Шектибаева Анара Бекбулатовна химия пәнінен үШӨлшемді әдістемелік жүйе технологиясын қолдана отырып бөлім бойынша жиынтық бағалау алу әдістемесі


«Химия» пәнінен 1-тоқсанға арналған жиынтық бағалау тапсырмалары



бет22/22
Дата10.10.2023
өлшемі297.03 Kb.
#480292
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Әдістемелік құрал шығару

«Химия» пәнінен 1-тоқсанға арналған жиынтық бағалау тапсырмалары
9 сынып
Оқушының аты-жөні:______________________________________________________ II-нұсқа
1. Төмендегі дұрыс тұжырымды таңдаңыз:
А. HBr және H2S күшті электролиттер
В. HВr –әлсіз электролит, H2S – күшті электролит
С. HBr– күшті электролит, H2S– әлсіз электролит
Д.HBr және H2S әлсіз электролиттер [2]

2. Белгісіз Х2+ катион ерітіндісіне NaOН ерітіндісінің 1-2 тамшысын қосқанда жасыл түсті тұнба түзілді. Х2+ катионын көрсетіңіз. А. Ba2+(ер) B. Ca2+(ер) C. Cu2+(ер) D. Fe2+(ер) [2]



3. Кальций хлоридінің (СаClә) судағы ерітіндісі электр тоғын өткізе алады. Кальций хлоридінің судағы диссоциациялану механизмін сызып көрсетіңіз. [2]

4.Әктас (СаCO3) суда ерігенде қандай иондарға ыдырайды? Диссоцияциялану теңдеуін жазыңыз.


___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ [2]

5.a) СаCO3 ерітіндісіне тұз қышқылын құйғанда газ бөлінеді. Газдың түзілуін көрсететін реакцияның толық, қысқартылған иондық теңдеуін жазыңыз.


_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________[3]

b) Лакмус индикаторымен СаCO3 ерітіндісінің ортасын зерттегенде индикатордың түсі қалай өзгереді.


_______________________________________________________________________ [3]

6. Белгісіз бір катион Х+ арқылы галогенид аниондарын сапалық анықтауға болады. Катионды атаңыз және бромид ионымен реакцияның бақылау қандай болады?


Катион: _________________________________________________________________________
Реакцияны бақылау: ____________________________________________________________________________ [2]

7.Егер температуралық коэффициент 2 тең болса, температураны 360 C-тан 400 ̊C-қа жоғарлатқанда, реакция жылдамдығы неше есе өседі?­


________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ [3]

8.Ле-Шателье принципі бойынша 2CO(г) + O2(г) ↔ 2CO2(г) +577 кДж қайтымды реакцияның бағытын келесі факторлар қай жаққа ығыстырады? Себебін түсіндіріңдер.




Температураның жоғарылауы:

Тепе-теңдіктің ығысуы: _______________________________________________________________________


Себебі:_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ [3]


Қысымның төмендеуі:

Тепе-теңдіктің ығысуы: _______________________________________________________________________


Себебі:_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ [3]


  1. Нұсқа Балл қою кестесі



Жауап

Балл

1

Дұрыс жауапты табады

2балл

2

Катионды анықтайды

2балл

3

Заттың диссоциациялану механизмін сызады

2балл

4

Теңдеуді жазады

2балл

5

а) толық, қысқартылған иондық теңдеуді жазады
b)индикатор түсін жазады

3балл
3балл

6

Катионды тауып, реакцияның бақылауын жазады

2балл

7

Есепті шығарады

3балл

8

Ле-Шателье принципі бойынша реакцияның бағытын факторлардың қайда ығыстыратының табады

6балл

Барлығы

25балл

2- нұсқа Балл қою кестесі





Жауап

Балл

1

Дұрыс жауапты табады

2балл

2

Катионды анықтайды

2балл

3

Заттың диссоциациялану механизмін сызады

2балл

4

Теңдеуді жазады

2балл

5

а) толық, қысқартылған иондық теңдеуді жазады
b)индикатор түсін жазады

3балл
3балл

6

Катионды тауып, реакцияның бақылауын жазады

2балл

7

Есепті шығарады

3балл

8

Ле-Шателье принципі бойынша реакцияның бағытын факторлардың қайда ығыстыратының табады

6балл

Барлығы

25балл

ҚОРЫТЫНДЫ

Қоғамның жедел дамуына орай мектеп мұғалімдеріне қойлатын талап,оқытудың әдіс-тәсілдері,технологиялары күнбе-күн жаңартылуда. Кез келген технологияны химия пәнінде қолдана алмаймыз,сондықтан тиімді, оқу процесіне оң нәтиже беретіндерін ғана қолданған жөн.Осындай технологиялардың бірі педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ж.А.Қараевтың ҮӘЖ технологиясы мектеп практикасында қолданылып жүр.


Технологияның ерекшеліктеріне тоқталсақ:
- мемлекеттік білім стандарттарына сәйкес білім мен тәрбие беріледі;
- оқушылардың білімін әділ бағалау мүмкін болады;
- заманауи талаптарға сай келеді,
- оқушылардың өз бетімен іздену мүмкіндіктеріне жол ашады;
- дарынды балалар анықталады,шығармшылықпен жұмыс жасайды.
Аталған технология бойынша оқушылардың іс-әрекетіне басымдылық беріледі. Өз бетімен ізденеді, деңгейлік тапсырмаларды рет-ретімен орындайды, оқу-білімге ынтасы, қызығушылығы артады,сабақ барысында оқушылар 1-деңгейден бастап орындайды, әрі қарай да класта, үлгермесе, үйден орындап аяқтауларына болады.
Аталған оқыту технологиясының құндылығына тоқталатын болсақ:
- күрделі, шығармашылық деңгейдегі тапсырмаларды орындау арқылы дарынды балаларды анықтауға мүмкіндік береді;
- білім алушыларды халықаралық білім беру жүйесіндегі пайдаланылатын рейтинг арқылы ұпай жинауға үйретеді.
Әр сабақта оқушы өзінің еңбегін,яғни білім деңгейін өзі көреді де, аз ұпай жинағандары келесі сабақта көп жинауға талпынады, әрбір білім алушы көбірек іздену, оқу керектігінің мәнін тереңірек түсінеді.Негізгі оқулықтан басқа да көздерді: қосымша әдебиеттерді,интернет желілерін қарастырады. Төмен баға көп болмайды, оқушылардың алға жылжуы, көп еңбектенуі жиі байқалады.
Педагогика ғылымының директоры, профессор Ж. Қараевтың «Әр түрлі деңгейде оқу технологиясын» жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу барысында үнемі қолданылып келеді. Ж.Караев технологиясының жемісі сол, еш оқушыны күштеп оқытудан аулақтатып, ақпаратты өз бетімен ізденуге, ешкімнің көмегінсіз өз бетінше ойланып шешім қабылдауға дағдыландырады. Тақырып бойынша жасақталған деңгейлік тапсырмалармен жұмыс жасау арқылы оқушының өзіндік жеке жолы кеңейеді және білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді. Деңгейлеп оқытудың ерекшелігі оқушылардың сабақ барысында бірнеше деңгейде жұмыс жасай отырып және бөлім бойынша жиынтық бағалауда қорытынды бақылау жұмысын алу әдістемесі сапалы білім алу мүмкіндігін береді.
Үш өлшемді әдістемелік жүйе технологиясы - оқу материалдарын меңгерудің неғұрлым тиімді тәсілдерінің бірі. Ол дамыта оқыту технологиясын жүзеге асыруға мүмкіндік беріп, оқушының ойлауын, елестетуі мен сақтауын, ынтасын, белсенділігі мен білім сапасының дамуына көмектеседі.
Деңгейлік тапсырмалар мен қорытынды бақылау жұмысы дегеніміз - балаға шамадан тыс жүктеме беру емес, керісінше, оқушының біліміне, сұранысы мен қабілетіне сәйкес дайындалған жұмыс жүйесі.
Қазіргі кезде мектепке осыған байланысты өзгерістер - оқытуда деңгейлеп оқытуды еңгізуде негізгі бағыттары оқушылардың қабілеті бойынша топтау, кәсіби бағдар бойынша топтау. Жалпы білім берілетін мектептерде оқытуда әртүрлі әдістер қолданылады. Соның ішінде маңызды түрі - деңгейлік диференция және қорытынды бақылау жұмысын алуда өзіндік, коррекциялық жұмыс жасай отырып бөлім бойынша жиынтық бағалау алу әдістемесі.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР


1. Оспанова М.Қ., Аухадиева Қ.С., Белоусова Т.Г. Жалпы білім беретін мектептің 9- сыныбына арналған оқулық, 1- бөлім /- Алматы, 2019 – б
2. Қараев Ж.А. Трехмерная методическая система обучения-основа формирования функциональной грамотности учащихся.//Международный журнал экспериментального образования.-2013.-№11-2.-с.19-25
3. Байбосынова А.Т. Жалпы және анорганикалық химия практикумы: оқулық / А.Т.Байбосынова.-Алматы : ССК, 2020.-232
4. Қараев Ж.А.,Кобдикова Ж.У. Технологиялық тәсіл негізінде педагогикалық жүйені жаңартудың өзекті проблемалары.-Алматы,2012.,-200б
5. Торсыкбаева Б.Б., Имангалиева Б.С. Кредиттік оқыту жүйесі бойынша жоғары оқу орнында білімді бағалау. III Международ. научно-практич. конференц.социальных наук от Китая до Адриата, 27-30 октября, 2016 г. Турции – Анталия. İKSAD - Институт экономического развития и социальных исследований
6. Монахов В.М.,Қабдықайырұлы Қ. Оқытудың педагогикалық жаңа технологиясы, Алматы, 1999ж., 149б
7. Усманова М.Б. Химия.7-8 -сынып: есептер және жаттығулар жинағы.- Алматы, 2018.-128б
8. Селевко Г.К. Современные образовательные технологии. Народные образование, 2017г
9. Бекішев Қ. Химия есептері – Алматы:РБК, 2015.-268б.
10. Имангалиева Б.С.,Торсыкбаева Б.Б. Мектепте химиялық эксперименттер жүргізу әдістемесі. Оқу құралы.-Алматы, 2021ж.-185б.
11.Ниязбаева А.И. Химиялық эксперимент: техника және әдістемесі: Оқу құралы /А.И. Ниязбаева, Г.В.Абрамова-Алматы:Қазақ университеті,2012-120б.
12. Нұғыманов И.Н. Химия -оқу кітабы. – Алматы, 2001ж.-187б.
13. Кобдикова Ж.У. Педагогическая технология «Трехмерная методическая система обучения».Алматы,2011



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет