- Инновациялық кәсіпорындардың(ИК) жіктелуінің әдістемелік негізі деп:олардың қызмет саласын,мамандандырылуы деңгейін,инновациялардың өміршеңдік кезеңі сатыларының санын және басқа да жағдайларды айтуға болады.ИК-терді төмендегідей белгілері бойынша жіктеу ұсынылады:
- 1. Жаңалықтың жаңашылдық деңгейі:ИК әзірлейтін түпкілікті жаңалықтар;сол қарапайым жаңалықтар.
- 2. Мамандандырылу деңгейі -тауардың өміршеңдік кезеңінің(ТӨК) жеке бір сатысына мамандандырылған деңгейлер;жеке бір мәселеге мамандандырылған деңгейлер;ТӨК-тің бірнеше сатысын біріктіретін кешенді ИК.
- 3. ИК жұмыс істейтін ТӨК сатысы:стратегиялық маркетинг; іргелі зерттеулер;қолданбалы зерттеулер;тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар;өндірістің технологиялық дайындығы;игеру,өндіру,тактикалық маркетинг;инновация қызметі; тауарды жөндеу;кешенді ИК; ТӨК-тің бірізді сабақтас сатыларында орындалатын жұмыстар.
- 4. ИК жұмыс істейтін білімдер саласы: жаратылыстану ғылымдары;техникалық ғылымдар;гуманитарлық ғылымдар;қоғамдық ғылымдар.
- 5. Халық шаруашылығы саласы:ғылым мен бірлік; өнеркәсіп; құрылыс; көлік пен байланыс; ауыл шаруашылығы; өндірістік инфрақұрылым; әлеуметтік инфрақұрылым.
- 6. Жаңалықтың түрі: өнімдік;ресурстық; үдерістік; құжаттық.
- 7. Жаңалықтың қолданылатын саласы: ішкі пайдалану; сату және айырбас жасау.
- 8. Стратегия турпаты: виоленттік; патиенттік; коммутанттық; эксплеренттік.
- 9. Нәтиже турі: коммерциялық; ғылыми-техникалық; экологиялық; әлеуметтік; ықпалдастық.
- 10. Қаржыландыру көзі: республикалық бюджет; жергілікті бюджет; аралас қаржыландыру; жеке бастау.
- 11. ИК мөлшері; шағын,өрта; ірі.
- 12. Ауқымдылық: ұлттық,трансұлттық; халықаралық.
- 13. ИК-тің ұйымдық-құқықтық пошымы: жеке кәсіпкер; шаруашылық серіктестік; акционерлік қоғам; өндірістік коорперативтер; коммерциялық емес ұйымдар; мемлекеттік кәсіпорындар.
Достарыңызбен бөлісу: |