей:
стратегияны көпшілік жағдайда жоғарғы басшылар тұжырымдайды
және жасайды, алайда оны жүзеге асыруға басқарудың қатысуы көзделеді;
барлық
деңгейлерінің
стратегиялық жоспар жеке бір ұйымға ғана емес, бүкіл бір мемлекеттің даму болашағы үшін де жасалады;
стратегиялық жоспар көлемді зерттеулермен және нақты деректермен негізделуі тиіс;
стратегиялық жоспар мемлекеттің айқындылығын, дербестілігін білдіреді;
стратегиялық жоспарды жасағанда, ұзақ уақыт бойы тұтастығын
сақтаумен қоса, қажет болған жағдайда жетілдіруді және қайта бағыттауды
жүзеге асыратындай икемді болуы керек.
Қатынас стратегиясы сөз тактикаларының
көмегімен іске асады. Сөз
тактикасы дегеніміз – ол нақтылы жағдайда қойылған мақсаттарға жеткізетін
сөздік тәсілдер болып табылады. Сөздік тактикалар тұрмыстық қатынастарда
немесе іскерлік салада жүзеге асырылып жатады. Кейде әр түрлі деңгейдегі
сөздік тактикалар бір-бірін толықтырып, кірігіп жатады. Сөздік тактикалар мен
стратегиялардың жан-жақты болатындығын ескерсек, әр түрлі әлеуметтік
топтарға сөз арқылы ықпал жасағанда әр түрлі сөздік тактика қолдану керек.
Әрбір маман үшін коммуникативті тактикаларды диалогтік әңгімелесу
кезінде пайдалана алу дағдысы аса қажет. Бейтаныс адаммен, тапсырыс
берушімен немесе әріптеспен әңгімеге кірісерде сіздің олар туралы ешқандай
мәліметтеріңіз жоқ. Әңгімені қалай мағыналы ету керек? Біріншіден, әртүрлі
және қажетті сөздік тактикаларды қолдану қажет, екіншіден әңгімелесуші
адамның сөздік тактикаларын тез үғынып, оған жауап қайтара білу керек.
Мінез-қүлық тактикасы көбірек нәтиже беретін іскерлік қатынас тәсілдері мен амалдарын қолдануды талап етеді.
Оларға мыналар жатады:
іскерлік әңгімелер мен коммерциялық келіссөздер кезінде жағымды
жағдайлар жасау;
өзі туралы жағымды әсер туғызу;
әдепсіз әңгімелесушілер мен әріптестеріңізден қорғану
сүрақ қою және оған жауап беру;
өз сөздерін негіздеп, дәлелдей алу;
қарсы жақтың дәлелдерін теріске шығару;
дау-дамайлы жағдайларда әрекет жасай алу біліктілігі.
Коммуникацияға мен дағдысы:
қатысушыларының
коммуникативтік білімі, біліктілігі
коммуникативтік стратегияны тиімді құрастыра білу;
коммуникацияның түрлі амал-тәсілдерін тиімді қолдана білу;
коммуникативтік нормаларды және коммуникативтік байланысты
орната білу [70,с. 38-39].
Стратегия кооперативті және бейкооперативті болып бөлінеді:
бейкооперативті стратегияның негізіне жанжал (конфликт), ұрыс-керіс,
қорқыту-үркіту, алдау, өтірікке бару, тура жауаптан қашқақтау т.б. теріс
құбылыстар, ал кооперативтік стратегияның негізіне сенім, ынтымақтастық,
шынайылық, қайырымдылық т.б. тәрізді жағымды құбылыстар жатады.
Сөз тактикасы сөз стратегиясындағы амал-тәсілдердің орындалуын жүзеге
асырады. Сөз тактикасы бағалау, ұнатпау, қуану, ренжу т.б. модальдық
реңктерден тұрады. Мысалы, міндетіне алған нәрседен бас тарту стратегиясы қолынан келмейтіні, уақыт жоқтығы, тура жауаптан жалтару, кейінгі сілтеу, міндеттен бас тартатынан тікелей айту т.б.
Кооперативті стратегияда фатикалық қатынас ерекше орын алады.
Байланыс жасауға, тілдік қарым-қатынас жасауға деген коммуникативтік
мүдделілік коммуниканттардың бір-біріне деген назарын күшейтеді. Сөз
тақырыбына, арқауына қызығушылық туғызады. Коммуниканттың назарын
өзіне қарату мен сөзге тарту алдымен фатикалық қатынас арқылы жүзеге асып,
әңгімеге қолайлы ахуал қалыптасады.
Ақиқаттағы белгілі бір мәнділікті тілдік амалдармен әртүрлі атауға
болады. Мысалы, жұмысқа кешікпей келсе керек еді; әркім өз міндетін
орындаса керек еді деген сөзді сен жұмысқа кешігіп келдің; сен өз міндетіңді
орындаған жоқсың деп те айтуға болады. Бұдан ақиқаттағы белгілі бір мәнділік
өзгерген жоқ, бірақ қарым-қатынас стратегиясы өзгерді. Біріншісінде
сөйлеушінің стратегиясы кооперативті болса, екіншісінде бейкооперативті.
Егер адресаттың тілдік құзыреті, сөз мәдениеті жоғары болса, диалогті әрі
қарай жалғастыруға болатынын байқайды. Ал тіл құзыреті, сөз мәдениеті төмен
адресат сөйлеушінің стратегиясын аңғара бермейді, сөз аяғы ушығуы мүмкін.
Кешікпей келсе керек еді, міндетін орындаса керек еді дегендерді бейкооператив мазмұнда деп ұғады.
Кооперативті сөз стратегиясында сөйлеуші адресаттың реакциясына қарап,
бақылап отырады, егер оған ауырлау, қиындау тиетін болса, сөз тактикасын
дереу өзгерте қояды. Мысалы, сен жұмысқа кешігіп келдің. Сәл-пәл кідірістен
(паузадан) соң, – ыңғайсыз жағдайға қаласың ба дегенім ғой деп реттеуіш
репликасымен жуып-шайып отырады. Сен өз міндетіңді орындаған жоқсың,
ертең аттестация кезінде қиын болар ме екен. Бұл айтылымның екінші бөлігі,
адресатқа ауыр тиетін сөзді жеңілдетудің тактикасы. Мұндай тактика тілдегі
әртүрлі реттеуіш құрылымдар арқылы жүзеге асып отырады [20,б. 27].
Шешендік сөздер көбіне диалог түрінде көрініс тауып, сөйлеуші мен тыңдаушының өзара тіл табысуын көздейді. Мұнда дау-дамай, түрлі
жанжалдар, жер дауы, жесір дауына ұласып, соңы ынтымақпен аяқталады.
Демек, мұнда ғалым Н.Уәли айтқан ынтымақты стратегия көрініс табады.
Мысал ретінде төмендегі шешендік сөзді ұсынайық: шешендік сөздердің ішінде саяси мәнді мәтіндерде сөйлеу стратегиялары мен тактикалары мейлінше көп
қолданылады. Саясат пен жеке тұлғаның ұстанымын байланыстыратын да біз
жоғарыда тоқталып өткен дискурс.
Дискурс жөніндегі теориямен тығыз байланысты ұғымдарға саяси ұстаным
мен әлеуметтік ұстаным жатады. Мәселен, М. Фуконың тұжырымдамасында
дискурс ұстанымның
сыртқы ұйымдастырушысы болып табылса, ал Ю.
Хабермастың тұжырымдамасына сәйкес дискурс агенттің
саяси және
әлеуметтік ұстанымдарының ерекшеліктерінде көрініс береді. Негізінде,
дискурс ұғымын ғылыми айналымға лингвист Ролан Барт енгізді. Оның:
«Болашақта біз сөйлеушілік шығармаларды дискурс, пікір айтушылық деп
атаймыз және бұлар ауызша немесе визуальды екендігіне қарамастан барлығы
да бір мағынада болады» [71,с. 74] – деген сөзінен кейін дискурс концептісі саяси сипатқа ие болды.
Саяси мәтінді жазушы адам дәл осы саяси көзқарастарға қатысты өзінің
саяси пікірін білдіреді. Бұл саяси мәтін, бір жағынан, қоғамның белгілі бір
мүшелеріне ғана әсер етуі мүмкін, ал екінші жағынан, кең түрде алып мемлекет халқының барлығына әсер етуі де мүмкін.
қарасақ
Қазіргі таңда саяси сипаттағы мәтіндерді зерттеу шеңбері кеңейіп, өзінің
түрлі бағыты белгіленген ғылым саласы болып табылады. Түрліше зерттеліп
жүрген бұл саланың маңызды бөлшегін саяси тұлғалардың тілдік қолданыстары мен іс-әрекеттері құрайды.
Коммуникацияда стратегия мен тактика – табысқа жетуге көмектесетін сөйлеу әрекетін жоспарлау, ұстанымдарды, амал-тәсілдерді сұрыптау.
Ж.Қ. Ибраева өз еңбегінде шетел ғалымдарына сілтеме жасай отырып,
саяси тұлғалардың когнитивті-сөйлеу стратегияларын төмендегідей көрсетеді. Олар:
Қорыту. Типтік сөйлемдер: «Әрдайым осылай», «Мұнымен қадам
басқан сайын кезігесің», «Бұл үнемі қайталана береді».
Достарыңызбен бөлісу: |