Шаршысөз дискурсыны



бет6/57
Дата16.04.2024
өлшемі0.81 Mb.
#498879
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57
Диссертация Елшибаева К.З. compressed

Шаршысөз – шаршытоп алдындағы сөз.
бір-біріне

Шаршытоп – көпке арналып сөз айтылатын жер, сол сөзді тыңдайтын адамдар тобы.

ағылш. – ағылшын тілі грек. – грек тілі


лат. – латын тілі фр. – француз тілі
РҚТ – риторикалық құрылым теориясы РБ – риторикалық байланыс
CА – сөйлеу актісі

КІРІСПЕ





Жұмыстың жалпы сипаттамасы.
Қазіргі кезде адамдар арасындағы

қарым-қатынастың типтері мен түрлері, бұқаралық коммуникация, ресми
қатысым барысындағы сөзжұмсам, бейресми қарым-қатынастағы сөзжұмсам,
шаршысөз мәдениетін меңгеру қоғамдағы аса маңызды мәселелер қатарынан
орын алып отыр. Сөз мәдениеті және оның әлеуметтік маңызы деген проблема
тілдің өз заңдылықтары мен қызметі, қоғамдық рөлі мен жұмсалу
ерекшеліктері арқылы анықталады. Тілдің даму деңгейі – қоғамның
материалдық және рухани мәдениетінің де көрсеткіші. Осыдан келіп сөз
мәдениетінің тілді қарым-қатынастың әр түрлі жағдаятына сай қолдана білуге

қатысты маңыздылығы шығады.
Тіл – мәні жағынан –

әлеуметтік, ал жұмсалу тәсілі бойынша –



индивидуалды құбылыс. Өйткені тілдің әлеуетін әрбір сөйлеуші дара сипатта,
яғни өзінше қолданады. Тіл – қарым-қатынас құралы болғандықтан, кез келген
құрал-жабдықты пайдалана білу сияқты, оны да қолдана білу керек. Мұның
негізгі алғышарты – тілді меңгеру, сөзді дұрыс жұмсап, қолдануды үйрену. Біз
тілді өмір бойы үйренеміз, осыдан индивидтің сөйлеу мәдениеті проблемасы
шығады. Тілдік ұжымның әрбір мүшесі тілді жақсы білуге, сөзді шебер
қолдануға мүдделі. Өйткені, біріншіден, сөз мәдениеті – оқу мен ойлау
мәдениеті, қарым-қатынас жасау және мінез-құлық мәдениетінен бастау алады,
көп жағдайда бұл – адамның кәсіби қызметінің ажырамас бір қыры ретінде
танылады. Екіншіден, тіл – тек ұлттық мәдениет көрсеткіші, жеткізушісі емес,
сол мәдениеттің аса маңызды құбылыстарының бірі. Әрбір ұлт өз тілін
этномәдениетінің бірегей феномені ретінде сақтауы және дамытуы тиіс. Ал
тілдің күй-ахуалы, тазалығы, жетіліп-толығып отыруы қоғам дамуының әр
кезеңіндегі сөз мәдениетінің деңгейімен анықталады. Сондықтан жалпы
қоғамның сөз мәдениетін жетілдірудің маңыздылығы даусыз, оған тілдік ұжым
мүшелерінің сөзжұмсамдық ерекшеліктерін, сөйлеу дағдысын сөз мәдениеті
талаптарына сай қалыптастыру арқылы қол жеткізуге болады. Осыған орай,
қазақ тілінің қолданыс аясын мемлекеттік тіл ретінде кеңейту, оның ішкі,
сыртқы заңдылықтарын заман талабына сай оңтайлы пайдалана білу
қажеттілігі туындайды. Бұл, әлбетте, жеке бір адамның құзырындағы жайт
емес, тұтас халық болып жұмылу арқылы шешілетін күрделі мәселе. Осыған
орай қоғам өмірінің әр алуан саласындағы тіл ұстанушы маманның
сөз мәдениетін қалыптастыруға, тікелей халықпен жұмыс істейтін кісілердің
шаршытоп алдында дұрыс, мәнерлі, сауатты сөйлей білуіне оның кәсіби
біліктілігі тұрғысынан басымдық берілуі тиіс. Осымен байланысты, ел алдында
жүрген, қандай да бір жауапты қызмет атқаратын лауазымды тұлғалардың,
саясаткерлердің, елшілердің, мемлекеттік қызметшілердің, БАҚ
қызметкерлерінің, бизнес өкілдерінің, ғылым мен білім беру саласындағы
азаматтардың сөз мәдениеті деңгейін, тілдік біліктілігін, тиімді қарым-қатынас
жасау дағдысын, шешендік өнерді меңгеру арқылы шаршысөз талаптарына
дағдылануы мәселелерін дискурс теориясы шеңберінде прагмалингвистикалық

қырынан зерттеу аса өзекті проблема екені күмән тудырмайды. Аталған
жайттарды арнайы зерделеп, жүйелеу арқылы заманауи тілдік тұлғаның шаршысөзін аксиологиялық тұрғыдан бағалау жолымен қазіргі социумда өткір
қойылып отырған тіл экологиясы проблемасының да оң шешімін табуына
өзіндік үлесімізді қосуға болатыны бұл тақырыптың бүгінгі таңдағы зәрулігін

көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет