Шермахан Баян Саматқызы «ТҰздар гидролизі» тақырыбын дамыта оқыту әдістемесі 6В01540- химия білім беру бағдарламасы


Химияны оқытуда қолданылатын технологияларды анықтау



бет6/20
Дата28.03.2023
өлшемі268.11 Kb.
#471278
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
18 мартта Баян 23жылы

1.2.1 Химияны оқытуда қолданылатын технологияларды анықтау

Интерактивті оқыту әдістері. Қазіргі уақытта негізгі әдістемелік инновацияны қолдану интерактивті оқыту әдістеріне байланысты. Интерактивті («Inter» - бұл өзара, «act» - әрекеттесу) дегеніміз біреулермен диалогқа түсу немесе әңгімелесу режимінде болу, өзара әрекеттесу болып табылады .


Химия пәнін оқыту үдерісінде интерактивті оқытуды енгізу оқушылар мен студентер арасында химия ғылымын кеңінен танылуын, адам өмірінің әртүрлі салалары мен оны қоршаған орта үшін маңыздылығын көрсететін арнаулы формасы және бағыты болып табылады
Қазіргі кезде республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік оқу кеңістігіне өтуге дайындалуда. Интерактивті оқыту әдісі нақты және болжамды мынадай мақсаттарды ескереді: оқушылардың интеллектуальды қабілеттерін және өзіндік ойлауды дамыту және оқу материалын берік сіңіруде жылдамдыққа жету, ақыл мен ойды қолданып зерттелетін құбылыстарға тереңдеу, шығармашылық әлеуетті немесе болатын мәселелерді «көре білуді» арттыру, икемділік, диалектілік, шығармашылық идеяларды генерациялау, өзіндік іздеу әрекетіне қабілеттілік, біліктілік пен машықтықтың тиімділігін көрсетеді .
Іскерлік ойынды қолдану кезінде негізгі құзырлықты алу оқушы белсенділігіне тәуелді және оқушы әрекет нысанынан өзара әрекет субъектісіне айналады, өмірлік жағдайларды модельдеу қарастырылады, оқу үдерісі кезінде белсенді қатысып өзінің жеке маршрутымен жүруіне мүмкіндігі болады. Бірігіп әрекеттесу дегеніміз, әркім өзінің ерекше салымын енгізеді, жұмыс барысында біліммен, идеялармен және әрекет тәсілдерімен алмасу жүреді, мәселелер бірігіп шешіледі [13].
Оқу үдерісіне оқытудың интетактивті әдістерін енгізу мынадай дидактикалық тәрбиелік талаптарды шешуге мүмкіндік береді: - оқу материалдарын тиімді сіңіру; - оқушылардың өзара іс қимылдары, командалық принциппен жұмыс істеу, кез келген пікірге шыдамдылық; әркімнің еркін пікірін силау, қадір қасиетті силау; - оқушылардың шешім нұсқаларын өзіндік іздеуі, пәнге деген қызығушылығы, өз пікірлері мен қатынастарының қалыптасуы т.б.
Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» деген түсінік береді. Бұл жолдағы ең оңай тәсіл балалардың жеке басының тәжірибесіндегі дәлелдерге мән беруге ынталандыру
Проблемалық оқыту.
Проблемалы оқыту кезінде оқушыларға танымдық міндеттер қоя отырып олардың ойлау қабілеттіер, іс-әрекеттерін белсендіруге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет