Шаяхметова маржан нақыпбекқызы Болашақ педагогтардың этникалық толеранттылығын қалыптастыру



бет2/3
Дата13.06.2016
өлшемі322 Kb.
#133741
түріДиссертация
1   2   3

экзистенциалдық сферада: басқа мәдениет құндылықтары туралы гуманистік көзқарас, мәдени құндылықтардың көптүрлілігін сезіну, мәдениеттердің қатар өмір сүруі туралы түсінік, мәдениеттерді түсіне білу.

  • мотивациялық сферада: «басқамен», «бөтенмен» қарым-қатынас жасау қажеттілігі, екіжақты келісім арқылы жақсы нәтижеге жетуге ұмтылу, туындайтын қайшылықтарды шешуге ұмтылыс;

  • интеллектуальдық сферада: сыни тұрғыдан ойлау, басқа этностың ерекшеліктері туралы білу, тұлғааралық деңгейде мүмкін болатын этносаралық қақтығыстарды болжай және шеше алу қабілеті;

  • эмоционалдық сферада: «басқаға» оң қатынас, мәдени қатынастардың қажеттілігін түсіну, қақтығысқа бармаушылық;

  • еріктік сферада: басқа мәдениетпен кездескенде туындайтын жағымсыз әсерлерді баса білу, мәдени қарама-қайшылықтарды шешуде тұрақтылық, мәдени байланыстарды бейбіт жолмен орнатуға ұмтылу, мойынсұну (бағындыру жағдайынан аулақ болу);

  • пәндік-практикалық сферада: мәдени коммуникация міндеттерін шешудің іскерліктері мен дағдылары жүйесі (тұлғаішілік этникалық қақтығыстарды шешу және тұлғааралық этникалық қақтығыстардың алдын алу), екі жаққа тиімді шешімдер қабылдауға қабілеттілік, этникалық қақтығыстарды шешу және олардың алдын алу іскерліктері мен дағдылары;

  • өзіндік реттелу сферасында: өз әрекеттерін үйлестіру, өзінің жетістіктері мен сәтсіздіктеріне талдау жасай алу.

    Тұлға дамуының сфераларының даму деңгейі болашақ педагогтың этникалық толеранттылығының қалыптасқандығының деңгейін көрсетеді. Әр сфераның дамуын көрнекі байқау үшін оның әрқайсысына тән өлшемдер мен көрсеткіштерді анықтау қажет (1-кесте). Сол көрсеткіштерді бағалау арқылы біз этникалық толеранттылықтың даму деңгейлерін сипаттай аламыз. Шартты түрде жалпыпедагогикалық зерттеулерге сүйене отырып, дамудың үш деңгейін көрсетуге болады (төмен, орта, жоғары).

    Осы айтылғандар идеалында модельдің мақсатының орындалуына – болашақ педагогтардың бойында этникалық толеранттылықтың қалыптасуына әкелуі тиіс. Бұл модельдің нәтижесі болып табылады.



    Сонымен, болашақ педагогтың этникалық толеранттылығы кез-келген адамның этникалық толеранттылығынан әрқайсының тұлғалық қасиеттері арқылы ерекшеленеді. Кәсіби маңызды қасиет ретінде этникалық толеранттылық болашақ педагогтың кәсіби іс-әрекетінде өте қажет, сондықтан қарапайым этникалық толеранттылықтан айырмашылығы бар.
    Кесте 1 – Болашақ педагогтың этникалық толеранттылығының қалыптастырудың өлшемдері

    Сфералар

    Өлшемдер

    Экзистенциалдық

    Басқа мәдениет құндылықтары туралы гуманистік көзқарас

    мәдени құндылықтардың көптүрлілігін сезіну

    мәдениеттердің қатар өмір сүруі туралы түсінік

    мәдениеттерді түсіне білу

    Мотивациялық

    «басқамен», «бөтенмен» қарым-қатынас жасау қажеттілігі

    екіжақты келісім арқылы жақсы нәтижеге жетуге ұмтылу

    туындайтын қайшылықтарды шешуге ұмтылыс

    Интеллектуалдық

    сыни тұрғыдан ойлау

    басқа этностың ерекшеліктері туралы білу

    тұлғааралық деңгейде мүмкін болатын этносаралық қақтығыстарды болжай және шеше алу қабілеті

    Эмоционалдық

    «басқаға» оң қатынас

    мәдени қатынастардың қажеттілігін түсіну

    қақтығысқа бармаушылық

    Еріктік

    басқа мәдениетпен кездескенде туындайтын жағымсыз әсерлерді баса білу

    мәдени қарама-қайшылықтарды шешуде тұрақтылық

    мәдени байланыстарды бейбіт жолмен орнатуға ұмтылу

    Пәндік-практикалық

    мәдени коммуникация міндеттерін шешудің іскерліктері мен дағдылары жүйесі (тұлғаішілік этникалық қақтығыстарды шешу және тұлғааралық этникалық қақтығыстардың алдын алу)

    екі жаққа тиімді шешімдер қабылдауға қабілеттілік

    этникалық қақтығыстарды шешу және олардың алдын алу іскерліктері мен дағдылары

    Өзіндік реттелу

    өз әрекеттерін үйлестіру

    өзінің жетістіктері мен сәтсіздіктеріне талдау жасай алу

    Болашақ педагогтың этникалық толеранттылығын қалыптастыру бойынша жұмыстарды бастаудан бұрын оның дамуының мүмкін деңгейлері мен білім алушылардағы оның сипаты жайлы нақты түсінік алу керек.

    Әр болашақ маманда этникалық толеранттылықтың бастапқы деңгейі бар деп есептейміз. Себебі, еліміздің полимәдениеттілік жағдайында әрбір адам қалайда болсын өз өмірінде «басқа» адаммен кездеседі, сөйлеседі, яғни қарым-қатынас жасайды. Сондықтан оқытушы үшін осы деңгейді анықтаса (толеранттылық немесе интолеранттылық болсын), диагностика жүргізсе, сол негізде аталып отырған кәсіби маңызды қасиетті қалыптастыру үшін мақсат қоя алады. Болашақ педагог мамандардың этникалық толеранттылығы оның тұлғалық қасиеті болып табылады. Сондықтан оны қалыптастыру жоғары оқу орнының педагогикалық процесінде кешенді жүзеге асыруды қажет етеді.

    Алдымызға қойылған міндеттерді толығымен шешу және ғылыми болжамның дұрыстығын тексеру мақсатында бірнеше мамандықтар бойынша эксперименттік жұмыс жүргізілді (050101 – Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу, 050102 – Бастауыш оқытудың педагогикасы және әдістемесі, 050103 – Педагогика және психология, 050119 – Шет тілі: екі шет тілі, 050104 – Алғашқы әскери даярлық, 050108 – Дене мәдениеті және спорт).

    Болашақ педагогтардың этникалық толеранттылығының қалыптасуының бастапқы деңгейін анықтау үшін біз ұсынған модель және этникалық толеранттылықтың сфералары көрсеткіштеріне негізделген диагностикалау әдістемесі жасалды. Оның ерекшелігі – педагогика және психология ғылымдарының зерттеу әдістерін кешенді қолдану арқылы қалыптасқан жағдайды шынайы айқындау болып табылады. Қалыптастырылатын феноменнің тұлғаның даралық қасиеті болып табылатынын ескеру біздің әдістеменің негізін құрайды.

    Шынайы нәтижелерге қол жеткізу үшін тұлғаның этникалық толеранттылығының әрбір сферасы әдістер кешенін қолдану арқылы бірнеше рет тексерілді. Әңгімелесу, бақылау, байқау, сауалнама, тестілеу, іс-әрекет өнімдерін зерттеу әдістері кеңінен қолданылды.

    Әр сфераның даму деңгейі төрт балдық шкала бойынша анықталып, әр білім алушының этникалық толеранттылығының даму деңгейін көрсететін орта балл шығарылды.

    Жоғарыда аталған мамандықтар студенттерінің айқындаушы эксперимент барысында көрсеткен нәтижелері төмендегідей (2-кесте). Біз эксперимент барысында әр мамандық бойынша жеке-жеке бақылау кесінділерін өткізіп, нәтижелерін жеке шығарып, содан кейін ортақ мәнді алдық.

    Айқындаушы эксперимент барысында экспериментке қатысушы топтар студенттерінің сфералар бойынша көрсеткіштері негізінен төмен деңгейді көрсетті. Атап айтқанда, оларда басқа мәдениет құндылықтары туралы гуманистік көзқарас, мәдени құндылықтардың көптүрлілігін сезіну, мәдениеттердің қатар өмір сүруі туралы түсінік, мәдениеттерді түсіне білу жалпылық деңгейде қалыптасқан. «Басқамен», «бөтенмен» қарым-қатынас жасау қажеттілігі, екіжақты келісім арқылы жақсы нәтижеге жетуге ұмтылу, туындайтын қайшылықтарды шешуге ұмтылыс негізінен тұрмыстық деңгейден аспайды.

    Студенттер басқа этностың ерекшеліктері туралы жалпылама біледі, олардың тұлғааралық деңгейде мүмкін болатын этносаралық қақтығыстарды болжай және шеше алу қабілеті төмен. Дегенмен, олар «басқаға» оң қатынас керектігін, мәдени қатынастардың қажеттілігін түсінеді. Онымен қатар басқа мәдениетпен кездескенде туындайтын жағымсыз әсерлерді баса біледі, солай бола тұра мәдени қарама-қайшылықтарды шешуде тұрақтылық, мәдени байланыстарды бейбіт жолмен орнатуға ұмтылу жоқ.

    Кесте 2 – Мамандықтар кесіндісінде студенттердің этникалық толеранттылығының қалыптасу деңгейінің орта көрсеткіштері (айқындаушы эксперимент) (% есебімен)





    Мамандықтар

    Төмен деңгей

    Орта деңгей

    Жоғары деңгей

    адам

    адам

    адам

    %

    %

    %

    1

    050101 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбие

    45,56%

    36,29%

    18,15%

    2

    050102 – Бастауышты оқыту педагогикасы мен әдістемесі

    43,28%

    37,39%

    19,33%

    3

    050103 – Педагогика және психология

    43,11%

    32,47%

    24,42%

    4

    050104 – Бастауыш әскери даярлық

    39,56%

    43,95%

    16,49%

    5

    050108 – Дене мәдениеті және спорт

    41,74%

    41,29%

    16,96%

    6

    050121 – Шет тілі: екі шет тілі

    33,18%

    46,24%

    20,58%

    Студенттердің этникалық толеранттылығының қалыптасу деңгейі бойынша орта мән (% есебімен)

    41,07%

    39,61%

    19,32%

    Сол сияқты айқындаушы эксперимент барысында біз студенттерде мәдени коммуникация міндеттерін шешудің іскерліктері мен дағдылары жүйесінің, екі жаққа тиімді шешімдер қабылдауға қабілеттіліктің, этникалық қақтығыстарды шешу және олардың алдын алу іскерліктері мен дағдыларының, өз әрекеттерін үйлестіру, өзінің жетістіктері мен сәтсіздіктеріне талдау жасай алу іскерліктерінің қалыптаспағанын байқадық. Бұның себептерінің бірі – оқытушылардың болашақ педагогтардың этникалық толеранттылығын қалыптастыруға бағытталған дайындығының жеткіліксіздігі. Бұл оқытушылық-профессорлық құраммен жүргізілген диагностика нәтижесімен анықталды. Айқындаушы эксперимент кезеңінде өткізілген әңгімелесу барысында оқытушылар этникалық толеранттылықты қалыптастыру өзекті мәселе екеніне көз жеткізіп, жоғары мектепте арнайы педагогикалық жүйенің болмауы және әдістемелік нұсқаулардың жоқтығы анықталды. Сонымен қатар жоғары білім беру ұйымдарының оқу жоспарларын талдау нәтижесі оқу пәндері мазмұнында болашақ мамандардың, оның ішінде педагог мамандардың этникалық толеранттылығын қалыптастыруға бағытталған материалдардың жеткіліксіз қарастырылғанын көрсетті.

    Мамандықтар кесіндісінде студенттердің этникалық толеранттылығының қалыптасу деңгейінің орта көрсеткіштері жұмысты қалайша жүргізу керектігін анықтауға көмектесті. Яғни, болашақ педагогтардың этникалық толеранттылығын қалыптастырудың педагогикалық шарттарын анықтау арқылы теориялық моделін жасап, соның негізінде педагогикалық жүйе құрастыру қажеттігі туды.

    Сонымен, біз теориялық талдаулар жасау және айқындаушы эксперимент қорытындысын талдау барысында мынадай қорытындыға келдік:

    а) студенттерде этникалық толеранттылық қалыптастыру үшін ең алдымен оған сабақ беретін оқытушылардың әдістемелік даярлығын жетілдіру қажет;

    ә) тиісті пәндердің мазмұндарына зерттеу пәніне байланысты қосымшалар енгізу керек;

    б) аудиториядан тыс жұмыстарда қалыптастырылатын феноменді қамтитын жұмыстар қарастырылуы тиіс;

    в) қалыптастырылатын феномен бойынша арнайы курс жасалып, өткізілуі тиіс.

    Осы негізде біздің зерттеуіміз шеңберінде болашақ педагогтардың этникалық толеранттылығын қалыптастыру мақсатында педагогикалық жүйе жобаланып, іске асырылды (2-сурет).

    Болашақ педагогтардың этникалық толеранттылығын қалыптастырудың педагогикалық жүйесі мақсаттық, мазмұндық, технологиялық және нәтижелік компоненттерден құралған. Әрбір компонент өзінің атқаратын қызметіне қарай иерархиялық ретпен орналастырылған.

    Сонымен, болашақ педагогтардың этникалық толеранттылығын қалыптастырудың педагогикалық жүйесін жүзеге асыру үшін оны қалыптастырудың педагогикалық шарттарын анықтап, аталып отырған феноменді осы педагогикалық шарттарды іске асыру арқылы қалыптастыру әдістемесін жасау қажеттілігі туындады. Теориялық талдау және айқындаушы эксперимент барысында болашақ педагогтардың этникалық толеранттылығын қалыптастырудың шарттары болып төмендегілер табылатыны анықталды:

    Бірінші педагогикалық шарт – болашақ педагогтардың этникалық толеранттылығын қалыптастыру үшін ең алдымен оларды даярлайтын педагог мамандардың біліктілігін арттыру, яғни олардың қалыптастырылатын феномен бойынша білімдерін, іскерліктерін қалыптастырып, дағдыларын жетілдіру.

    Екінші педагогикалық шарт – болашақ педагогтарды кәсіби даярлау барысында білім мазмұнына өзгеріс енгізу, яғни, болашақ педагогтарды кәсіби даярлауда аталған мәселе бойынша арнайы курстар енгізу.

    Үшінші педагогикалық шарт – болашақ педагогтарды кәсіби даярлау пәндерінің мазмұнына өзгерістер мен қосымшалар енгізу, яғни олардың мазмұнына қалыптастырылатын феномен туралы мағлұматтар енгізу.

    Төртінші педагогикалық шарт - аудиториядан тыс жұмыстарды ұйымдастыруда этникалық толеранттылықты қалыптастырудың мәселелерін үнемі ескеру және назарда ұстау, яғни, жоғары оқу орнындағы тәрбие жұмыстарын және пәндер бойынша қосымша жұмыстарды ұйымдастыруда этникалық толеранттылық мәселесін жұмыс мазмұнына енгізу арқылы болашақ педагогтардың этникалық толеранттылығын қалыптастыруда кешенділікті қамтамасыз ету.









    Сурет 4 – Болашақ педагогтардың этникалық толеранттылығын қалыптастырудың педагогикалық жүйесі

    Педагогикалық жүйені жүзеге асыру барысында бірінші педагогикалық шартты қанағаттандыру мақсатында оқытушыларға арналған «Болашақ педагогтардың этникалық толеранттылығын қалыптастыру жолдары» атты арнайы семинарын өткіздік (3-кесте).
    Кесте 3 – Арнайы семинардың тақырыптық жоспары




    Тақырып атауы

    Қарастырылатын мәселелер

    Сағат саны

    І модуль. Арнайы семинардың мақсаты, міндеттері және толеранттылық мәні




    1

    Арнайы семинардың мақсаты, міндеттері

    1. Арнайы семинардың мақсаты,

    2. Арнайы семинардың міндеттері

    3. Пәннің негізгі мазмұны

    1

    2

    Толеранттылық мәні

    1. Толеранттылық ұғымы

    2. Толеранттылықтың түрлері

    3. Этникалық толеранттылық

    4. Интолеранттылық

    1

    ІІ модуль. Этникалық толеранттылық мәселесінің зерттелуі және оны қалыптастырудың жалпы мәселелері

    3

    Педагогика теориясы мен практикасындағы этникалық толеранттылық мәселесінің генезисі

    1. Педагогика теориясындағы этникалық толеранттылық мәселесі

    2. Педагогика тарихында толеранттылық, этникалық толеранттылық мәселесінің қарастырылуы

    3. Этникалық толеранттылықты қалыптастырудың қазіргі кездегі маңызы

    1

    4

    Болашақ педагогтардың этникалық толеранттылығын қалыптастыруда оқу-тәрбие жұмыстарының орны

    1. Аудиториялық жұмыстар арқылы болашақ маманның этникалық толеранттылығын қалыптастыру

    2. Этникалық толеранттылықты қалыптастыру бойынша аудиториядан тыс жұмыстар түрлері

    1

    ІІІ модуль. Этникалық толеранттылықты қалыптастырудың жолдары

    5

    Болашақ педагогтардың этникалық толеранттылығын қалыптастыруда білім

    мазмұнын іріктеу



    1. Этникалық толеранттылықты қалыптастыруға әсер ететін пәндер

    2. Этнопедагогика пәніне толеранттылық мәселелерін енгізу

    3. Толеранттылық қалыптастыру-да «Өзін-өзі тану» курсының орны

    2




    6

    Болашақ педагогтардың этникалық толеранттылығын қалыптастырудағы тәрбие жұмыстары

    1. Этнопедагогикалық олимпиада – этникалық толеранттылықты қалыптастырудың құралы ретінде

    2. Жатақханада жүргізілетін жұмыстар барысында толеранттылық қалыптастыру жолдары

    3. Басқа да аудиториядан тыс жұмыстарда толеранттылық қалыптастыруды ескеру

    2

    БАРЛЫҒЫ




    8

    «Болашақ педагогтардың этникалық толеранттылығын қалыптастыру жолдары» арнайы семинары экспериментке қатысатын педагогикалық мамандықтарда сабақ өткізетін оқытушыларға өткізілді. Семинарға Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің педагогика, бастауышты оқыту әдістемесі және педагогикасы, мектепке дейінгі және педагогикалық-психологиялық даярлық теориясы мен әдістемесі, бастапқы әскери даярлық кафедраларының оқытушылары қатысты.



    Екінші педагогикалық шарт (қалыптастырылатын феномен бойынша арнайы курс) «Толеранттылық нобайы» арнайы курсын аталған мамандықтар оқу жоспарына енгізу арқылы қамтамасыз етілді. Арнайы курс бойынша сағат бөлінісі төмендегі 4-кестеде беріліп отыр.
    Кесте 4 – «Толеранттылық нобайы» арнайы курсының тақырыптық жоспары


    Рет №

    Тақырып аттары

    Сағат саны

    Лекц.

    Сем.

    СОӨЖ

    СӨЖ

    1

    Толеранттылық ұғымына түсінік

    2

    2

    2

    2

    2

    Этникалық біртектіліктің дамуы және трансформациясы

    2

    2

    2

    2

    3

    Интолеранттылық ұғымына түсінік

    2

    2

    2

    2

    4

    Білім беру мен толеранттылық мәдениеті

    3

    3

    3

    3

    5

    Полимәдени білім берудегі толерантты жеке тұлғаның қалыптасуы

    2

    2

    2

    2

    6

    Толеранттылық жеке тұлғаның құндылықтарын құрудағы әлеуметтік құндылықтар жүйесі ретінде

    2

    2

    2

    2

    7

    Толеранттылық әлеуметтік қарым - қатынас жүйесінде

    2

    2

    2

    2




    Барлығы

    15

    15

    15

    15

    «Толеранттылық нобайы» арнайы курсы педагогикалық мамандықтардың оқу жоспарына жалпы білім беретін және кәсіби даярлық пәндерін меңгергеннен кейін енгізілді.

    Болашақ мамандардың этникалық толеранттылығын қалыптастырудың үшінші педагогикалық шарты – туыс пәндердің мазмұнына қосымшалар енгізу болып табылады. Бұл негізінен «Этнопедагогика» пәні бойынша 050104 – Бастапқы әскери даярлық мамандығына арналған типтік оқу жоспарына енгізілген толықтырулар мен «Өзін-өзі тану» курсының жұмыстық оқу бағдарламасына қосылған қосымшалардан тұрады.

    Студенттердің (педагогикалық мамандықтарда білім алатын) этникалық толеранттылығын қалыптастырудың келесі педагогикалық шарты – аудиториядан тыс жұмыстарды ұйымдастыруда этникалық толеранттылықты қалыптастырудың мәселелерін үнемі ескеру және назарда ұстау болып табылады. Болашақ педагогтардың этникалық толеранттылығын қалыптастырудың төртінші педагогикалық шартын қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстарды шартты түрде бірнеше топқа бөлуге болады.

    Біріншіден, толеранттылықты қалыптастыруды іске асыру мақсатында университеттің педагогикалық мамандықтары арасында этнопедагогикалық олимпиада ұйымдастырылып, өткізіліп келді.

    Олимпиада университеттік деңгейде өткізіледі және педагогикалық мамандықтарда оқитын студенттерге арналған. Олимпиаданың мақсаты – студенттердің аталмыш пән бойынша білім деңгейлерін анықтау. Оның міндеттерінің ішінде маманның кәсіби маңызды қасиеті ретінде оның этникалық толеранттылығын қалыптастыру жеке аталады.

    Олимпиада жыл сайын пәнді оқығаннан кейін көктемнің мамыр айында өткізіледі.

    Төртінші педагогикалық шартты қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстардың тағы бір тобы – кураторлық сағаттарда осы мәселе төңірегінде дискуссиялар, пікірталастар және пікірсайыстар өткізу, баяндамалар тыңдау. Бұдан бөлек осындай тақылеттес мәселелер жатақханаларда тұратын студенттер арасында талқыланып, қаулылар қабылданды.

    Жоғарыда келтірілген болашақ педагогтардың этникалық толеранттылығын қалыптастырудың педагогикалық жүйесін іске асыру біздің зерттеуіміздің мақсатын жүзеге асыруға, сол арқылы болжамды тексеруге мүмкіндік берді. Оны жүзеге асыруда біз ең алдымен оң психологиялық климат қалыптастыруды, сол арқылы феноменді қалыптастыруда нәтижеге жетуді көздедік. Оның нәтижелері төмендегі кестеде берілген (5-кесте).

    Кестеден көріп отырғанымыздай, студенттердің этникалық толеранттылығының қалыптасу деңгейі бойынша орта мәндердің айырмашылығы ұсынылған педагогикалық жүйенің тиімділігін дәлелдейді.


    Кесте 5 – Болашақ педагогтардың этникалық толеранттылығының қалыптасуының орта көрсетіштері





    Этникалық толеранттылықтың сфералары

    Бақылау тобы

    Эксперименталдық топ

    Төмен деңгей

    Орта деңгей

    Жоғары деңгей

    Төмен деңгей

    Орта деңгей

    Жоғары деңгей

    %

    %

    %

    %

    %

    %

    1

    Экзистенциалдық

    37,37

    41,91

    20,72

    19,57%

    37,5%

    42,93%

    2

    Мотивациялық

    36,86%

    44,07%

    19,07%

    17,41%

    41,97%

    40,49%

    3

    Интеллектуалдық

    38,38%

    42,92%

    18,7%

    16,85%

    45,65%

    37,5%

    4

    Эмоционалдық

    37,87%

    39,39%

    22,74%

    21,19%

    36,95%

    41,86%

    5

    Еріктік

    34,34%

    38,88%

    26,78%

    12,51%

    46,19%

    41,30%

    6

    Пәндік-практикалық

    42,92%

    38,38%

    18,7%

    22,53%

    33,15%

    44,32%

    7

    Өзіндік реттелу

    34,34%

    44,94%

    20,72%

    12,5%

    38,58%

    48,92%

    Студенттердің этникалық толеранттылығының қал-ыптасу деңгейі бойынша орта мән (% есебімен)

    37,44%

    41,50%

    21,06%

    17,51%

    40,00%

    42,47%

    Мысалы, эксперименттік топтағы студенттердің 42,47 пайызы жоғары деңгейді көрсетті, ал бақылау тобындағы осы көрсеткіш 21,06 пайызға тең (+21,41), бұл дегеніміз – деңгей екі есеге дейін өскен. Ал эксперименттік топтың студенттері көрсеткен төменгі деңгей 17,51 пайызды құраса, бақылау тобында бұл көрсеткіш 37,44 пайызды көрсетіп тұр (-19,93), орта деңгей тиісінше 40 (эксперименттік топ) және 41,50 (бақылау тобы) пайызды көрсетеді (-1,50). Сонда енгізілген педагогикалық жүйе тиімділігінің орта мәні пайыз есебімен +19,91 пайызды құрайды.

    Ұсынылған педагогикалық жүйені эксперименттен өткізу нәтижесінде келесілер айқындалды:

    - этникалық толеранттылық аясында теориялық білім деңгейі жоғарлады;

    - кәсіби іс-әрекетте этникалық толеранттылық бойынша саналы түрде қажетті білім және іскерлік қажеттілігі туындады.

    Болашақ педагогтардың этникалық толеранттылығын қалыптастырудың педагогикалық жүйесі студенттердің оқу-практикалық іс-әрекеттерін белсендендіруге мүмкіндік берді; студенттердің кәсіби оқытуын жетілдіруге ынтасын тудырды; кәсіби білімін жетілдіруге қажетті білім, білік және дағдыларды игеруге қызығушылықтарын арттырды; этникалық толеранттылықтың қоғамдық мәнін саналы түрде сезінуге мүмкіндік берді; этникалық толеранттылықты қалыптастырудың бүгінгі күнгі маңыздылығын дәлелдеді.



    Сонымен, тәжірибелі-педагогикалық жұмыстың нәтижелері біздің ұсынып отырған педагогикалық шарттардың тиімділігін көрсетеді.

    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет