Шаршысөз дискурсыны



бет45/57
Дата16.04.2024
өлшемі0.81 Mb.
#498879
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   57
Диссертация Елшибаева К.З. compressed

Кинесика – адам сезімдері мен эмоцияларының сырт көріністерін
зерттейтін ғылыми білім аумағы. Оның ғылыми обьектісі ретінде ым-ишара,
қимыл-қозғалыс, пантомимика және көз арқылы білдіру (көз арқылы контак жасау) шығады.
Қазақ кейде ым, ишара арқылы "сөйлесіп" болған жай, іс-қимылды осы
арқылы түсіне береді.
Жұдырық түю, саусақ безеу – сесті, танауына қос саусақ тығу – түк
бітірмегені, көз қысу – ішкі сезімді, бас шайқау – істің орындалмағанын
білдіреді. Халық арасында ым мен ишараның түрлері өте көп. Бұл негізінен
сөзді шығындамай-ақ, болған істі баяндаудың немесе жеткізу, түсіндірудің бір
жолы. Мұндай тәсіл көптеген халықтарда бар. Ым-ишара қатынасы алғашқы
кезде қорқыныш үрейді, қуанып мерейленуді, тоқтатып тиым салуды немесе

ұйғарып қолдауды меңзеген жалпылама түрде санаулы
ғана ойды білдірсе,

кейінгі даму кезеңдерде барған сайын жетілдіріле түскен.
Шаршысөз дискурсының ақпараттық ықпалының пәрменін арттыруға
сөзден тысқары (невербаль) құралдардың атқаратын рөлі айтарлықтай. Ондай
құралдар түріне негізінен сөйлеу ырғақтылығы (мелодика речи) деген ұғымға
жатқызылатын ритм, қуаттылық, пауза, логикалық және сөздік екпін, дауыс
келбеті, ым мен ишара, қол сермеу қимылдары секілділер кіреді.
Ым-ишара (мимика, жест) адамзаттың өзара ақпарат алмасқан көне
формаларының бірі. Соған қарамастан, ол қазірге дейін адамдар қатынасында
сақталды және кей жағдайда мәдени дәстүр сипатында да көрініс табады. Ым-
ишара қатынасы алғашқы кезде қорқыныш үрейді, қуанып мерейленуді,
тоқтатып тыйым салуды немесе ұйғарып қолдауды меңзеген жалпылама түрде санаулы ғана ойды білдірсе, кейінгі даму кезеңдерде барған сайын жетілдіріле
түскен. Айталық, ақпарат жеткізуге бағытталған адами әрекеттердің негізінде
бет-әлпет, қас-қабақ, көз-жанар құбылулары мен қимылдарының
көбейгендігіне байланысты ішкі ой мен түрлі мазмұнды айқындауға көшкен.
Қазіргі ғалымдардың ым-ишараны қарым-қатынастың салыстырмалы түрдегі
дербес құралы, адамдардың өзара байланыстарының сөз қолданбайтын қатынас
түрі деп тұжырымдаулары кездейсоқ болмаса керек. Бүгінгі таңда түрлі
халықтар арасында кеңінен тараған қонақ күту, шығарып салу, сәлемдесу, сый-
құрмет көрсету, Жаратушыға табыну, ойнап-күлу, шаруашылық жүргізу, аң
аулау секілді рәсімдерде қолданатын дәстүрдің дені ежелгі ым-ишараның
жалғасы деуге болады. Сөзден тысқары құрал дегеніміздің өзі, белгілі бір
туынды тақырыбының, мазмұнын, жанрының ерекшелігін айқындау үшін
тележүргізуші тарапынан жасалатын түрлі әрекеттердің қилы қимылдарының
кешені. Әңгіме барысында сөзден тысқары құралдарды қаншалықты дұрыс әрі тиімді қолданса соншалықты нәтижелі болмақ.
Ым-ишара – хабар алмасуда аса үлкен роль адамның ішкі эмоциялық
жағдайын бет бұлшықеттерінің қимыл-қозғалысы арқылы бейнелеуге
байланысты. Адамға әсер ету құралы болып табылады. Оған қуану, таң қалу,
ашу-ыза, қайғыру, қорқыныш эмоциялары жатады. Жағымды эмоциялар
(махаббат, қуану, т.б.) нақты білдіріледі және оңай танылады. Жағымсыз
эмоциялар (ашу, жиіркену, қайғыру) қиын танылады. Ым-ишараның анағұрлым мәнерлі элементтері қас пен ерін болып табылады. Олардың қалпының немесе
пішінінің шамалы ғана өзгеруінің өзі эмоцияның түбегейлі өзгеруіне әкеледі.
Осыған байланысты адамның жүздеген эмоциялардың реңктерін өзгерту

мүмкіндіктері бар. Мысалы, Л.Н. Толстой күлкінің жазған.
97 түрлі реңін айырып

Адамның көзі ым-ишара бұлшық
еттерінің жұмысымен тығыз бірлікте

қызмет етеді. Адам көз қарашығының мөлшерін, көздің
маңайындағы

бұлшықеттердің жұмысын басқара аламайды. Қарым-қатынас серігінің
шынайы сезімдері мен ой-толғаныстары жайлы маңызды хабарлардың бұлағы
көз болып табылады. Мысалы, егер де серіктес әңгімелесушінің көзімен
әңгіменің үштен бір бөлігінен аз уақыт байланыс жасаса, онда ол қандай да бір

хабарды жасырғысы келетіні немесе сенімсіздік білдіретіні анықталды.
өзін кінәлі сезінетіні немесе
ұят,

Бейтаныс адамның көзбен байланысының ұзақтығынан оның әлеуметтік
статусын анықтауға болады. Жоғары әлеуметтік сатыда тұрған адамдар
(басқарушы, лидер) қарым-қатынас серігне ұзақ уақыт қарайтыны дәлелденген.
Сезімдердің, көңіл-күйлердің көптеген көріністері адамның қимыл-
қозғалыстарынан анықталады. Қимыл-қозғалыс «алфавитін», «грамматикасын»
білу адамды кітап сияқты оқуға мүмкіндік береді. Мұндай мүмкіндік қимыл-
қозғалыстар, ым-ишараларға қарағанда аз мөлшерде сапалы түрде бақылауға алынады.
Вербальдық емес қарым-қатынас саласындағы мамандар А. Пиц, Дж.
Ниренберг және Г. Калеро қимыл-қозғалыстардың толық классификациясын береді.

  1. «Ашық қимыл-қозғалыстар» және «сенім, ықылас қимыл-

қозғалыстары» алақанның визуалдық бақылауы үшін жеңілдігімен
ерекшеленеді. Сондай-ақ, қандай да бір аяқ-қолды айқастырудың болмауымен
ерекшеленеді, қолды кеудеге қою мен серіктесіне қолды тигізумен
ерекшеленеді. Мұндай қимыл-қозғалыстар серіктестің психологиялық

ашықтығы мен адалдығын дәлелдеп, оның дайын екендігін көрсетеді.
тең құқылы
өзара
әрекеттесуге

  1. «Жабық қимыл-қозғалыстар» немесе «адал емес қимыл-қозғалыстар»

жоғарыда суреттелген. Олар қарым-қатынаста екінші (жасырын) мақсат бар

екендігін көрсетедеі, серіктестің қарама-қайшы психологиялық шешкелі тұрғандығын көрсетеді.
міндеттерді

  1. «Бағалау қимыл-қозғалыстары» (иекті қасу, сұқ саусақты беттің

бойымен созу, тұрып ары-бері жүру және т.б.) серіктестің сенімсіздік білдіріп тұрғандығын көрсетеді.

  1. «Сенімділік қимыл-қозғалыстары» (орындықта отырып ары-бері

теңселу, саусақтарды күмбез түрінде біріктіру, мұрынның ұшына қол тигізу)
серіктестің өз мүмкіндіктеріне өте сенімді екендігін көрсетеді, өзін жақсы,

жайлы сезініп тұрғанын және көрсетеді.
өзін басқалардан жоғары сезініп тұрғандығын

  1. «өзіне сенімсіздік және шыдамсыздық (неврозность) қимыл-

қозғалыстары» (қол саусақтарын алйқастыру, алақанды шымшылау, саусақтармен үстелдің бетін ұру және т.б.).

  1. «Күту қимыл-қозғалыстары» алақандарды үйкелеу, ылғал алақандарды

матаға сүрту, т.б.

  1. «Мойындамау (отрицание) қимыл-қозғалыстары» (денені артқа еңкейту,

қол мен аяқты айқастыру, мұрынның ұшына қол тигізу және т.б.) серіктестің
сенімсіздігінің тұрақты көрініс тапқандығын көрсетеді және фактілер мен
дәлелдерге негативті қатынастың деңгейіне жеткендігін көрсетеді [135,б. 89].
Шешен ақпаратты терең, жан-жақты меңгеріп, мақсаткерлік пен икемдікке бейім болу керек. Икем-бейімнің баяндылығы жүйелі жаттығулармен, қажырлы ізденістермен жүзеге асады. Шешеннің өзгеге өзгеше ықпалын ескерер болсақ,

ол – қоғамның
көсемі. Шешен сөйлеудің
жоғары мәдениетін, атап айтқанда,

тілдің жазба түрін (үнділік, үйлесімдік қасиеттерін мұқият сақтау) егжей-
тегжейлі меңгеруге тиісті. Тіл құралдары арқылы ой-пікірді дұрыс, дәл, айқын
жеткізуге білу талап етіледі. Әдеби тіл нормалары мен сөз қолдану
ерекшеліктерін қатаң сақтау, сөздің стилистикалық бояуын шебер қолдану,
фразеологиялық оралымдарды ұтымды пайдалану – дарынды, ағынды шешенге тән сипат-белгілер.
Сөйлеу барысында сөйлемнің мән-мәйегін жарқыратып көрсету үшін,
сөздің мәнерлі әрі экспрессивтік бояуын түрлендіріп беру үшін, дыбыстың
мейлінше айқын, мөлдір, таза естілуі үшін, көркемдік ерекшеліктерін жетік
жеткізу үшін шешеннің дыбыстау мүшелер аса жетілген, дамыған болуы керек.
Сонда ғана тыңдаушының әдемілік, сұлулық, эстетикалық ой-сезімін оятып,
қалыптастырады.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет