Шет тілі сабағында ақпараттық технологияларды пайдалану жолдары



бет7/7
Дата14.06.2016
өлшемі494.5 Kb.
#134250
1   2   3   4   5   6   7

Қорытынды
«Қазақстан – 2030» атты еліміздің стратегиялық бағдарламасында ең негізгілерінің бірі жоғарғы интелектуалды жастарды жан жақтылыққа тәрбиелеу, олардың потенциалдық деңгейінің көтерілуіне үлес қосу. Сондықтан, ұстаз мұғалімдер қауымының алдына өте үлкен міндет жүктелді. Елдің болашағы қазіргі жас жеткіншектердің қолында екенін сезінетін ұстаздар жаңа әдіс тәсілдерді қолдануда. Осыған байланысты сабақ барысында оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен белсенділігін арттырудың маңызы зор.Оқушылардың белсенділігі мен танымдық іс әрекеттері арқылы шығармашылығын дамыту, қажетті жағдайда айрықша шешім қабылдай алатын жеке тұлғаны тәрбиелеу, оқытуды ізгелендіру қазіргі мектептердің алдында тұрған міндеттердің бірі.

Жаңа педагогикалық технология баланың жетілген тұлға ретінде дамуы үшін маңызы зор. Ал осы жаңа технология таратушы, үйретуші, өзінің шығармашылық еңбегінде жүйелі қолданушы, насихаттаушы ол мұғалім. Жаңаша ойлай білсең ғана ұстазсың.Сол себептенде жаңа технологияны енгізуші таратушы тұлғаға үлкен талаптар қойылып отыр.

Ұстаздардың алдына қойылған міндет оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіру.Әрбір педагогикалық технология жеке тұлғаның өзін өзі дамытуға, оның өзіндік шығармашылық қабілеттерін арттыруға қажетті іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыруға қолайлы жағдай жасауға қажетті обьективтік әдістемелік мүмкіндіктерді қамтиды.

Қоғам талабына сай шетел тілдерін оқытуда қойылып жүрген ортақ міндет тілді коммуникативті бағытта оқыту.Ондағы мақсат оқушыларды қарапайым болса да өз ойларын еркін жеткізумен ғана шектелмей, өз ара тіл табысып, пікір алысуға үйрету, себебі жалпыға білім беретін орта мектепте берілетін бүкіл білімнің негізгі мақсаты оқушының шетел тілінде сөйлеу қабілетін жетілдіру.

Ғылыми әдістеменің обьективті түрде дамуы шет тілін оқыту әдістемелерінің жаңа тиімді түрлерін қарастырып, табуына әкеліп соқтырды. Бұл салада еңбектенген ғалым педагогтардың ішінде Е.И.Пассовтың шет тілін үйретудегі коммуникативтік оқыту әдістемесін, интернет мүмкіндіктерін қолдану әдістерін жоғарыда ұсындық.

Интернет ағылшын тілін үйренушілерге аутентті мәтіндерді қолдануға, тіл тасушыларын тыңдап, олармен қарым қатынас жасауға қайталанбас мүмкіндіктер береді, яғни ол табиғи тілдік органы қалыптастырады.

Шетел тілін меңгеру оқушылардың өмір қажеттілігінен туындап отыр.

Менің ойымша, шетел тілі сабақтарында жоғарыда көрсетілген әдіс тәсілдерді , компьютерді қолдану оқушылардың шетел тілі сабақтарында шығармашылық, актерлік, логикалық ойлау қабілеттерімен қоса белсенділігін жетілдіріп, қызығушылығын арттырады. Сондықтан сабақты бір сарынды өткізбей, түрлендіріп, тартымды өткізу, оқулықпен шектеліп қоймай, қосымша материалды да пайланану әр ұстаздың шеберлігіне байланысты болмақ. Оқытудың өзі өнер және ғылым болып табылатындықтан мұғалім өзінің кәсіби іс әрекетінің аясында біліктілік деңгейін үзбей шыңдап, ғылыми әдістемелік деңгейін көтеріп, шетел тілінен өткізетін сабақтарында жаңа педагогикалық технологияларды, қазіргі заманда өміршеңдігі дәлелденген әдіс тәсілдерді қолданса ғана XXI ғасырға сай білімді және дарынды азаматтарды тәрбиелей алады.

Мен өзімнің жұмысымда барлық қойылған міндеттер мен мақсатқа жеттім деп ойлаймын.Себебі бұл тақырып кең таралып, жатқандықтан алға қойған талаптар орындалды.

Қорыта айтқанда, қай пәнді оқытуда болмасын оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін жетілдіре отыра оқыту олардың сабаққа деген қызығушылығын оятып, ойлай қабілетін, ынта жігерін арттыра түседі. Өз ана тілін қадір тұтып, шетел тілі мен екінші тілді еркін меңгерген, ертеңгі ел тұтқасын ұстайтын, тәуелсіз мемлекеттің ойшыл ұрпағын тәрбиелеу еліміздің білікті ұстаздарының қарызы мен парызы деп есептейміз.

Музыка тыңдап, ән айтқызу, музыка ырғағына сай әр түрлі қимылдар жасату, музыканың адамның сезіміне әсер етіп қандай ой туғызуына байланысты шығарма жазып келу, оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің дамуына үлкен әсер етеді.

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін шетел тілі сабақтарын арттыру мақсатында жүргізілген мұндай жұмыстар олардың тек қана ойлау дағдыларын қалыптастырып қана қоймай, шетел тіліндегі сөздерді есте сақтауға, образдық кейіпке бойлау мен өз ойын әсерлі жеткізу дағдыларын бекітуге үлкен көмегін тигізеді. Жоғарыда айтылған тәсілдерді пайдаланудың тиімділігі тәжірибе жүзінде дәлелденіп отыр.Оқушылардың шетел тілі пәніне деген қызығушылығын артуы, шетел тілінде сөздерді есте сақтауға, образдық кейіпке бойлау мен өз ойын әсерлі жеткізу дағдыларын бекітуге үлкен көмегін тигізеді.Жоғарыда айтылған тәсілдерді пайдаланудың тиімділігі тәжірибе жүзінде дәлелденіп отыр. Оқушылардың шетел тілі пәніне деген қызығушылығын артуы, шетел тілінде ауыз екі тілдесу іс әрекетінің белсенділігінің артуы және лексико грамматикалық материалды меңгеру нәтижелері бұған айқын дәлел болып табылады.



Ағылшын тілін мектептерде жүйелі оқыту үрдісі мен құрылымын қалыптастыру оқушылардың білім сапасын жақсартатыны нақтыланып көрсетілді. Жалпы білім беретін мектептерде жаңа ақпараттық инновациялық коммуникативтік технологиялар арқылы оқытудың мазмұнын айқындауға ұсынылатын негізгі дидактикалық қағидалардың жүйеленуі, тілдік білім беруде жаңа технологияларды қолданудың мәнін ашып көрсетеді және оқу материалдарын, оқыту түрлерін дұрыс таңдауға жол ашады. Жұмыстың мақсаты-жалпы білім беретін мектептерде ағылшын тілі пәнін оқыту барысында ақпараттық иновациялық, коммуникативтік технологияларды пайдалана отырып, ағылшын тілінде сөйлей алатын, тыңдап түсінетін, жазатын тұлғаны қалыптастыруға қажетті дағды мен білікті оқушының бойына сіңіру, соған тәрбиелеу. Ол үшін ағылшын тілін оқытудың әдіс-тәсілдерін, сабақ жүйесін әзірлеу мен қолданудың технологиялық болмысын жүйелеу. Оқушылардың бойында ағылшын тілінде қарым-қатынас барысында тілді пайдалана алуы мен ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру, ағылшын тілін меңгертіп сөйлеуіне жағдай тудыру. Бұл орайда ағылшын тілін оқытудың озық технологияларын меңгерту үлкен істің бастамасы. Жұмыстың нақты міндеттерінің қатарындағы әдістемелік әдебиеттерді пайдаланып, ауызекі сөйлеуді қалыптастыруға байланысты талдаулар жүргізілді. Оқушылардың ағылшын тілі сабағында ауызекі сөйлеу дағдыларын жаңа технологиялар негізінде меңгерту барысында қалыптастырудың технологиялық ерекшеліктері анықталды. Оқушы тілін дамыту әдістемесінің ұтымдылығы эксперимент нәтижелеріне сүйеніп дәлелденді.

Эксперименттің нәтижесіне сүйенсек түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып

оқушылардың грамматикалық, фонетикалық, лексикалық білім деңгейлерін көтеру. Экперимент барысында түрлі әдіс-тәсілдер пайдаланылды:сын тұрғысынан ойлау, ойын түрлері, жоба әдісі, компьютер, интернет, диалог, интерактивті тақта қолданылды. Аталған технологиялар арқылы өтетін оқу үрдісі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, шығармашылық қабілетін дамытып, қалыптасуларына жол ашады. Сабақтың тартымды өтуі, ұтымды тәсілдерді қолдана білу бүгінгі мұғалімнен ізденісті талап етеді. Бұл дегеніміз - бүгінгі білім кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару мұғалімнің қажымас ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңарған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасауы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.

Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттар ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту біздің алдымыздағы басты міндетіміз. Қорыта айтқанда, әр технологияны қолдану арқылы белгілі бір жетістікке жете аламыз. Болашақ ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында білім беру жүйесін ізгілендіру, инновациялық үрдісте тиімді қолдану қазіргі заман талабы. Жасалып отырған зерттеудің практикалық құндылығы туралы айтар болсақ, жұмыста алынған нәтижелерді жалпы білім беретін мектептерде ағылшын тілі сабағында, факультатив сабақтарда қолдана алады.
Міне осындай әдіс тәсілдерді шетел тілі сабақтарында қолдану арқылы оқушылардың тек қана шығармашылық қабілеттері емес, ауызекі және жазба тіліндегі білігі мен дағдылары жетіледі. Ұстаз әр оқушының қандай қабілеті бар екендігін байқап, оқушылардың мүмкіндіктерін, жас және дербес ерекшеліктерін ескеріп, қызығушылықтарын арттыра түседі.

Қосымша:


Кесте – 1


Нағыз педагог – профессонал кең білімді, мәдениетті, ізгілікті және

зиялы адал, жас ұрпақты дамыту, оқыту мен тәрбиелеудегі инновациялық бағытта жұмыс жасайтын, өзіндік мәні қалыптасқан обьективті қабылдау мүмкіндігі бар тұлға.


кәсібилігі жеке қасиеттері компоненттілігі нәтижесі

инновациялық

жаңа


бағыттағы іс - әрекетке дайын;

баламен мәдениетті қарым - қатынас жасай білетін;

өз жұмысына обьективті талдау жасай алатын болжам нақты жоспар, диагностика, мониторинг жасай білетін; өзіндік мұғалімдік қызметін атқару стилі бар; зерттеу жұмыстарын жүргізе алатын;


әр іске

белсенді дүниетанымы кең; адамгершілігі мол;

баланы жеке тұлға ретінде тани білетін;

өз тілін қадірлейтін; еңбек сүйгіш;



Педагогикалық

Психологиялық білімі терең; жаңалыққа құштар;

әр түрлі

дәрежеде сабақ

бере алатын; технологиялық білім мен дағдыны меңгерген;

әр түрлі педагогикалық жағдаятты шеше алатын;



өзі

жоспарлаған

іске жете

алатын;


оқушылардың

интеллектілік дағдысын

дамыта

алатын;


дарабоз жеке

тұлға қалыптастыратын;



К
Жаңалықтың өмір сүру сатыларын
есте – 2
Кесте – 3







Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Азимов Э.Г., Вильшинецкая Е.Н « Материялы Интернета на уроке английского языка ». Иностранные языки в школе -2001.,№1,стр.96.

2. Алхазишвили А.А., «Основы овладения устной иностранной речью».

Аудиовизуальные материалы по иностранным языкам – важное средство интеллектуального развития учащихся. «Методика преподавания иностранных языков в вузе», 1993.

3. Әбиев Ж, Құдиярова, Бабаев Педагогика «Нұрлы әлем»

4. Бородулина М.К. «Шетел тілін үйрену» - М, «Просвещение», 1975.

5. Бегалиев Т. Педагогика – Тараз: ТарМУ, 1999

6. Бұзаубақова К.Ж. Жаңа педагогикалық технологиялар. – Тараз: ТарМУ, 2003

7. Зимняя И.А., « Психология обучения иностранным языкам в школе».

Қ.Р-ның білім туралы заңы. Оны жүзеге асыру жөніндегі негізгі құжаттар, - Астана 2000.

8. Көшкімбетова С.А., Т.К.Кенжебаев Мектептің оқу тәрбие үрдісіне инновациялық технологияларды ендіру жолдары. Тараз университеті, 2004.

9. Карпова А.С «Интернет в подготовке будущих учителей иностранного языка». Иностранные языки в школе.-2002. №4, стр.73.

10. Кузьмичева Т.Н. «Технические средства в обучений английскому языку». - М. «Просвещение», 2001.

11. Пассов Е.И., «Коммуникативный метод обучения иноязычному говорению»-М.:Просвещение, 1985.

12. Полат, Е.С. «Интернет на уроках иностранного языка». «Иностранные языки в школе», 2001.,№3,стр.5.

13. Howatt A.P.R. Programmed learning and the language teacher.-London, 1999.

Using the language laboratory. Ed. By John D. Turner. University of London Press, LTD, 1988.

14. Качалова К.Н., Израилевич Е.Е. « Практическая грамматика английского языка» Москва, « Лист Нью» 2003г. Стр.444, 485

15. Колыхалова, Ольга Алексеевна, Махмурян, Каринэ Степанова. Учитесь говорить по-английский, фонетический практикум.-М.: ВЛАДОС, 2004-стр. 158-175.

16. Қазақ грамматикасы, Алматы «Жазушы», 1990 ж. 681-717 беттер.

17. Movie Talk. Английский, интерактивный видеокурс: для Windows и Macintosh / Euro Talk Interacnive.-М.2004.- электрон. Диск (CD-ROM). \

Методическая разработка по английскому языку для развития навыков чтения литературы по специальности, КазНУ им.аль-Фараби; Н.Л.Ломаченко, А.Я. Толмачев, В.Х. Шуканова.-Алматы : Қазақ университеті, 2004.-стр.37.

18. Нұрланбекова Е. «Шетел тілін оқытуда бейнефильмдерді қолдану», Шетел тілін оқыту методикасы, №2, 2005ж. 17-18 беттер.

Петрова, Светлана Владимировна, Рудавин, Олег Николаевич. Английский язык , сборник тем.-2005, стр.18.

19. Полякова, Татьяна Юрьевна. Английский язык для диалога с компьютером.-Изд.3-е, стереотип.-М.: Высш.шк. 2005.-стр.165

20. Сақтағанова М.С., Алиева Н.Қ., Айтбаева Н.Қ. « Ағылшын тілін оқытудың әдістері», Білім, №3, 2006ж. 43-бет.

21. Тубышева Қ., «Модульдік оқыту техналогиясын ағылшын тілі сабақтарында қолдану», Оқыту – тәрбиелеу технологиясы, №4, 2007ж..35-36 беттер.

22. Эналеев, С. Триединство общей цели, Языковая политика, Казахстанская правда. – 2007.-16августа.-стр-6.

23. Зимняя И. А. //Психология обучения иностранному языку в школе//. М., Просвещение, 1991,С 97-102.

24. Сумин В. М. //Речевые ситуации на уроках иностранного языка. Иностранные языки в школе//, №6, 1993, С 10-12.

25.Олейник Т. Н. //Ролевая игра в обучении диалогической речи шестикласников. Иностранные языки в школе//, №1, 1999, С 16-17.

26.Верещагина, Рогова. //Методика обучения английскому языку на начальном этапе в общеобразовательных учреждениях//. М., 1998, С29-34

27.Зимняя И.А.//Игра и ее роль в психическом развитии ребенка//. «Вопросы психологии» №6. 1992, С 42

28.Эльконин Д. Б. //Психология игры//. М., 1978, С 80-93.

29.Комков И. Ф. //О некоторых методах начального обучения иностранным языкам в школе//, Государственное учебно-педагогическое издательство Министерства Просвещения БССР, Минск, 1987, С 54

30.Негневицкая Е. И., Шахнарович А. М.// Язык и дети//. Наука, 1981, С 67

31.Часнок С. С. //Ситуативно-игровое обучение иноязычному устному общению на начальном этапе средней школе.// МПИ им. Ленина, 1989, С 90






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет