Шектибаева Анара Бекбулатовна химия пәнінен үШӨлшемді әдістемелік жүйе технологиясын қолдана отырып бөлім бойынша жиынтық бағалау алу әдістемесі


ҮШӨЛШЕМДІ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕ ТЕХНОЛОГИЯСЫНА



бет2/22
Дата10.10.2023
өлшемі297.03 Kb.
#480292
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Әдістемелік құрал шығару

ҮШӨЛШЕМДІ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕ ТЕХНОЛОГИЯСЫНА
СИПАТТАМА

Аталған технология мазмұны тоғыз түрлі компоненттен тұрады: 1) оқу процесінің мақсаты; 2) оқудың мазмұны; 3) оқытудың әдіс-тәсілдері. Олардың жиынтығын әдістеме деп атайды; 4) оқытудың түрі ( жеке, жұптық, топтық, ұжымдық, фронтальды және т.б.); 5) оқыту құралдары, АКТ (ақпараттық коммуникациялық технологиялар). Көрсетілген бес компонент барлық оқу жоспарының құрылымына жатады.


Бұлардан басқа дайындаған жоспарды тиімді іске асыру үшін : 6) оқу процесін ұйымдастырушы (педагог) және орындаушының (оқушының) қызығушылығын тудыратын іс-әрекеттер жүзеге асырылады, 8) білім алушының өз бетімен іздену,танымға бағытталған қадамдары – іс-әрекеттері орындалады;
Аталған сегіз элемент педагогикалық жүйенің құрамына кіреді. Егер олардың барлығы гуманистік парадигма талаптарына сәйкес өз-ара үйлесімділікте жаңартылып, жүзеге асырылатын болса, онда әр оқушы әр тақырып бойынша баға алар еді, яғни, 9) нәтеже қамтамасыз етіледі. Осындай жағдайда өткізілген сабақ зерттеу тақырыбына сай технологиямен жүргізілген болып есептеледі.
Қазіргі кезде мектептерде біраз жаңа технологиялар қолданылуда. Солардың ішінен жиі қолданылатындарының бірі – «Үш өлшемді әдістемелік жүйе» технологиясы. Аталған технология бойынша сабақты меңгеру нәтижелі, білім алушылар бағасы әділетті қойылады. Сабақты меңгеру екі бөлім арқылы іске асады.
Технологияның бірінші бөлімі синектикалық деп аталады және ол екі кезеңнен тұрады. Бұл кезде орындалатын тапсырмалар мен кезеңдерге сабақ барысында мысал келтіреміз. Екінші бөлімде сабақтың нәтижесін көруге болады, ол сабақтың үшінші кезеңін қамтиды. Мұнда оқушыларды еңбегіне қарай бағалау, яғни кері байланыс жүзеге асады.
ҮӘЖ технологиясының бірінші кезеңі
Қарастырылып отырған бөлімнің бірінші кезеңінде класс ұйымдастырылады, үй жұмыстары тексеріледі, өткен тақырыптар бойынша үйде орындаған тапсырмалар дұрыстығы тексеріледі.
Өте жақсы деңгейде орындаған оқушылар кластағы басқа білім алушылар дәптерін қарайды немесе мұғалім тақтаға дұрыс жауабын шығарады да, оқушылар бір – бірінің дәптерлеріндегі тапсырманың орындалуын тексеріп, плюс не минус қояды.
Дұрыс орындалған тапсырмаларға мұғалім ашық журналда белгілеп, тиісті ұпайларын қояды. Жаңа тақырып бойынша проблемалық ситуация тудыратын тапсырмалар орындалады. Және өтілетін тақырыпқа сай «Көпір» тапсырмалары үйге беріледі. Балаларда көп уақыт болады да,олар ізденіп, материалдар жинақтайды, ізденіп оқиды, сұрақтарға жауап іздейді. Өздері ізденсе,білім жинақталады, мұғалім түсіндірсе, көбінің есінде қала бермейді.
Оқытушы осындай тапсырмаларды көбірек берсе, оқушылар көбірек ізденіп, талпынады, жауапкершілігі артады, пәнге деген қызығушылығы жоғарылайды. Сабақ барысында қолданылатын интербелсенді әдістерді түрлендіріліп отырсақ, оқушылардың сабаққа деген белсенділігі артады.
Тақырыпқа сай технологияның синтетикалық бөлімі 20-25 минутты қамтиды. Бұл кезеңде оқушы жаңа тақырыпты өз беттерімен меңгереді,түсініксіз мәселелер болғанда мұғаліммен бірге талдайды.
Аталған технологиямен оқыту кезінде сабақты мұғалім түсіндірмейді,тек ұйымдастырушы ғана болады. Оқушылар 10 минуттай өзіндік жұмыс жасайды.
Білім алушылармен жүргізілетін топтық жұмыстар барысында заманауи әдістер, зерттеушілік тәсілдер арқылы жаңа тақырыпты өз бетімен меңгеру іске асырылады. Зерттеушілік әдіс-тәсілдер Блум таксономиясының алты қадамы бойынша іске асады: білу,түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, баға беру. Аталған қадамдар бойынша меңгерілген білім оқушылардың есінде қалады, логикалық ойлау қабілеттері дамиды, алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйренеді [6-11]. Бұл аралық мақсаттардың реті ауыстырылып та қолданыла береді: 1. Білу, 2. Түсіну, 3. Талдау, 4. Жинақтау, 5. Қолдану, 6. Баға беру. Алдыменен алғашқы аталған төрт қадам бойынша тақырыптың теориялық бөлігі меңгертіледі. Мұғалім танымдық қызметін ұйымдастырып, қиындау тұстарында сұрақтар қою арқылы жетелеп отырады. Мысалы:
1. «Білу» мақсатына орай не, қайда, қашан және т.б. формуласын жазыңыз,құрылымын салыстырыңыз және тағы сол сияқты. 1) «Химиялық элемент» ұғымын алғаш енгізген ғалым кім?Жауабы: ағылшын ғалымы Р.Бойль. 2) Химиялық элемент таңбасын ұсынған ғалымды атаңыздар? Жауабы: швед ғалымы И.Берцелиус. 3) «Химиялық элементтердің периодтық жүйесі» атты кестені қай жылы қандай ғалым ұсынды? Жауабы: 1869 жылы орыс ғалымы Д.И.Менделеев.
2. «Түсіну» мақсатына жету үшін қойылатын сұрақтар: неге, неліктен, себебін түсіндір және т.с.с.
1) «Химиялық элемент» және «атом» ұғымдарын бірдей деуге бола ма?
Жауабыңызды түсіндіріңіз. Жауабы: Себебі, химиялық элемент - атомдардың белгілі бір түрі болып табылады. 2) Не себепті ядро заряды атомның негізгі сипаттамасы болып табылады? Жауабы: Себебі, ол атомдағы электрондар санын анықтайды. 3) Неге химиялық элемент пен жай зат –жеке-жеке ұғымдар болып табылады? Жауабы: Себебі, олар әр қайсысы әр түрлі қасиеттермен сипатталады. Осы сияқты сұрақтарға жауап алынып, талданады.
«Талдау» мақсатына жету үшін тапсырмалар салыстырылады, ұқсастығы мен айырмашылығын ашып көрсетеді.



Сурет 1. Венн диаграммасы арқылы химиялық элемент пен жай затты салыстырыңыз.
Тақырыптың басты идеясы неде?
а) Химиялық элемент пен жай заттың ұқсастығы: Ядро заряды бірдей
атомдар түрі.
б) Химиялық элемент пен жай заттың ерекшелігі: Химиялық элемент
және жай зат – әр түрлі қасиеттермен сипатталатын жеке-жеке ұғымдар.
«Жинақтау» мақсатын орындау үшін оқушыларға қорытынды шығару, анықтама беру, сөзжұмбақ шешу, кесте толтыру секілді тапсырмалар орындайды.
«Қолдану» кезінде теориялық білімді әрі қарай қолдана алуы тексеріледі.
«Баға беру» кезінде оқушы өзінің жинақтаған білім,біліктері негізінде қандай бір қойылған мәселеге, сұраққа өз ой-пікірін білдіруі тиіс. Ортаға тасталған проблема төңірегінде өз тұжырымын дәлелдеп,қорыта білуі керек.
Мысалы, «Сен қалай ойлайсың ?» деген сұрақтарға жауап бере алуы.
Сен қалай олайсың:
Адам ағзасы 30 % судан, 34% органикалық қосылыстардан және 6% бейорганикалық заттардан тұрады.Адам ағзасында оттегі – 65%, көміртегі – 18%, кальций – 1,6%, фосфор – 1%, калий – 0,35%, темір – 0,008% болса, өз денелеріндегі аталған элементердің массасын есептеңдер.

Кесте 3. Химиялық элементтер массасы.



m(адам)= 50 кг

Химиялық элемент

Масса,кг

Химиялық элемент

Масса,кг

Оттегі

32,5

Фосфор

0,5

Көміртегі

9,0

Калий

0,17

Кальций

0,8

Темір

0,004

Айтылған кезеңдерде тиімді ойын түрлерін таңдап, сабақ мазмұнына сай қолдануға болады .


Ойын түріндегі интербелсенді әдіс-тәсілдер
Мұғалім алдымен өзі меңгеріп сабақ барысында қолданады. Оқытудың «ҮӘЖ» технологиясы бойынша өтетін сабақтарды оның әр кезеңінде төменде берілген ойын түріндегі интерактивті әдістердің әр түрін қолдану арқылы түрлендіріп отырады:
«Дискуссия»
Жүргізуші дискуссия тақырыбын анықтайды, негізгі қатысушыларды шақырады, дискуссия өткізуінің шартын айтады.
Ойынды бастамас бұрын жүргізуші қатысушыларды «П» әрпі бойынша отырғызуы керек. Жүргізуші дискуссияны бастайды: біріншіден, ол негізгі қатысушы-ларды таныстырады; екіншіден, дискуссияның тақырыбын жариялайды. Ойынға негізгі қатысушылар баяндама жасайды. Оның ұзақтығы жиырма минуттан артық болмауы қажет. Аяқталған соң тыңдаушылармен сұрақтар қою арқылы талқыланады. Осы кезде сөйлеу ұзақтығы, дискуссия барысында бір-бірін мұқият тыңдап, жоғары мәдениеттілік сақталуы тиіс. Соңында жүргізуші қатысушылар пікірталасын қорытындылап, алғысын жеткізеді.
«Бір-бірін оқыту»
Бұл - оқытудың ұтымды әдістерінің бірі. Мұғалім оқушыларға тақырыпқа қатысты мәтін таратып береді. Оқушылар осы ақпаратты оқып,тұсінеді. Әрі қарай түсінгенін басқа оқушыларға айтып береді, осылай бір-бірін мұқият тыңдайды. Мұғалім әрбір оқушының қаншалықты түсініп, оны басқаларға жеткізе алу қабілетін қадағалайды. Қажет болса, толықтырып отырады.
«Миға шабуыл»
Белгілі бір тақырыпты талдау,талқылау үшін қолданылады. Айтылған тақырыпқа қатысты өзекті сұрақтар қойылып, оқушылар жауап береді. Ұшқыр ойлауға негізделген. Терең логикалық ойлайтын, дұрыс шешім қабылдай алатын білім алушыларды анықтауға мүмкіндік береді. Оқушыларды шапшаңдыққа, өз ой-пікірін еркін айтуға үйретеді.
«Робин раунды»
Класс оқушылары топқа бөлінеді. Топ мүшелері бірлесе отырып жауап береді. Бір-бірін мұқият тыңдауға,айтылмаған ойларды ортаға салуға баулиды. Барлық оқушылар қатысады. Әр оқушы кезектесе отырып,жауап береді.
«Кішігірім топтарда баспа материалдарымен жұмыс істеу»
Класс оқушылары 5-6 адамнан бірнеше топқа бөлінеді. Бөлудің әр алуан тәсілдері пайдаланылады. Жауап беру кезінде газет,журнал және басқа да көздерден мәліметтерді алуға болады. Сол мәтіндерге лайк қойып, комментарий-өз ұсыныстарын берулеріне болады. Әрбір топ өз басшыларын таңдайды. Басқа топ мүшелері де сұрақ қоя алады. Соңында қорытынды жасалып,талқыланады.
«Ой генерациясы» («не?», «қайда?», «қашан?»)
Оқытушы өтілетін тақырыптар бойынша мәселелік сұрақтарды дайындайды. Класс оқушылары шағын топтар,а бөлінеді.Әр топ үш сұрақтан алады: оның біреуі – мәселелік, екеуі тақырып негізін қалайтын сұрақтар болады.Топ басшысы әр қатысушының үлесін бағалап отырады. Әрбір топ ойыншысы басқа топтың сұрақтарына да белсенділік танытып,жауап берулеріне болады. Жауап беруге, дайындалуға уақыт беріледі. Тайм менеджмент сақталады.
«Танымпаз оқушы»
Оқушыларға химияға қатысты мәтін таратылып беріледі, оқып болған соң мәтінге сұрақтар құрастырады. Кім көп әрі мазмұнды сұрақтар құрастырса, сол жеңімпаз болады (10 минут уақыт беріледі).Сұрақтар тыңдарман оқушыларға қойылады, жауаптары тыңдалып,қорытындыланады. Соңында көп жауап берген оқушы жеңімпаз атанады.
«Даналық ағашы»
Білім алушылар мәтінді мәнерлеп зейін қойып оқиды. Әрбір оқушы тыңдап болған соң күрделі сұрақ құрастырып, сандықшаға әкеліп салады.
Әр оқушы сандықтан бір сұрақтан алып, толық жауап беруге тырысады, қалғандары оны тыңдап, қажет болса, толықтырады. Сұрақтар мен жауаптардытыңдап,талқылайды,бағасын береді.
«Көңілді тапқыштар клубы (КТК)» - мәтінмен жұмыс істеу әдісі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет