Шемонаиха қаласының Әкімі м. Е. Желдібаевтың 2015 жылғы есебінің тезисі



жүктеу 51.45 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі51.45 Kb.
ШЕМОНАИХА ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ М.Е.ЖЕЛДІБАЕВТЫҢ

2015 ЖЫЛҒЫ ЕСЕБІНІҢ ТЕЗИСІ

Шемонаиха қаласы – ауданның орталығы болып табылады, тұрғын халықтар саны 18,1 мың адам, олардың -10166 экономикалық белсенді адамдар. Орташа еңбекақы – 73,2 мың теңге. Округ аумағы – 6786 га, соның ішінде қоныстандырылған аймақ – 1033 га, ауылшаруашылыққа пайдаланатын жер – 1731 га.



Ауыл шаруашылығы.

Қаланың аграрлық секторында үш щаруашылық қожалығы, 8 бау-бақша серіктестігі және 4820жекеменшік үйлер бар. 01.01.2016 жылғы қала жағдайы бойынша мал басы - ІҚМ – 578 соның ішінде 260 сиыр, КҚМ (қойлар, ешкілер) – 1044, жылқылар – 122 бас, шошқалар - 348 бас, құстар саны- 6180. 2080 цент. ет, 10730 ц. – сүт, 890 мың дана жұмыртқа өндірілді. Орташа сауым сүт, жылына бір сиырға – 3710 кг. Жұмыртқалайтын бір тауықтың орташа жылдық жұмыртқа саны – 170.



Өнеркәсіп және кәсіпкерлік.

Шемонаиха қаласында 11 өнеркәсіптік кәсіпорын қызмет етеді, оның ішінде 3 ірі, ЖШС – 36, кооперативтер – 4. Тіркелген жеке кәсіпкертлер саны 1,4 мың адамды құрайды. Шағын кәсіпкерлікпен айналысатындар саны 2,4 мың адамнан астам.



Жолдар.

Автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 120 шақырымды құрайды (140 көшелер мен тұйық көшелер), соның ішінде 45 шақырымы қара-қиыршық таспен жабылған, 30 шақырымы тротуарлар, темір жолдар 20 шақырым, үш автомобиль көпірлері – Уба өз., Березовка өз., Шемонаиха өз., 7 жаяу жүргіншілер көпірі. 2015 жылы жолдардың жұмыс істеуін қамтамасыз етуге 72 556 мың теңге ұсталды.



Электрмен жабдықтау

«ШҚ АЭК» АҚ-мен жүзеге асырылады. 100 ТП бар, олардың 13-і ірі аралық станциялар, 12 КТП және 1 қала аралық станция жөнделді. Шемонаиха қаласы көшелерін жарықтандырумен 70 шақырым қамтылған, онда 1000 аса жарық көздері пайдалануда. 2015 жылы қала көшелерін жарықтандыруды қамтамасыз етуге 12 317,0 мың теңге бөлінген, соның ішінде қолданылған электр қуаты 2 979,0 мың теңгені құрайды, көшелерді жарықтандыруға – 4 344 мың теңге, көшелер жарықтарын қалпына келтіруге 4 994 мың теңге ұсталды.



Сумен жабдықтау және кәріздер.

Шемонаиха қаласында сумен жабдықтаумен тұрғындар 100 % қамтылған. Орталықтандырылған сумен жабдықтаумен 92,18 % қамтамасыз етілген, жергілікті көздерден қала тұрғындарының 7,82 % қамтылған. Шемонаиха қаласын сумен жабдықтауда келесі ұйымдар айналысады: «Маракана» ЖШС, «Востокэгерго» ЖШС және «Шемонаихинский водоканал» КМК. Сумен қамту жүйелерінің ұзындығы 75,3 км құрайды.01.01.2016 жыл жағдайы бойынша тұрғындар үшін су тарифы 1 куб/м 22,19-дан 82,0 теңгеге дейін құрайды. Кәріз қызметін келсі кәспорындар көрсетеді: «Востокэнерго» ЖШС қаланың орталық бөлігіне, «Маракана» ЖШС қаланың ықшам аудандарына, ЖК «А.К. Каимов» теміржолшылар ықшам ауданына. Желілердің жалпы ұзындығы 12,6 км. Тұрғындарға тариф 5,0 –ден 45,24 теңгені қүрайды. Канализация қызыметімен қамтылған үй-пәтер қорының үлесі 45,2%.



Жылумен жабдықтау.

Қаланың орталық бөлігін және ықшам ауданды жылтытумен қамтамасыз етуді қаладан 6 шақырымдағы МХК «Корпорация Казахмыс» ЖШС жүзеге асырады. Қала бойынша жылумен қамту құбыр жолының ұзындығы 26,6 км құрайды. Орталық жылыту қызыметімен қамтылған үй-пәтер қорының үлесі 40,11 %.

2015 жылы Елді мекенді абаттандыру және көгалдандыру бағдарламасы бойынша сомасы 2788,8 мың теңге қаражат игерілген. Шемонаиха қаласының тазалығын қамтамасыз етуге 8 630 мың теңге ұсталынған.

Әлеуметтік инфроқұрылым: қала аумағында 4 мектеп, 2 колледжорналасқан. Қала мектептеріндегі оқушылар саны – 2769, ҰБТ орта балы 79,3.

Ыстық тамақтандырумен 2269 бала, тегін тамақтандырумен - 154 бала қамтылған. Қала мектептерінде 3 шағын-орталықтар қызмет етеді, онда жалпы саны 154 бала қамтылған. Мектепке дейінгі білім беру екі балабақшамен ұсынылады: «Ақбота» балабақшасы ҚМКК және «Аленушка» балабақшасы» ҚМКК, жалпы саны 670 баланы қамтиды.



Денсаулық сақтау: орталық аурухана – 1, дәрігерлік амбулатория – 2, басқадай – 6. Қала тұрғындарына 9 медициналық мекемеде дәрігерлік көмекті 68 дәрігер, 194 орта медицина қызметкерлері көрсетеді.

Мәдени мекемелер: 1 мәдениет Үйі, 1 достық Үйі, 4 кітапхана.

Спорттық ғимараттар: барлығы 9, соның ішінде 7 спортзалдары, 1 спорт кешені, 1 стадион.



Әлеуметтік қорғау: 2015 жылы жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларымен 357 адам қамтылды, с.і. - 148 адам жұмысқа орналастырылды, 98 адам қоғамдық жұмысқа жіберілді, 13 адам әлеуметтік дайындықты өтті, 12 адам жастар тәжірибесін өтті. Жыл басынан 130 жаңа жұмыс орны құрылды. Жұмыспен қамту 2020 Бағдарламасының екінші бағыты бойынша «Көмек беру және ауылда кәсіпкерлікті дамыту» 34 адам жалпы сомасы 93 млн. 700 мың теңге микрокредит алды.

«Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы аясында (үшінші бағыт «Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту арқылы жұмыспен қамтуға және қоныс аударуға жәрдемдесу» әлеуметтік жұмыс орындарына 27 адам, жастар практикасына – 33 адамжіберілді. Есеп беру кезеңіне 25 жаңа жұмыс орны құрылды.

Мүгедектерге, егде адамдарға және мүмкіншілігі шектеулі балаларға әлеуметтік көмек көрсету бойынша бөлімше 300 жалғызбасты адамдарға (с.і. 7 мүгедек) және 35 мүмкіншілігі шектеулі балаларға қызмет көрсетеді.

Үй-пәтер құрылысын дамыту туралы.

Шемонаиха қаласының тұрғын үй қорында 4429 жеке сектор аулалары және 105 көп пәтерлі тұрғын үйлер бар, қала бойынша пәтер алуға кезекте 489 адам тұр.



Құқық бұзушылықты алдын алу.

2015 жылдыңесеп беру кезеңіне қала бойынша 435 қылмыс жасалды. Жүргізілген жедел- алдын алу шаралар, рейдтер және қоғамдық тәртіпті және ішікі қауіпсіздікті сақтауда құрама жұмыстарды өткізу қалада қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етті. Қоғамдық тәртіпті бұзған 2206 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, жол қозғалысы ережелелерін бұзуда 1700 адам жауапқа тартылды.



Азаматтар өтініштерін қарау, олармен жұмыс.

2015 жылы Шемонаиха қаласының әкім аппаратына 711 өтініш жеке тұлғалардан және 47 өтініш заңды тұлғалардан түсті. Барлық өтініштер заңмен белгіленген мезгілде қаралды, өз құзырлығы шегіне сәйкес шаралар қабылданды.

Өткізілген есеп беру кездесулер және азаматтар жиындарының талдауы әлеуметтік сферада, коммуналдық қызмет көрсетуді қамтамсыз ету бойынша, тазалық және абаттандыру жағдайы, көше жолдарын жөндеу туралы, апатты ағаштарды кесу жөнінде қойылған сұрақтарды шешу көрсетілген. Сонымен, өткен жылы 3 есеп беру кездесулері (203 адам қатысқан) және 4 жиын өткізілді, жалпы қатысушылар саны 752 адам. 17 сұрақ қойылды, оның 14-не кездесу кезінде түсіндірме жауап берілді. Урицкий көшесі бойынша апатты және ескірген ағаштарды кесу мәселесі төтенше жағдайлар бағдарламасы аясында шешілді (8 терек ағашы кесілді).

Ақшадай қаражаттың болмауына байланысты 2 сұрақ үнемі қала әкімінің жұмыс бақылауында болады (Транспортный көшесі жолын тегістеу, қиыршық тас салу, Урицкий көшесінедегі балалар алаңын абаттандыру).



Қаржылы-бюджеттік сала.

«ШҚО Шемонаиха қаласы әкімінің аппараты» ММ-не 2015 жылы 25596,4 мың теңге бөлінді, бюджет қаражаттарын игеру 99,9 % құрайды.

Салықтар: есептелген жер және мүлік салықтарының сомасы 3 689 299 теңге, салық толық көлемде жиналды.

Қайырымдылық және демеушілік көмек.

Шемонаиха қаласы бойынша «Туған жерге тағзым» және бизнес –серіктестік акциясы аясында жалпы сомасы 9,8 млн. теңгеден аса шаралар орындалды. «Қамқорлық» айлығы жөнінде әртүрлі көмектер бойынша 425 адам қамтылды, жалпы сомасы 326 мың теңге. 2015 жылы Шемонаиха қаласында қайрымдылық аясында мұқтаж адамдарға сомасы 1 млн. 200 мың теңгеге көмек көрсетілді.



Шемонаиха қаласында «Құрбан Айт» мерекесін мерекелеу кезінде сомасы 1 млн. 175 мың теңге қайрымдылық көмек көрсетілді, қамтылған адамдар саны 1350 адам. Осы бағытта жұмыс жалғастырылуда.

2016 жылға Шемонаиха қаласының келешекте дамуы: 2015 жылдың қортындысы бойынша оң үдіріс- қысқа мерзімді және стратегиялық тапсырмаларды шешу бойынша алдағы жұмыстар негізі. 2013-2020 жылдарға Шемонаиха қаласының даму бағдарламасының шаралар кешенінде оларды жүзеге асыру көрсетілген, аймақтың тұрақты және динамикалық экономикасының дамуына және қала тұрғындарының тұрмысының жақсаруына бағытталған.

Шемонаиха қаласының әкімі М.Желдібаев 


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет