Шәкірттерге ата-бабамыздан қалған шешендік сөздер, салт-дәстүр, ырым мен тиым сөздерді насихаттау мақсатында тәрбие сағаты жоспарын ұсынып отырмыз. Тақырыбы


Алихан: Жеті ата: 1.Нұрғазы 2.Атабай 3.Өмірбай 4.Қарабала 5.Тышқан 6.Бабатай 7.Байтемір Төлеген



бет3/4
Дата17.06.2024
өлшемі105.1 Kb.
#502635
1   2   3   4
Тәрбие сағаты

Алихан: Жеті ата:
1.Нұрғазы 2.Атабай 3.Өмірбай 4.Қарабала 5.Тышқан 6.Бабатай 7.Байтемір
Төлеген: Жеті қазына:

  1. Ер жігіт

  2. Сұлу әйел

  3. Ақыл, білім.

  4. Жүйрік ат

  5. Қыран бүркіт

  6. Берен мылтық

  7. Құмай тазы(ит)

Аян: Жеті жетім
Тыңдамаған сөз жетім,
Киюсіз тозған бөз жетім,
Иесіз қалған жер жетім,
Басшысы жоқ ел жетім,
Аққу-қазсыз көл жетім,
Жерінен айырылған ер жетім,
Замандасы қалмаса сол жетім.
Жүргізуші: -Рахмет сіздерге, бізге көптеген мағлұматтар бердіңіз.Енді ортамызға «Сән думан» қонақтарын шақырамыз. Бүгін бізде қонақта мектебіміздің еңбекке баулу пәнінің мұғалімі Қадырова Мөлдір апай. Қош келдіңіздер.
Мөлдір апай өзінің қолынан шыққан қолөнер бұйымдарының жасалу жолдарымен оқушыларды таныстыра отырып, халқымыздың атадан балаға мирас болып келе жатқан қолөнері туралы оқушыларға өзінің құнды пікірлерін айтты. Оқушылармен ой бөлісті.Өзі дайындаған құрақ көрпешелер, торсық, бойтұмар, түрлі тоқыма бұйымдарын оқушыларға көрсетті.
Жүргізуші: — Міне, қандай жарасымды.Біз ұлттық киімдерімізді тек мереке уақытында ғана кимей, басқа уақытта да ұлттық нақыштағы киімдерді киіп жүруді неге дәстүрге айналдырмасқа?!
— Барлығы жастардың қолында.
— Бағдарламамыздың келесі кезеңінде «Дәм думанның» қонақтарын қарсы алайық.
Көрініс: «Қымыз бен Кока – кола»
Екі оқушы дүкенге келе жатыр.
Рахман: Сәлем, Сапар ! Қайда бара жатырсың?
Сапар:Мені анам базарға жұмсап еді, қымыз алуға бара жатырмын.
Рахман: Қымыз?! Қымыз дейсің бе? Оны не қылмақсың?
Сапар: Не қылғаны несі, ішемін. Біз отбасымызбен қымыз сусынын жақсы көреміз.
Рахман: Ой, Сапар, мынадай Кока-кола сусыны тұрғанда қымызды не қыласың. Өзің ішіп көрші, сондай дәмді, әрі шөліңді тез қандырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет