Шаяхметова маржан нақыпбекқызы Болашақ педагогтардың этникалық толеранттылығын қалыптастыру



бет2/3
Дата01.07.2016
өлшемі384.5 Kb.
#170410
түріДиссертация
1   2   3

Сонымен, болашақ педагогтың этникалық толеранттылығының адамның этникалық толеранттылығынан ерекшелігі – оның кәсіби қажетті тұлғалық қасиет болуында.

Болашақ педагогтың этникалық толеранттылығын қалыптастыру бойынша жұмыстарды бастаудан бұрын оның дамуының мүмкін деңгейлері мен білім алушылардағы оның сипаты жайлы нақты түсінік алу керек. Әр болашақ маманда этникалық толеранттылықтың бастапқы деңгейі бар деп есептейміз. Себебі, еліміздегі көпмәдениеттілік жағдайда әрбір адам қалайда болсын өз өмірінде «басқа» адаммен кездеседі, сөйлеседі, яғни қарым-қатынас жасайды. Сондықтан осы деңгей анықталса (толеранттылық немесе интолеранттылық болсын), диагностика жүргізілсе, сол негізде аталып отырған кәсіби маңызды қасиетті қалыптастыру мақсатын қою мүмкін болады. Болашақ педагог мамандардың этникалық толеранттылығы оның тұлғалық қасиеті болып табылады. Сондықтан оны қалыптастыру жоғары оқу орнының педагогикалық процесінде кешенді жүзеге асыруды қажет етеді.

Алдымызға қойылған міндеттерді толығымен шешу және ғылыми болжамның дұрыстығын тексеру мақсатында бірнеше педагогикалық мамандықтар студенттері арасында эксперименттік жұмыс жүргізілді (050101 – Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу, 050102 – Бастауыш оқытудың педагогикасы және әдістемесі, 050103 – Педагогика және психология, 050119 – Шет тілі: екі шет тілі, 050104 – Алғашқы әскери даярлық, 050108 – Дене мәдениеті және спорт).

Болашақ педагогтардың этникалық толеранттылығының қалыптасуының бастапқы жағдайын анықтау үшін біз ұсынған модель және этникалық толеранттылықтың құбылалары көрсеткіштеріне негізделген диагностикалау әдістемесі жасалды (2-кесте). Оның ерекшелігі – педагогика және психология ғылымдарының зерттеу әдістерін кешенді қолдану арқылы қалыптасқан жағдайды шынайы айқындау болып табылады. Қалыптастырылатын феноменнің тұлғаның даралық қасиеті болып табылатынын ескеру біздің әдістеменің негізін құрайды.
Кесте 2 – Студенттерде этникалық толеранттылықтың даму деңгейін диагностикалаудың кешенді әдістемесі




Этникалық толеранттылықтың құбылалары

Зерттеу әдістері

1

Экзистенциалдық

Сауалнама, әңгіме, іс-әрекет өнімдерін зерттеу, тестілеу

2

Мотивациялық

Сауалнама, әңгіме, байқау, тестілеу

3

Интеллектуалдық

Сауалнама, әңгіме, іс-әрекет өнімдерін зерттеу

4

Эмоционалдық

Психологиялық тестілер, сауалнама, әңгіме

5

Еріктік


Психологиялық тестілер, сауалнама, әңгіме, бақылау

6

Пәндік-практикалық

Сауалнама, коммуникациялық қабілеттерді анықтау әдістемесі, әңгіме

7

Өзіндік реттелу

Сауалнама, әңгіме, байқау, тестілеу

Шынайы нәтижелерге қол жеткізу үшін тұлғаның этникалық толеранттылығының әрбір құбыласы әдістер кешенін қолдану арқылы бірнеше рет тексерілді. Әңгімелесу, бақылау, байқау, сауалнама, тестілеу, іс-әрекет өнімдерін зерттеу әдістері кеңінен қолданылды.

Әр құбыланың даму деңгейі төрт балдық шкала бойынша анықталып, әр білім алушының этникалық толеранттылығының даму деңгейін көрсететін орта балл шығарылды.

Жоғарыда аталған мамандықтар студенттерінің айқындаушы эксперимент барысында көрсеткен нәтижелері төмендегідей (3-кесте). Біз эксперимент барысында әр мамандық бойынша жеке-жеке бақылау кесінділерін өткізіп, нәтижелерін жеке шығарып, содан кейін ортақ мәнді алдық.


Кесте 3 – Мамандықтар кесіндісінде студенттердің этникалық толеранттылығының қалыптасу деңгейінің орта көрсеткіштері (айқындаушы эксперимент) (% есебімен)





Мамандықтар

Төмен деңгей

Орта деңгей

Жоғары деңгей

1

050101 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбие

45,56

36,29

18,15

2

050102 – Бастауышты оқыту педагогикасы мен әдістемесі

43,28

37,39

19,33

3

050103 – Педагогика және психология

43,11

32,47

24,42

4

050104 – Бастауыш әскери даярлық

39,56

43,95

16,49

5

050108 – Дене мәдениеті және спорт

41,74

41,29

16,96

6

050121 – Шет тілі: екі шет тілі

33,18

46,24

20,58

Студенттердің этникалық толеранттылығының қалыптасу деңгейі бойынша орта мән

41,07

39,61

19,32

Айқындаушы эксперимент барысында экспериментке қатысушы топтар студенттерінің құбылалар бойынша көрсеткіштері негізінен төмен деңгейді байқатты. Атап айтқанда, оларда басқа мәдениет құндылықтары туралы гуманистік көзқарас, мәдени құндылықтардың көптүрлілігін сезіну, мәдениеттердің қатар өмір сүруі туралы түсінік, мәдениеттерді түсіне білу жалпылық деңгейде қалыптасқан. «Басқамен», «бөтенмен» қарым-қатынас жасау қажеттілігі, екіжақты келісім арқылы жақсы нәтижеге жетуге ұмтылу, туындайтын қайшылықтарды шешуге ұмтылыс негізінен тұрмыстық деңгейден аспайды. Студенттер басқа этностың ерекшеліктері туралы жалпылама біледі, олардың тұлғааралық деңгейде мүмкін болатын этносаралық қақтығыстарды болжай және шеше алу қабілеті төмен. Дегенмен, олар «басқаға» оң қатынас керектігін, мәдени қатынастардың қажеттілігін түсінеді. Сонымен қатар, басқа мәдениетпен кездескенде туындайтын жағымсыз әсерлерді баса біледі, солай бола тұра мәдени қарама-қайшылықтарды шешуде тұрақтылық, мәдени байланыстарды бейбіт жолмен орнатуға ұмтылу жоқ.

Сол сияқты айқындаушы эксперимент барысында біз студенттерде мәдени коммуникация міндеттерін шешудің іскерліктері мен дағдылары жүйесінің, екі жаққа тиімді шешімдер қабылдауға қабілеттіліктің, этникалық қақтығыстарды шешу және олардың алдын алу іскерліктері мен дағдыларының, өз әрекеттерін үйлестіру, өзінің жетістіктері мен сәтсіздіктеріне талдау жасай алу іскерліктерінің қалыптаспағанын байқадық. Бұның себептерінің бірі – оқытушылардың болашақ педагогтардың этникалық толеранттылығын қалыптастыруға бағытталған дайындығының жеткіліксіздігі. Бұл оқытушылық-профессорлық құраммен жүргізілген диагностика нәтижесімен анықталды. Айқындаушы эксперимент кезеңінде өткізілген әңгімелесу барысында оқытушылар этникалық толеранттылықты қалыптастыру өзекті мәселе екеніне көз жеткізіп, жоғары мектепте арнайы педагогикалық жүйенің болмауы және әдістемелік нұсқаулардың жоқтығы анықталды. Сонымен қатар, жоғары білім беру ұйымдарының оқу жоспарларын талдау нәтижесі оқу пәндері мазмұнында болашақ мамандардың, оның ішінде педагог мамандардың этникалық толеранттылығын қалыптастыруға бағытталған материалдардың жеткіліксіз қарастырылғанын көрсетті.

Мамандықтар кесіндісінде студенттердің этникалық толеранттылығының қалыптасу деңгейінің орта көрсеткіштері жұмысты қалайша жүргізу керектігін анықтауға көмектесті. Осы негізде біздің зерттеуіміз шеңберінде болашақ педагогтардың этникалық толеранттылығын қалыптастыру мақсатында педагогикалық жүйе жобаланып, іске асырылды (2-сурет).

Болашақ педагогтардың этникалық толеранттылығын қалыптастырудың педагогикалық жүйесі мақсаттық, мазмұндық, технологиялық және нәтижелік компоненттерден құралған. Әрбір компонент өзінің атқаратын қызметіне қарай иерархиялық ретпен орналастырылған. Теориялық талдау және айқындаушы эксперимент барысында болашақ педагогтардың этникалық толеранттылығын қалыптастырудың шарттары болып төмендегілер табылатыны анықталды:

бірінші педагогикалық шарт – болашақ педагогтардың этникалық толеранттылығын қалыптастыру үшін ең алдымен оларды даярлайтын педагог мамандардың біліктілігін арттыру, яғни олардың қалыптастырылатын феномен бойынша білімдерін, іскерліктерін қалыптастырып, дағдыларын жетілдіру;

екінші педагогикалық шарт – болашақ педагогтарды кәсіби даярлау барысында білім мазмұнына өзгеріс енгізу, яғни, болашақ педагогтарды кәсіби даярлауда аталған мәселе бойынша арнайы курстар енгізу;

үшінші педагогикалық шарт – болашақ педагогтарды кәсіби даярлау пәндерінің мазмұнына өзгерістер мен қосымшалар енгізу, яғни олардың мазмұнына қалыптастырылатын феномен туралы мағлұматтар енгізу;

төртінші педагогикалық шарт – аудиториядан тыс жұмыстарды ұйым-дастыруда этникалық толеранттылықты қалыптастырудың мәселелерін үнемі ескеру және назарда ұстау, яғни, жоғары оқу орнындағы тәрбие жұмыстарын және пәндер бойынша қосымша жұмыстарды ұйымдастыруда этникалық толеранттылық мәселесін жұмыс мазмұнына енгізу арқылы болашақ педагогтардың этникалық толеранттылығын қалыптастыруда кешенділікті қамтамасыз ету.









Сурет 2 – Болашақ педагогтардың этникалық толеранттылығын қалыптастырудың педагогикалық жүйесі

Педагогикалық жүйені жүзеге асыру барысында бірінші педагогикалық шартты қанағаттандыру мақсатында оқытушыларға арналған «Болашақ педагогтардың этникалық толеранттылығын қалыптастыру жолдары» атты арнайы семинарын өткіздік (4-кесте).
Кесте 4 – Арнайы семинардың тақырыптық жоспары




Тақырып атауы

Қарастырылатын мәселелер

Сағат саны

І модуль. Арнайы семинардың мақсаты, міндеттері және толеранттылық мәні




1

Арнайы семинардың мақсаты, міндеттері

  1. Арнайы семинардың мақсаты

  2. Арнайы семинардың міндеттері

  3. Пәннің негізгі мазмұны

1

2

Толеранттылық мәні

  1. Толеранттылық ұғымы

  2. Толеранттылықтың түрлері

  3. Этникалық толеранттылық

  4. Интолеранттылық

1

ІІ модуль. Этникалық толеранттылық мәселесінің зерттелуі және оны қалыптастырудың жалпы мәселелері

3

Педагогика теориясы мен практикасындағы этникалық толеранттылық мәселесінің генезисі

  1. Педагогика теориясындағы этникалық толеранттылық мәселесі

  2. Педагогика тарихында толеранттылық, этника-лық толеранттылық мәселесінің қарастырылуы

  3. Этникалық толеранттылықты қалыптастырудың қазіргі кездегі маңызы

1

4

Болашақ педагогтардың этникалық толеранттылығын қалыптастыруда оқу-тәрбие жұмыстарының орны

  1. Аудиториялық жұмыстар арқылы болашақ маманның этникалық толеранттылығын қалыптастыру

  2. Этникалық толеранттылықты қалыптастыру бойынша аудиториядан тыс жұмыстар түрлері

1

ІІІ модуль. Этникалық толеранттылықты қалыптастырудың жолдары

5

Болашақ педагогтардың этникалық толеранттылығын қалыптастыруда білім

мазмұнын іріктеу



  1. Этникалық толеранттылықты қалыптастыруға әсер ететін пәндер

  2. Этнопедагогика пәніне толеранттылық мәселелерін енгізу

3. Толеранттылық қалыптастыру-да «Өзін-өзі тану» курсының орны

2

6

Болашақ педагогтардың этникалық толеранттылығын қалыптастырудағы тәрбие жұмыстары

  1. Этнопедагогикалық олимпиада – этникалық толеранттылықты қалыптастырудың құралы ретінде

  2. Жатақханада жүргізілетін жұмыстар барысында толеранттылық қалыптастыру жолдары

  3. Басқа да аудиториядан тыс жұмыстарда толеранттылық қалыптастыруды ескеру

2

Барлығы




8

Екінші педагогикалық шарт (қалыптастырылатын феномен бойынша арнайы курс) «Толеранттылық нобайы» арнайы курсын аталған мамандықтар оқу жоспарына енгізу арқылы қамтамасыз етілді. Арнайы курс бойынша сағат бөлінісі төмендегі 5-кестеде беріліп отыр.


Кесте 5 – «Толеранттылық нобайы» арнайы курсының тақырыптық жоспары


Рет №

Тақырып аттары

Сағат саны

Лекц.

Сем.

СОӨЖ

СӨЖ

1

Толеранттылық ұғымына түсінік

2

2

2

2

2

Этникалық біртектіліктің дамуы және трансформациясы

2

2

2

2

3

Интолеранттылық ұғымына түсінік

2

2

2

2

4

Білім беру мен толеранттылық мәдениеті

3

3

3

3

5

Полимәдени білім берудегі толерантты жеке тұлғаның қалыптасуы

2

2

2

2

6

Толеранттылық жеке тұлғаның құндылықтарын құрудағы әлеуметтік құндылықтар жүйесі ретінде

2

2

2

2

7

Толеранттылық әлеуметтік қарым - қатынас жүйесінде

2

2

2

2




Барлығы

15

15

15

15

«Толеранттылық нобайы» арнайы курсы педагогикалық мамандықтардың оқу жоспарына жалпы білім беретін және кәсіби даярлық пәндерін меңгергеннен кейін енгізілді.

Болашақ мамандардың этникалық толеранттылығын қалыптастырудың үшінші педагогикалық шарты – туыс пәндердің мазмұнына қосымшалар енгізу болып табылады. Бұл негізінен «Этнопедагогика» пәні бойынша 050104 – Бастапқы әскери даярлық мамандығына арналған типтік оқу жоспарына енгізілген толықтырулар мен «Этнопсихология», «Өзін-өзі тану» курстарының жұмыстық оқу бағдарламасына қосылған қосымшалардан тұрады.

Студенттердің (педагогикалық мамандықтарда білім алатын) этникалық толеранттылығын қалыптастырудың келесі педагогикалық шарты – аудиториядан тыс жұмыстарды ұйымдастыруда этникалық толеранттылықты қалыптастырудың мәселелерін үнемі ескеру және назарда ұстау болып табылады. Болашақ педагогтардың этникалық толеранттылығын қалыптастыру-дың төртінші педагогикалық шартын қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстарды шартты түрде бірнеше топқа бөлуге болады.

Біріншіден, толеранттылықты қалыптастыруды іске асыру мақсатында университеттің педагогикалық мамандықтары арасында этнопедагогикалық олимпиада ұйымдастырылып, өткізіліп келді.

Екіншіден, кураторлық сағаттарда осы мәселе төңірегінде дискуссиялар, пікірталастар және пікірсайыстар өткізілді, баяндамалар тыңдалды. Үшіншіден, осындай тақылеттес мәселелер жатақханаларда тұратын студенттер арасында талқыланып, қаулылар қабылданды.

Жоғарыда келтірілген болашақ педагогтардың этникалық толеранттылығын қалыптастырудың педагогикалық жүйесін іске асыру біздің зерттеуіміздің мақсатына жетуге, сол арқылы болжамды тексеруге мүмкіндік берді. Оның нәтижелері төмендегі кестеде берілген (6-кесте, 3-сурет).

Кестеден көріп отырғанымыздай, студенттердің этникалық толеранттылығының қалыптасу деңгейі бойынша орта мәндердің айырмашылығы ұсынылған педагогикалық жүйенің тиімділігін дәлелдейді.


Кесте 6 – Болашақ педагогтардың этникалық толеранттылығының қалыптасуының құбылалар бойынша орта көрсетіштері (% есебімен)





Этникалық толеранттылықтың құбылалары

Бақылау тобы

Эксперименталдық топ

Төмен деңгей

Орта деңгей

Жоғары деңгей

Төмен деңгей

Орта деңгей

Жоғары деңгей

1

Экзистенциалдық

37,37

41,91

20,72

19,57

37,5

42,93

2

Мотивациялық

36,86

44,07

19,07

17,41

41,97

40,49

3

Интеллектуалдық

38,38

42,92

18,7

16,85

45,65

37,5

4

Эмоционалдық

37,87

39,39

22,74

21,19

36,95

41,86

5

Еріктік

34,34

38,88

26,78

12,51

46,19

41,30

6

Пәндік-практикалық

42,92

38,38

18,7

22,53

33,15

44,32

7

Өзіндік реттелу

34,34

44,94

20,72

12,5

38,58

48,92

Студенттердің этникалық толеранттылығының қал-ыптасу деңгейі бойынша орта мән

37,44

41,50

21,06

17,51

40,00

42,47

Сурет 3 – Болашақ педагогтардың этникалық толеранттылығының қалыптасуының орта көрсетіштері (% есебімен)

Біздің ұсынып отырған педагогикалық жүйенің тиімділігін дәлелдеу үшін корреляция коэффициентін Пирсонның сызықтық корреляция формуласы бойынша есептеп шығардық, оның мәні (r=0,96) статистикалық мәнді және бірлікке жақын болып шықты, бұл болашақ педагогтардың этникалық толеранттылығының қалыптасу деңгейі мен біз ұсынып отырған педагогикалық жүйені енгізу арасындағы дәлелді байланысты көрсетеді.



Болашақ педагогтардың этникалық толеранттылығын қалыптастырудың педагогикалық жүйесі студенттердің оқу-практикалық іс-әрекеттерін белсендендіруге мүмкіндік берді; студенттердің кәсіби оқытуын жетілдіруге ынтасын тудырды; кәсіби білімін жетілдіруге қажетті білім, білік және дағдыларды игеруге қызығушылықтарын арттырды; этникалық толеранттылықтың қоғамдық мәнін саналы түрде сезінуге мүмкіндік берді; этникалық толеранттылықты қалыптастырудың бүгінгі күнгі маңыздылығын дәлелдеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет