Шаршысөз дискурсыны



бет48/57
Дата16.04.2024
өлшемі0.81 Mb.
#498879
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   57
Диссертация Елшибаева К.З. compressed

Таныстырылымның құрылымы. Презентация слайдтардан тұрады. Бір
ережені дұрыс ұстанған жөн: бір слайд – бір ой. Егер презентацияда тезис пен бірнеше дәлел келтірілсе ол сенімдірек шығады. Слайдта отыз сөз бен бес тараудан артық қолданбау керек. Тақырыбын мазмұнды, шрифт көлемі – 18 пт. аспауы тиіс.
Әдетте таныстырылым мазмұнының жоспары төмендегідей болады:

  1. Алғашқы беті (титул). Бірінші слайдта таныстырылымның атауы, автор туралы ақпарат беріледі.

  1. Мазмұны. Бұл жерде жоспары, негізгі тараулары, сұрақтар жазылады.

  2. Тараудың тақырыбы.

қарастырылатын

  1. Қысқаша ақпарат.Үшінші және төртінші тараулар қажетінше

қайталанады. Бұл жерде: тезис – дәлел – қорытынды сақталуы керек.

  1. Шешімдер. Шешім бөлек слайдта анық көрсетілуі қажет.

  2. Назарларыңызға рахмет. Бұл жерде де автордың нақты ақпараты жазылуы керек.

Сіз айтқыңыз келгеннің барлығын слайдқа салу міндетті емес. Бұл жерге тек аудитория жақсы қабылдайтын тезистер, термин сөздер, суреттер, сұлбалар, диаграммалар болғаны жөн.
Таныстырылымды рәсімдеуге қойылатын талаптар. Презентацияны рәсімдеу кезінде екі блок ереже көрсетіледі:

  1. Ақпаратты таныстыру.

  2. Слайдтардың безендірілуі.

Таныстырылымды сапалы құру үшін оны безендіруге талаптарды ұстану қажет.
Ақпаратты таныстырудың көлемі мен түрлері:

  • Ақпаратты баяндаудың қысқа түрі ұсынылады.

қойылатын бірнеше

  • Бір слайдқа шамадан көп ақпарат салуға болмайды: адам бір мезгілде

үш дерек, шешім, анықтама қабылдай алады.

  • Таныстырылымның бір слайды 1,5-2 минутқа есептеледі.

  • Маңызды бөлімдер түсінікті болуы үшін әрқайсысы бөлек слайдқа жасалады.

  • Слайдта бір бірін толықтырып тұратын түрлі ақпарат болғаны жөн (мәтін, сұлба, диаграмма, кесте, суреттер).

  • Тақырыптар қысқа болып, аудиторияның назарын бірден аударатындай болуы керек.

  • Мәтін жазған кезде қысқа сөздер мен сөйлемдер қолданылғаны абзал.

  • Шылау, үстеу, сын есімдерді аз қолданған жөн.

  • Кесте көрсеткен кезде бағандар мен жолдарды аз қолдану керек.

  • Барлық ақпарат орфографиялық, грамматикалық, стилистикалық

тұрғыдан қатесіз болуы тиіс.
Таныстырылым баяндамада айтылатын ойды көрнекілік ретінде толықтырып тұруы керек. Баяндама жасалған кезде басты бөлігі болмауы тиіс, алайда материалды толық қайталамауы қажет.
Шаршытоп алдында таныстырылым жасау кезінде адамдардың түстерді
қабылдауының физиологиялық ерекшеліктерін ескерген жөн. Олардың
маңызды түрлеріне мыналар жатады:

  • жылы түстер ретінде: қызыл, сарғыш қызыл, сары;

- салқын түстер тыныштандырып, ұйқылы жағдай тудырады: күлгін, көк, көгілдір, жасыл;

  • бейтарап түстер: ашық қызғылт, сұрғылт, сарғыш жасыл, қоңыр;

  • екі түстің үйлесімділігі түстің белгісі мен түстің фоны – көрермендерге

жайлылық сыйлап, ал кейбір түстер көзді шаршатып, стреске де әкелуі мүмкін (мысалы, қызыл фондағы жасыл әріптер, көк фондағы қызыл әріптер);

  • шрифт пен фон түстерінің үйлесімділігі: күрең көк түстегі ақ, ақ түстегі

қара, көкт үстегі сары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет