Шермахан Баян Саматқызы «ТҰздар гидролизі» тақырыбын дамыта оқыту әдістемесі 6В01540- химия білім беру бағдарламасы



бет17/20
Дата28.03.2023
өлшемі268.11 Kb.
#471278
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
18 мартта Баян 23жылы

Тапсырма. Төмендегі берілген химиялық реакциялаға қандай баға берер едің? Салыстыру арқылы гидролиздену реакциясына баға бер.
Бірінші мысал:
NaCI + НОН ↔ NaОН + НCI;
Na+ + CI- + НОН ↔ Na+ + CI-;
НОН ↔ Н++ ОН-
Екінші мысал:
Na2CO3 + НОН = Na НCO3+ KOH
2K++ CO32-+ НОН ↔ Na ++ НCO3 - + Na ++ ОН-
CO32- + НОН ↔ НCO3- + ОН-
ерітіндісінде тек гидроксид (OH-) иондарының концентрациясы жинақталған.
Үшінші мысал:
ZnCI2Zn2+ + 2CI-
НОН ↔ Н+ + ОН-
Zn2+ + НОН ↔ (Zn ОН)+ + H+
ZnCI2 + 2НОН = Zn (OH)2+ 2HCI
теңдеуде әлсіз негіз бен күшті қышқылдан түзілген тұздың судағы ерітіндісінде тек сутек (H+) иондарының концентрациясы жинақталған.
Төртінші мысал:
Al2S3 + 6H2O = 2Al(OH)3↓ + 3H2S↑
төртінші мысалда суда ерімейтін негіз бен ұшқыш қышқыл түзілгендіктен гидролиздену реакциясы соңына дейін жүреді.
Сен қалай ойлайсың?
1.Егер, ерітіндіде гидроксид иондарының (ОН-) концентрациясы сутек (H+) иондарының концентрациясымен тең болса? Ас тұзын суда еріткенде:
NaCl + HOH ↔ Na+ + OH- + H+ + Cl- тұз ерітіндісі сенің ойыңша қандай орта көрсетеді? Жауап: орта бейтарап.
2.Егер, ертіндіде сутек (H+) иондарының концентрациясы артық болса? Аммоний хлоридін суда еріту барысында:
NH4+ + Cl- + HOH ↔ NH4OH + Cl- + H+ тұз ерітіндісі сенің ойыңша қандай орта көрсетеді? Жауап орта қышқылдық .
3.Егер, ертіндіде гидроксил (OH-) иондарының концентрациясы артық болса? Натрий карбонатын суда Na2CO3 еріту барысында:
2Na+ + CO32- + HOH ↔ HCO3- + 2Na+ + OH- тұз ерітіндісі сенің ойыңша қандай орта көрсетеді? Жауап: орта сілтілік.
4.Егер, әлсіз негіз бен әлсіз қышқылдан түзілген тұзды суда еріткенде:
(NH4)2S ↔ 2NH4+ + S2-
NH4+ + НОН↔ NH4ОН + Н+
S2- + НОН↔ НS- + ОН-
сенің ойыңша қандай тұз ерітіндісі қандай орта көрсетеді? Жауап: тұз толық гидролизденеді.
Сен бұдан қандай қорытынды шығарар едің?
1) Күшті негіз бен күшті қышқылдан түзілген тұз сумен әрекеттеспейді (гидролизге ұшырамайды). Орта бейтарап қалпын сақтайды. рН = 7. (H+) = С(OH-).
2) Күшті негіз бен әлсіз қышқылдан түзілген тұз анионы сутек (H+) катионымен байланысатындықтан, ерітіндіге (OH-) иондары жиналып, сілтілік ортакөрсетеді. pH>7 (H+) > С(OH-).
3) Әлсіз негіз бен әлсіз қышқылдан түзілген тұз құрамындағы иондар H+және OH-иондарымен байланысатындықтан, гидролиздену реакциясы соңына дейін жүріп, тұз ерітіндіде толық гидролизденеді.
Сен келтірілген мысалдарды қалай бағалар едің?
Тұздың табиғатына қарай реакция ортасы әлсіз қышқылдық немесе әлсіз негіздік болады. Реакция ортасын анықтауға сутектік көрсеткіш – (рН) қолданылады. рН = - lg[H+].
.
Сутектік көрсеткіш түсінігін 1909 жылы дат химигіСеренсен енгізді.
Сутектік көрсеткіштің рН – тың маңызы: Әралуан құбылыстар мен процестердіе табиғатта және техникада рН ролі өте ерекше. Әртүрлі қышқылдықта болатын ерітінділердегі сутек иондарының концентрациясы көп реттілікте өзгере алады. Ертіндінінің қышқылдығын немесе сітілігін теріс мәнді дәреже көрсеткіші бар сандармен жазу,жұмыс кезінде қиындық туғызады, сондықтан Серенсен (1909ж) теріс таңбамен алынған сутегі ионы концентрациясының ондық логарифмін сутектік көрсеткіш pHарқылы белгілеуді ұсынды:
Сутек иондары концентрациясының теріс таңбамен алынған ондық логарифмін сутекті көрсеткіш деп атайды.
рН= -lg |H+|
Осы теңдеуге сутегі иондарының концентрациясының сандық мәнін қойып, бейтарап ортада:
Н+ | =|ОН-| =10-7 pH=-lg|Н+ |= -lg |10-7|=7
pH = 7
4-ші сызбада Сутектік көрсеткіш рН туралы кейбір мәліметтер берілген

Сызба 4.Сутектік көрсеткіш рН


Бөлме температурасында бейтарап ортада сутектік көрсеткіш 7-тең. Демек, оның сутегі катионына байланысты қышқылдық қаситі мен ОН- анионының болуына байланысты сілтілік қасиеті бірдей.


Сутек көрсеткіш арқылы ертіндінің ортасын былай белгілейді:
Нейтрал (бейтарап) ортада рН=7;Қышқылдық ортада рН<7;
Негіздік ортада рН >7
Теріс таңбамен алынған гидроксил ионы концентрациясының ондық логорифмін гидроксил көрсеткіші деп аталады:
рОН= -lg |OH-|
pH және pOH қосындысы 14-ке тең болады.
pH+pOH=14: бұдан pOH=14-pH;
Химиялық практикада көбіне лакмус қолданылады. Лакмустың ертіндісі қышқылдық ортада қызыл түске, ал сілтілік ортада көк түске боялады. Химиялық және биохимиялық процестердегі рН шамасының маңызы үлкен, себебі ортаның сипатына байланысты процестер әртүрлі жылдамдықпен және көп бағытта жүруі мүмкін.Сондықтан, ерітінділердің рН мәнін анықтау медицинада, ғылымда, техникада, ауыл шаруашалағанда, косметологияда аса маңызды.
Тұздар гидролизі – заттар гидролизінің маңызды бөлігі. Негізінде гидролиз дегеніміз- ол әртүрлі заттардың сумен алмасатын ыдырау реакция деп түсінуге болады. Бұндай анықтама органикалық қосылыстардың гидролизін және бейорганикалық қосылыстардың гидролизін қамтамасыз етеді[57-60].




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет